Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері



Pdf көрінісі
бет34/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері:
1. Танымдық қызметі
– экономикалық заңдарды, құбылыстарды 
зерттеу және түсіндіру. Бұл қызметі арқылы экономикалық теория 
экономикадағы нақты құбылыстарды зерттей отырып, экономикалық 
үдерістер туралы жалпы ғылыми мағлұматтар беріп отырады.
2. Практикалық қызметі
– іс жүзінде зерттелген объектілерді 
қолданып, экономикалық саясаттың негізін жасау.
3. Болжамдық қызметі
– экономикалық дамудың жалпы ғылыми 
болжамын жасау.
4. Дүниетанымдық қызметі
– ғылыми тұрғыда қоғам өміріне 
қажетті экономикалық көзқарастар жүйесін құру.
5. Әдіснамалық қызметі
– барлық экономикалық ғылымдар үшін 
теориялық және әдіснамалық негіз жасау.
6. Сыншыл қызметі
– әртүрлі экономикалық теориялардың 
артықшылықтары мен кемшіліктерін ашып көрсету.
Сонымен, экономикалық теория ғылымының адамға, оның 
қажеттілігі мен мүддесіне, олардың шектеулі ресурстар жағдайында 
тиімді шешім қабылдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлетіндігіне 
көз жеткіздік. Экономикалық теория ғылымы адамдарды ең жақсы 
жағынан өмір сүруге ынталандырады және осы үшін тиімді 
экономикалық саясатты жүргізуді қарастырады. Жалпы экономикалық 
теория шаруашылық жүргізудің барлық түрлерін, қағидаларын
ережелерін, заңдылықтарын және ресурстарды тиімді пайдаланудың 
тиімді бағыттарын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет