Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет422/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Жұмыссыздықтың түрлері.
Экономикалық теорияда жұмыс-
сыздықтың кең тараған бірнеше түрлері орын алады. 
1. Еркін жұмыссыздық
(фрикциондық) – бұл адамның бір 
жұмыс орны-нан кетіп, басқа бір жұмыс орнына орналасуына дейінгі 
уақыт аралығын қамтитын уақытша қысқа мерзімді жұмыссыздық. 
Жұмыссыздықтың бұл түрі еңбек нарығының жетілмегендігімен, 
жұмыс орындары туралы ақпараттың болмауымен және басқа да 
техникалық себептерге байланысты түсіндіріледі.
2. Құрылымдық жұмыссыздық
– бұл сұраныстың құрылымында 
және өндірістің технологиясында болған өзгерістерден туындайтын 
ұзақ мерзімді мәжбүрлі жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі 
қандай да бір материалдық ресурстың жетіспеуінен, адамның жас-
жыныстық, ұлттық, біліктіліктік және басқа да жеке ерекшеліктеріне 
байланысты орын алады. Мұндай жағдайда еңбек бөлінісінің 
жылдам өзгеруіне байланысты ұсыныстың құрылымы еңбекке деген 
сұраныстың құрылымына сәйкес келмей қалуы мүмкін. Экономика 
дамыған сайын кейбір мамандықтарға сұраныс азаяды, ол ескіреді, 
ал оның орнына қоғам талабына сай жаңа маман иелеріне сұраныс 
арта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет