2. Нормативті экономикалық талдау – бұл қандай да бір елдің
экономикасы туралы субъективтік бағалауларды қарастыру негізінде
экономикалық саясатты іске асырудың кепілдемелері. Талдаудың бұл
түрі кезінде орын алатын субъективтік бағалаулар экономика үшін
қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.
Позитивті және нормативті талдаудың арасындағы айырмашылық
оларда субъективтік бағалаулардың орын алуынан көрінеді. Бұл
айырмашылықты дәлме-дәл көрсете білген ағылшын экономисі Джон
Невилл Кейнс (Джон Мейнард Кейнстің әкесі) болды. Оның ойынша,
позитивті экономикалық ғылым не бар деген сұраққа жауап береді. Ал
нормативті экономикалық ғылым экономика қандай болуы керек және
мақсаттарға жету үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздейді.
Экономикалық құбылыстар мен мәселелердің күрделілігі
экономикалық ғылымдардың жіктелуіне алып келеді. Олай болса,
экономикалық теория барлық экономикалық ғылымдарды үшке бөліп
көрсетеді: