Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет275/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

8.2. Шығындардың түрлері. Фирманың 
шығындарын барынша азайту мәселесі
Өндіріс шығындары 
– бұл фирманың өндіріс факторларын 
тартумен және оларды пайдаланумен байланысты әртүрлі жұмсалым-
дардың ақшалай көрінісі.
Фирманың шығындарына деген бухгалтерлік және экономикалық 
көзқарастар қалыптасқан. Фирма қызметіндегі капитал айналымы 
өткен уақытпен бағалануы мүмкін. Мұндай жағдайда шығындарды 
анықтаудың бухгалтерлік бағыты орын алады. 
Бухгалтерлік 
шығындар
фирма қызметінің нәтижесін шығарумен, айқын 
қалыптасқан шығындарды анықтаумен байланысты болып табылады. 
Сонымен қатар, капитал айналымы фирманың болашағы тұрғысынан 
да қарастырылуы мүмкін. Бұл кезде экономикалық шығындар пайда 
болады. 
Экономикалық шығындар
фирма қызметінде қолда-
ныла тын өндіріс факторларын алдағы уақытта балама жолдармен 
қаншалықты тиімді пайдалануға болатындығын көрсетеді.
Бухгалтерлік шығындарға амортизация, материалдық шығындар, 
еңбекақыға кеткен шығындар, әлеуметтік сақтандыру шығындары 
жатады және олар фирманың есеп берулерінде көрсетіліп айқын 
шығындар сипатына ие болады. Ал экономикалық шығындардың 
бухгалтерлік шығындардан басты айырмашылығы болып фирманың 
қарамағындағы құралдардың әртүрлі нұсқаларда қолданылуы 
табылады. Экономикалық шығындарға қатысты қарайтын болсақ, 
фирмада әрқашанда таңдау болады, яғни қолда бар қаржысын өндіріс ке 
салып қосымша пайда көре алады немесе сол қаржысын банкке салып 
одан пайыз түрінде де пайда таба алады. Бірақ бұл жерде капиталдың 
бірдей жұмсалуының нәтижелері әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтанда 
экономикалық есептеулер жүйесінде баламалы шығындар орын 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет