Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет561/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   557   558   559   560   561   562   563   564   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Орташа жалпы шығындар
– фирманың жалпы шығындарының 
өндірілген өнім көлеміне қатынасы; орташа тұрақты және орташа 
өзгермелі шығындардың қосындысы.
Орташа өзгермелі шығындар
– фирманың өзгермелі шығын-
дарының өнім көлеміне қатынасы.
Орташа өнім
– ресурстардың бір бірлігіне шаққандағы өндірілген 
өнімнің жалпы көлемі. 
Орташа табыс
– өнімді сатудан түскен жалпы түсімнің өнім 
көлеміне қатынасы; жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімнің 
бағасына тең шама.
Орташа тұрақты шығындар
– фирманың тұрақты шығындары-
ның өнім көлеміне қатынасы.
Оукен заңы
– жұмыссыздықтың нақты деңгейінің толық 
жұмысбасты-лық жағдайындағы табиғи деңгейінен 1%-ға асып 
кеткенде нақты ЖІӨ-нің әлеуетті ЖІӨ деңгейінен 2,5%-ға қалып 
отыруын сипаттайтын қорытынды.
Өзара тәуелсіз тауарлар
– қандай да бір тауардың немесе 
қызметтің бағасы мен басқа бір тауардың немесе қызметтің сұраныс 
көлемі арасында ешқандай байланысты тудырмайтын игіліктер
мысалы, бір тауардың бағасы өскенде немесе төмендегенде екінші 
бір тауарға деген сұраныстың өзгеріссіз қалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   557   558   559   560   561   562   563   564   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет