1. Жалпыэкономикалық ғылымдар , оларға экономикалық
тарих, экономикалық ілімдер тарихы және басқа да ғылымдар кіреді.
2. Қолданбалы экономикалық ғылымдар , оның өзі екіге
бөлінеді: а) функционалдық экономикалық ғылымдар: қаржы,
несие, банк ісі, маркетинг, бухгалтерлік есеп және т.б., ә) салалық
экономикалық ғылымдар: ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау,
сауда, өнеркәсіп, т.б.
3. Біріктірілген экономикалық ғылымдар , оларға экономикалық
география, экономикалық құқық, экономикалық информатика,
математикалық экономика және басқалары жатады.
20
Кез келген ғылым сияқты экономикалық теория бірнеше
қызметтерді атқарады. Экономикалық теорияның экономикалық
ғылымдар жүйесіндегі рөлін ескере отырып, оның төмендегідей
қызметтерін бөліп көрсетуге болады.