Жиынтық пайдалылық – өнімнің жалпы көлемінің белгілі бір
бөлігін тұтынудан алынатын жалпы пайдалылық.
Жиынтық сұраныс – экономикада әртүрлі бағалар деңгейінде
өндірілген жиынтық өнім көлеміне экономикалық субъектілердің
жұмсайтын жиынтық шығындары.
Жиынтық ұсыныс – бағалардың әрбір деңгейінде ұсынылуы
(өндірілуі) тиіс тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі немесе
экономикада өндірілген нақты жалпы ішкі өнім көлемі.
Жұмыс күші – он алты жастан бастап және одан жоғары жастағы
жұмыс істейтін азаматтардың және жұмыссыздардың жалпы саны;
еңбекке жарамды барлық экономикалық жағынан белсенді халық.