Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет423/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

3. Кезеңдік жұмыссыздық
(циклдік) – бұл өндірістің кезеңдік 
құлдырауынан туындайтын жаппай жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың 
бұл түрі ЖІӨ-нің үнемі ауытқып отыруымен байланысты. Дағдарыс 
кезеңдерінде жұмысбастылық деңгейі төмендейді, барлық маман 
иелері жұмыстан мәжбүрлі түрде қысқартылады, ал өрлеу кезеңдерін-
де жұмысбастылық деңгейі ұлғаяды.
4. Технологиялық жұмыссыздық
– бұл адамдардың еңбек күшін 
машинамен алмастыру нәтижесінде пайда болатын жұмыссыздық. 


256
5. Жасырын жұмыссыздық
– бұл өндірісте артық жұмыскерлер-
дің орын алуымен сипатталатын жұмыссыздықтың бір түрі. Көбінесе, 
бұл ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп салаларына және мемлекеттік 
қызметке тән құбылыс болып табылады.
6. Маусымдық жұмыссыздық
– бұл жыл мерзімдеріне бай-
ланысты экономиканың кейбір салаларында өндіріс көлемінің 
өзгеруінен болатын жұмыссыздықтың түрі. Мәселен, құрылыс 
саласының кейбір түрлері жұмысбастылықты жылдың белгілі бір 
мерзімдерінде ғана қамтамасыз ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет