Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке алатын
ақшалай нысандағы пайыздық қойылым.
Нарық – нақты тауарды немесе қызметті сатушы мен сатып
алушыны келістіретін тетік немесе институт.
Нарықтық жүйе – экономиканы құрайтын өнімдер нарығы
мен ресурс-тар нарығы және олардың арасындағы байланыстар;
шектел ген экономикалық ресурстарды осы нарықтарда қалыптасқан
бағалармен тиімді бөлуге мүмкіндік беретін, тұтынушылардың,
фирмалардың және ресурстар иелерінің қабылдай-тын шешімдері
және сол шешімдерді келісу туралы ақпараттарды қамтамасыз ететін
тетік.