Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері



Pdf көрінісі
бет426/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

13.2. Инфляция: мәні, пайда болу себептері, түрлері, 
әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Филлипс 
қисық сызығы. Инфляцияға қарсы саясат
Экономикалық құбылыс инфляцияның пайда болуын негізінен, 
қағаз ақшалардың шығуымен және оның қызметімен байланыс-
тырады. «Инфляция» термині латын тілінің «inflatio» сөзінен 


258
аударғанда «қампаю», «ісіну» деген мағынаны береді. Алғаш рет 
Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдары азамат соғысы кезінде 
пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі 
үдерісін білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда 
қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі 
ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, 
кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-шы жылдардың 
орта кезінде көрінді.
Инфляция
– бұл бағалардың жалпы деңгейінің өсуі нәтижесінде 
ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуі және оның 
құнсыздануын білдіретін көпфакторлы экономикалық құбылыс. 
Инфляцияға қарама-қарсы құбылысты, яғни бағалардың жалпы 
деңгейі мен шығындардың төмендеуін 
дефляция
деп атайды, ал 
бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеу құбылысы 
дезинфляция
деп 
аталады.
Бағалардың өсуі екі себептен туындайды – сұраныстың ұсыныстан 
артып кетуінен (сұраныс инфляциясы) және өндіріс шығындарының 
өсуінен (ұсыныс инфляциясы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет