жан басына шаққандағы ЖІӨ, таза
экономикалық әл-ауқат
және
ұлттық байлық
деген көрсеткіштер
тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін, экономикалық өсудің
жағымды жақтарын, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін
сипаттай алады.
10.4 Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі
ЖІӨ және ҰТ сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер ақшалай
көрсеткіштер болғандықтан, олардың көлемі елдегі бағалар деңгейіне
тәуелді болып табылады. Өндіріс көлемінің шамасын анықтау үшін
индекс түрінде көрінетін бағалар деңгейінің қандай екендігін білу
қажет.
Бағалар индексі
– бұл осы жылдағы (ағымдық) тауарлар мен
қызметтердің белгілі бір жиынының (тұтыну себеті) жиынтық бағасы
мен өткен жылғы (базистік) тауарлар мен қызметтердің сондай
тобының жиынтық бағасы арасындағы арақатынас.
Достарыңызбен бөлісу: |