1. Атаулы ЖІӨ
–
ағымдағы нарықтық бағалармен есептелетін
ЖІӨ-нің деңгейі.
2. Нақты ЖІӨ
–
бағалар деңгейінің шамасын (инфляция және
дефляция) есепке ала отырып түзетілген немесе тұрақты бағалармен
есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі.
Осыған байланысты ЖІӨ дефляторы төмендегі формуламен
есептеледі:
ЖІӨ дефляторы = атаулы ЖІӨ / нақты ЖІӨ.
Сәйкесінше:
Нақты ЖІӨ = атаулы ЖІӨ / ЖІӨ дефляторы.
Біздің мысалымызда, 2012 жыл үшін атаулы ЖІӨ деңгейі 64
долларға тең, ал ЖІӨ дефляторы – 128, онда нақты ЖІӨ 50 долларға
тең болады.
Нақты ЖІӨ ұлттық экономиканың даму деңгейін аса нақты түрде
есептей алады.
Достарыңызбен бөлісу: |