Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет566/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   562   563   564   565   566   567   568   569   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Салыстырмалы артықшылықтар
– қандай да бір тауарды 
өндіруде басқа өндірушіге қарағанда салыстырмалы түрде ең аз 
шығын жұмсау принципі.
Сатып алушылық қабілетінің паритеті
– ұлттық валюталардың 
айырбас бағамдары олардың сатып алушылық қабілетіне тең 
болатынын сипаттайтын ереже; кез-келген екі валютаның айырбас 
бағамдарының нақты екі елдегі бағалар деңгейінің айырмашылық-
тарын көрсетуі.
Саяси іскерлік цикл
– сайлау науқаны кезінде салықтарды 
төмендету және мемлекеттік шығындарды арттыру жолымен және 
сайлау аяқталғаннан кейін салықтарды көтеру мен мемлекет тік 
шығындарды қысқарту арқылы үкіметтің экономиканы тұрақ-
сыздандыруға деген бейімділігі.
Соңғы өнімдер
– белгілі бір жыл аралығында қайта сату, қайта 
өңдеу үшін емес, соңғы пайдалану үшін сатып алынған тауарлар.


348
Стагфляция
– елде өндірістің құлдырауымен және жұмыссыз-
дықтың жоғары деңгейімен ұласатын инфляция; бағалар деңгейі мен 
жұмыссыздық деңгейінің бір уақытта көтерілуі.
Субвенция
(жәрдемқаржы) – мемлекеттің жергілікті билік 
органдарына беретін ақшалай жәрдемі, яғни ұлттық-мемлекеттік 
және әкімшілік-аумақтық ұйымдардың бюджеттерін мақсатты түрде 
қаржыландыру үшін тегін берілетін мемлекеттік қаражаттың тіркелген 
көлемі.
Субсидия
(көмекқаржы) – мемлекет жергілікті үкімет органда-
рына, заңды және жеке тұлғаларға немесе басқа мемлекеттерге 
мемлекеттік бюджет есебінен беретін көбінесе ақшалай нысандағы 
көмекқаржылары.
Сұраныс
– сатып алушының белгілі бір уақыт аралығында белгілі 
бір бағамен тауардың немесе қызметтің белгілі бір көлемін нарықта 
сатып ала алу қабілеті; төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   562   563   564   565   566   567   568   569   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет