200
(потребительская корзина) деп атайды. Тұтыну себеті адамдардың
қажеттіліктерін қанағаттандыратын және олардың өмір сүруінің негізі
болып табылатын бірінші қажеттіліктегі ең маңызды заттарды есепке
алады. Мәселен, АҚШ-та ТБИ тұтыну себетінің құрамына кіретін
300-ден астам тауарлар мен қызметтердің бағаларын есепке алады.
ТБИ-дың ЖІӨ дефляторынан басты айырмашылығы мынадан
көрінеді, яғни ТБИ нарықтық тұтыну себетінің құрамын тұрақты,
өзгермейді деп болжайды. Жылдан жылға тауарлар мен қызметтердің
құрылымы өзгеріссіз қалады. Ал ЖІӨ дефляторы нарықтық тұтыну
себетінің құрамы жылдан жылға өзгеріп отырады деп болжайды.
Бірақ, біз белгілі бір дәрежеде бағалар индексінің салыстырмалы
көрсеткіштер болып табылатындығын және ЖІӨ дефляторының да,
ТБИ-дың да өзіне тән кемшіліктерінің бар екендігін айтып өткеніміз
жөн.
Достарыңызбен бөлісу: