Ҥшінші тарау бойынша сҧрақтар мен тапсырмалар
Оқыту принциптері дегеніміз не?
Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский оқыту принциптерін қалай қарастырды?
Табиғатқа сәйкестілік принципінің мәні.
Саналылық және белсенділік принципінің мәні неде?
Кӛрнекілік принципінің принципінің мәні неде?
Ғылымилық принципінің мәні неде?
Жүйелілік және бірізділік принципінің мәні неде?
Теорияның практикамен байланыс принципінің мәні неде?
Түсініктілік және шамаға лайықтылық принципінің мәні неде?
Оқыту прициптерінің ӛмірде жүзеге асырылуын кӛрсет.
Оқыту принциптерін жүзеге асыру ережелерін кӛрсет және оған мысалдар келтір.
Оқытуда білім алушылардың дербес ерекшелігін есепке алу принципі.
Білім, біліктілік , дағдыларды игеруде беріктік принципі.
Оқыту принциптерін жүзеге асыру жолдары.
Ҥшінші тарау бойынша пайдаланған әдебиеттер тізімі
Подласый И.П. Педагогика. М., 2003.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. — М.: Народное образование, 1998.
Сластенин В.А. Педагогика профессионального образования, М.: Академия, 2004.
Громкова М.Т. Педагогика образования взрослых. - М., 1995.
Гапонов П.М. Лекция в высшей школе. - Воронеж: Издательство Воронежского университета, 1977.
Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. - М., 1995.
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика, 1989.-190с
Ильина Т.А. Развитие концепций педагогической технологии в современной дидактике за рубежом // Хозяинов Г.И. Формирование дидактической теории. — М.: Знание, 1984.
Подласый И.П. Как подготовить эффективный урок. Киев. 1989.
Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Алматы, 1993.
Куписевич Ч. Основы общей дидактики. М.,1986.
Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М.,1981.
Жайтапова А.Ә. Халыкаралық педагогикадағы жаңа үрдіс: нәтижеге бағытталған білім беру.// Білім берудегі менеджмент.- 2004.- №4.- 3-23б.
Окомков О. П. Современные технологии обучения в вузе: их сущность, принципы проектирования, тенденции развития // Высшее образование в России. 1994. № 2, 7.
Педагогика: педагогические теории, системы, технологии: Учеб.пособие для студ.сред.пед.учеб. заведений
/С.А.Смирнов, И.Б.Котов, Е.Н.Шиянов, Т.И. Бабаева и др.; Под ред С.А.Смирнова. -2-е изд.,испр. и доп.- М.: Издательский центр «Академия», 1999.-5446.
Хуторской А.В. Определение общепредметного содержания и ключевых компетенций как характеристика нового подхода к конструированию образовательных стандартов
//Политика в образовании. 2002.
Френе С. Избранные педагогические сочинения / Пер. с.франц. М.: Прогресс, 1990.- 304с.
Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004
Жадрина М.Ж. Подход к построению технологии развития жизненных навыков и компетенций.-//Открытая школа.-
№2.-2005.-3-7 б.
Татур Ю.Г. Компетентность в структуре модели качества подготовки специалистов // Высшее образование сегодия. - 2004. - № 3.- с. 20-26
Равен Дж. Компетентность в соврменном обществе: выявление, развитие и реализация / Пер.с анг. - М., 2002.- С.48.
Якиманская И.С. Методология ЛОО//Построение модели ЛО школы.
Шамова Т.И. , Тюлю Г.М. Педагогическая инноватика, М.,2001.
Степанова Е.Н. Личностно-ориентированный подход в работе педагога:
разработка и использование /Под ред. Е.Н. Степанова.- М.: ТЦ Сфера,
2004.-128 с.
ІV. КОЛЛЕДЖДЕРДЕ, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ПЕДАГОГИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
1. Қазіргі оқытуды ҧйымдастырудың формалары, олардың әртҥрлілігі мен дамуы
Білім берудің теориясы мен практикасында кӛптеген формалар жинақталған. Форма (латын сӛзі «forma» – сыртқы бейнесі, сыртқы кӛрінісі дегенді береді) – бұл белгілі бір мазмұнның сыртқы бенеленуі. Ежелгі заманда педагог бір білім алушымен жеке айналысқан, сондықтанда оқытуды жеке ұйымдастыру – ең ежелгі форма болып табылады.
Қоғам қажеттіліктерінің ӛзгеруіне байланысты жекелей-топтық формасы пайда болды. Жекелей-топтық форманың дамуының кӛрінісі ретінде сынып-сабақ жүйесі енгізілді.
Дальтон-план формасы АҚШ-та кең таралып, сабақтар кітапханада жекеше арнайы тапсырмалар арқылы жүргізілді.
Сабақты ұйымдастырудың Бригадалық-зертханалық әдісінде білім алушылар бирагадаларға немесе топтарға бӛлініп, педагог берген тапсырмалармен бірігіп жұмыстанады. Педагог алдымен кіріспе сабақ ӛткізіп, содан соң бригадалар ӛз бетімен жұмыстанады. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларға кеңес алуға болады.
Жобалау әдісі – білім алушылар педагогтің басқаруымен белгілі бір жоба тақырыбын таңдап, осы жобаның айналасында танымдық қызметті жүзеге асырады.
Жоғарыда келтірілген әдістердің барлығының кемшіліктері де бар, сондықтанда олар үнемі әрі қарай жетілдіріліп дамытылмады.
Трамп жоспары – бұл оқытуды ұйымдастырудың үш формасын: жеке, топтық және бұқаралықты біріктіреді. Бұл форма негізінен жеке мектептерде кең қолданылады.
Кеңестік мектептерінде негізінен сынып-сабақ формасы кең таралған болатын.
Оқытуды ҧйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және мезгілде жүзеге асырылатын оқытушы мен білім алушылардың біолескен іс-әрекетінің сыртқы кӛрінісі. Олар әлеуметтік тұрғыда шартты, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болып жетілдіріліп отырылады.
Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі ӛлшемдер бойынша жіктеледі:
білім алушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жеке;
оқу орнына қарай: аудиторияда және аудиториядан тыс формалар;
колледждегі, ЖОО-ғы оқыту формалары: дәріс, семинар, практикалық және зертханалық сабақтар, СОӚЖ, СӚЖ, т.б. жұмыс;
оқыту уақытының ұзақтығына қарай: кредиттік жүйеде (50 минут), сызықтық жүйеде қосарланған сабақ (80-90 минут), әр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.
Білім берудің даму тарихында әр түрлі оқыту жүйесінде оқыту формасының біреуі басымдықта қолданылды: жекелік-топтық (орта ғасыр мектептерінде), ӛзара оқыту (Англиядағы белланкастер жүйесі), білім алушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту (мангеймдік жүйе), бригадалық оқыту (совет мектебінің 20- шы жылдары), американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% - үлкен топтарда (100-150 адам), 20% - кіші топтарда, және 40% - жеке оқуға бӛлінді.
Дүние жүзінде ең кӛп тараған оқытудың сынып-сабақ жҥйесі болды. Ол ХVІІ ғасырда пайда болып, міне үш ғасырдан астам уақыт бойы дамып келеді. Оның сұлбасын неміс педагогы И.Штурм (1537-1582жж.) жасады ал, Я.А.Коменский (1592- 1670жж.) оның теориялық негізін салып, практикада жүзеге асырды.
Оқытудың сынып-сабақ формасының ерекшеліктері: шамамен бір жастағы және даярлық деңгейі бірдей білім алушылардың тұрақты құрамы; әрбір сынып ӛзінің жылдық жоспарына сәйкес жұмыс істейді (оқытуды жоспарлау); оқыту үрдісі жекеленген ӛзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бӛліктер (сабақтар) түрінде жүзеге асырылады; әрбір сабақ тек бір пәнге арналады (монизм); сабақтардың тұрақты түрде ауысып отыруы (сабақ кестесі); педагогтің жетекші ролі (педагогикалық басқару); білім алушылардың танымдық іс-әрекетінде әр қилы түрлерді және формаларды қолданады (іс-әрекеттің вариативтілігі).
Оқытуды ұйымдастырудың сынып-сабақ жүйесінің негізгі компоненті – сабақ болып табылады. Сабақ – бұл аяқталған мәндік, уақыттық және ұйымдастырушылық қатынастағы оқыту үрдісінің кесіндісі (кезеңі, буыны, элементі).
Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар:
ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың озат тәжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тәрбие үрдісінің заңдылықтарының негізінде құру;
сабақта барлық дидактикалық принциптерді және ережелерді тиімді арақатынаста жүзеге асыру;
білім алушылардың қызығушылықтарын, ынталарын және сұраныстарын ескере отырып ӛнімді танымдық іс-әрекетке қажетті жағдайды қамтамасыз ету;
білім алушылар ұғынатын пәнаралық байланысты орнату;
бұрыннан оқылған білімдермен және іскерліктермен байланыс, білім алушылардың даму деңгейіне сүйену;
тұлғаның барлық аясын дамытуды ӛзектендіру және белсендету;
оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінің логикалық байланысы және эмоционалдылығы;
педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;
ӛмірмен, ӛндірістік іс-әрекетпен, білім алушының жеке тәжірибесімен байланыс;
практикаға қажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды, ойлауды және іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін қалыптастыру;
оқи білу іскерлігін, тұрақты түрде білім кӛлемін толтыруға деген сұранысын қалыптастыру;
әрбір сабақты тиянақты диагностикалау, болжау, жобалушы және жоспарлау.
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
әрбір сабақтың білім беру мақсатын дәл анықтау;
сабақтың ақпараттылығын реттеу, әлеуметтік және жекелік сұраныстарды ескере отырып тиімді мазмұнды таңдау;
танымдық іс-әрекеттің жаңа технологияларын енгізу;
оқытудың әр қилы түрлерін, формалары мен әдістерін тиімді ұштастыру;
сабақтың құрылымын қалыптастырудағы шығармашылық ыңғай;
білім алушылардың әр түрлі ұжымдық іс-әрекетінің формаларын дербес іс-әрекетімен ұштастыру;
жедел кері байланысты, әрекетті қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;
сабақты ӛткізудегі ғылыми есеп және шеберлік.
Сабаққа қойылатын тәрбиелеушілік талаптар:
сабақтағы іс-әрекеттің, оқу материалының тәрбиелеушілік мүмкіншіліктерін анықтау;
оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан ғана шығатын тәрбиелік міндеттерді қою;
білім алушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұқыптылықты, жауапкершілікті, зейінділікті, ұжымшылығы, т.б. қалыптастыру;
білім алушыларға зейінді және сезімталдық қатынас, олармен ынтымақтастықта жұмыс істеу;
Сабаққа қойылатын дамытушылық талаптар:
оқу-танымдық іс-әрекеттің оң мотивін, қызығушылықты, шығармашылық бастамашылықты және белсенділікті қалыптастыру;
білім алушылардың даму деңгейін және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және есепке алу;
сабақтарды «озу» деңгейінде жүргізу;
білім алушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау;
Осы талаптардан басқа сабаққа мынадай да талаптар қойылады: ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық- гигиеналық, этикалық т.б.
Сабақты жіктеудің негізіне оқу мақсаты, оны ӛткізудің әдісі немесе оқыту үрдісінің құрамдас буындары жатады. Осыған қарай сабақтың әр түрлі типтері ажыратылады.
Танымдық іс-әрекеттің кезеңдеріне қарай сабақтың типтері:
кіріспе сабақтар
материалмен бастапқы таныстыру сабақтары
ұғымдарды қалыптастыру, заңдарды орнату сабақтары
алған білімді практикада қолдану сабақтары
дағдылар сабағы
жалпылау және қорытындылау сабақтары
бақылау сабақтары
аралас сабақ.
Оқу орыны тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор.
Оқыту әдістеріне қарай сабақтың типтері:
сабақ-әңгіме
сабақ-дәріс
кино сабағы
зертханалық сабақ
әртүрі іс-әрекет сабағы.
Дидактикада сабақты жіктеуді анықтауға айрықша маңыз беріледі. Сол себептен әрбір педагог сабақтың жіктелуін ойдағыдай білуі шарт.
Дидактикалық міндеттерге қарай сабақтың типтері:
білім алушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы;
іскерлікті және дағдыны қалыптастыру сабағы;
білімді жалпылау және жүйелеу сабағы;
қайталау, бекіту немесе білімді, іскерлікті, дағдыны кешенді қолдану сабағы;
бақылау-тексеру сабағы;
аралас сабақ.
Сабақтың қҧрылымы – оқу міндеттерін орындауға септігін тигізетін сабақтың бӛліктерінің, кезеңдерінің ӛткізілуінің арақатынасы және бірізділігі. Оқу сабағының типіне қарай оның белгілі бір құрылымы жасақталды.
Сабақтың негізгі элементтері:
Сабақтың басталуын ҧйымдастыру бір минуттан бірнеше минутқа созылды және оның дербес бӛлігі ретінде ӛткізіледі. Сабақтың басында іскер және дұрыс талап қою бүкіл сабақтың сәтті ӛтуіне септігін тигізеді. Ұйымдастырушылық бӛлімінде бәрі маңызды: педагог сабаққа қалай кіреді, ӛзіне деген сенімі, сӛйлеуі, ӛзін ұстау қалпы, талаптарды орынды қоюы және білім алушыларға деген шынайы ықыласы, сыйластығы.
Оқыған материалдың меңгеруін тексеру (әдетте үй тапсырмасы), оның мәнін тексеру және қадағалау, сонымен бірге жаңа материалды меңгеруге даярлау болып табылады. Педагог білім алушылардың зейінін үй тапсырмасын орындауға негіз болған басты идеяларға, ережелерге, т.б. аударады. Үй тапсырмасын бәрі орындаған, орындамағанын анықтайды, қандай қиыншылықтар кездескенін біледі.
Сабақтың мақсаттарын және міндеттерін қою. Сабақтың нақты міндеттерін және оны жүзеге асырудың жолдарын ұғыну
педагог пен білім алушылардың іс-әрекетін анықтығын, жүйелілігін және бірізділігін қамтамасыз етеді. Мақсат пен міндеттерді қою әдетте кӛп уақыт алмайды, бірақ ол оқу іс-әрекетіне бағытталғандық береді және үлкен тәрбиелік әсері болады.
Тҥсіндіру – оқу материалының мазмұнын ғылыми баяндау. Білім алушыларға жаңа материал түсінікті болу үшін педагог ғылыми дәлелдерді, білім алушыларда бар білімге сүйенуді, анық және түсінікті баяндауды жүзеге асыруы керек.
Бекіту жаңа материалды түсіндіріп болғаннан кейін жаттығулардың, дербес жұмыстардың, арнайы тапсырмалардың жүйесі арқылы оқылған материалдың бастысына, сүйенетін идеясына білім алушылардың назарын аудартады, теориялық қағидаларды оқу іс-әрекетінің практикасымен байланыстырады. Бекіту арқылы педагог білім алушылардың материалды меңгергені туралы ақпарат алады.
Қайталау. Оқу материалын тақырып, бӛлімдер, курс бойынша жүйелеу, жалпылау, қайта айту. Мұнда оқу материалындағы күрделісі негізгі идеяларды бӛліп шығару және жаттығулар мен тапсырмаларды таңдау болады.
Сабақтың нәтижесін шығару, қорытындылау. Сабақтың ӛтілу барысына, білім алушылардың жұмысына қысқаша баға беру, оқығанның басты идеясын еске салу.
Ҥй тапсырмасы. Педагог үй тапсырмасын хабарлайды, қысқаша орындалу жолын түсіндіреді. Үй тапсырмасын орындау туралы нұсқау анық, қысқа, бірізділікпен берілуі қажет.
Оқу міндетіне және мазмұнына қарай сабақтың бӛліктерінің ара-қатынасы ауысып отырады. Сабақтардың әртүрлі типтерінің құрылуында ерекшеліктер пайда болады.
Жаңа білімді меңгеру сабақтарының қҧрылымы мынадай элементтерден тұрады: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсаттары және міндеттері; жаңаны түсіндіруге даярлық жұмыс (үй тапсырмасын тексеру, бұрыннан оқығанды қайтадан айту, т.б.); түсіндіру; сабақты қорытындылау және үй тапсырмасы. Басты бӛлімі – түсіндіру, бекіту қосымша роль атқарады және диагностикалық мақсатты жүзеге асырады. Педагог білім алушылардың жаңа білімді қалай меңгергендігі туралы ақпарат алады.
Бекіту сабағының қҧрылымы: сабақтың бастауын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын және міндеттерін қою; бекіту;
қорытындылау және үй тапсырмасы. Сабақтың басында әрбір білім алушының жұмысқа даярлығын тексеру керек. Мақсатты қою барысында педагог негізгі қағидалар мен ережелерді еске салады, себебі олар практикалық оқу іс-әрекетіне негіз болады. Үй тапсырмасын тексеруді бекітумен байланыстырған дұрыс. Сабақтың негізгі бӛлімі – практикалық тапсырмалар, проблемалық жағдаяттар мен сұрақтарды шешу, жаттығуларды орындау, дербес жұмыстар. Жаттығуларды дұрыс таңдау үлкен роль атқарады, олардың қиындығы бағдарламаның, стандарттың талабына сай болғаны абзал.
Жалпылау немесе қайталау сабағының қҧрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын және міндетін қою; оқу материалын жалпылау және жүйелеу; сабақтың қорытындысы және үйге тапсырма.
Бұл сабақтың ерекшелігі және күрделілігі мынада: оқу материалының шеңберін дәл анықтау, негізгі ұғымды, ережені, идеяны, шебер бӛлу, сәйкесті жаттығуларды таңдау. Қайталауда сабақтың тәрбиелеушілік жағына үлкен мән беріледі. Мұнда оқу материалы кӛп дәрежеде қызықты фактілермен, оқиғалармен, сезімдермен тығыз байланысты. Бұл сабақтың ерекшелігі педагог аз түсіндіреді де кӛбіне білім алушылардың танымдық іс-әрекетін басқарады.
Аралас сабақтың қҧрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; үй тапсырмасын тексеру; сабақтың мақсатын және міндеттерін қою; жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру. Сабақтың бұл типі бүкіл элементтердің комбинациясын құрайды. Әрбір бӛлімі басқалардың арасында тең бағалы мәні бар. Сабақтың осы типі бастауыш мектепте жиі қолданылады.
Қадағалау сабағының қҧрылымы: тексерудің мақсатын түсіндіру және жұмысты ұйымдастырудың нұсқауын беру; бақылау тапсырмасының мазмұнымен және оны орындаудың тәсілімен таныстыру; білім алушылардың дербес жұмысы; сабақтың нәтижесін бастапқы қорытындылау. Сабақтың басы нұсқаудан және білім алушылардың жұмысқа даярлығын тексеруден басталады. Бірден бақылау жұмысының сипатын айтып, қандай білімдер, қандай тақырыптар тексерілетіні хабарланады. Педагог білім алушыларға ойлау іс-әрекетінің жолдарын кӛрсетеді: теориялық талдауды қалай қолдануға болатындығын, теорияны
практикалық жұмыспен байланыстыруды, ӛзін-ӛзі қадағалаудың тәсілдері т.б. Әдетте үй тапсырмалары берілмейді. Бірақ әдебиет тізімін, іздеушілік сипаттағы тапсырмаларды беруге болады.
Оқытуды ҧйымдастырудың дәстҥрлі емес формаларының пайда болуы және оларды талдау
ХХ ғасырдың 80 жылдарында түсіндірмелі-иллюстративтік оқытудың тұтқасы – сыныптық-сабақтық жүйе қоғамның жаңа талаптарына сай болу үшін жетілдіруді талап ететіні белгілі болды. Осы жүйені модернизациялау кезінде дәстүрлі емес сабақ пайда болды. Онда білім алушыларды белсенді позицияға қойып, сабақты даярлап ӛткізуде іс-әрекетке қосып, ойындық, жағдайды шешушілік, жарыстық функцияларды жүзеге асырады.
Дәстүрлі емес сабақты ӛткізуде мынадай сұрақтар пайда болды: жалпы сабақтар жүйесінде алатын орны, функциясы, оны таңдап алу шарттары, қойылатын талаптары қандай, мұндай сабақтарды талдау немен ерекшеленеді т.б.
Дәстҥрлі емес сабақ – бұл орнатылмаған құрылымы бар импровизациялық оқу жұмысы.
И.П.Подласыйдың, Г.К.Селевконың т.б. еңбектерінде дәстүрлі емес сабақтардың 30 астам түрі келтірілген.
Сабақтың дәстҥрлі емес технологиясына жататындар:
пәнаралық байланысқа негізделген интегралды сабақтар;
жарыс және ойын формасындағы сабақтар: байқау, турнир, іскер немесе ролдік ойындар;
қарым-қатынастың кӛпшілік формаларын имитациялау сабақтары: пресс-конференция, аукцион, ауызша журнал т.б.;
мемлекеттің және ұйымдардың іс-әрекетін имитациялауға негізделген сабақтар: сот, парламенттегі дебаттар;
қоғамдық-мәдени шараларды имитациялаудың сабақтары: ӛткенге сырттай экскурсия, жорық, әдеби серуен;
сабақтан тыс дәстүрлі формаларды сабақ шеңберіне енгізу, кӛңілділер, тапқыштар клубы, «Не? Қайда? Қашан?», инсценировка.
Дәстүрлі емес сабақтар қандай дидактикалық міндеттерді шешуде қолдануға болады деген сұраққа, іскерлікті және дағдыны қалыптастыруға, білімді жалпылау және жүйелеуге, қайталау және бекітуде, бақылау-тексеруде қолдануға болады деген қорытынды жасаймыз. Ал, интегралды және конференция сабақтары арқылы жаңа білім меңгеру міндетін де шешуге болады. Сонда дәстүрлі
емес сабақтар оқытудың басты формасы – дәстүрлі сабақтардың функцияларын атқарып, оның кӛмекші формасы болады.
Дәстүрлі емес сабақтың түрін таңдап алғанда тақырыптың мазмұнын, білім алушылардың даярланғандық дәрежесін, материалдық базаны, педагогтің мүмкіншілігін, оқулықтардың, кӛмекші оқу құралдарын т.б. есепке алу керектігін тәжірибе кӛрсетті.
Кӛптеген қазақ оқу орынытерінде жұмыстың топтық формасы бар сабақтарды, театрландырылған, ойын сабақтарын ӛткізуге жағдай жоқ. Ӛкінішке орай, біраз білім алушылардың білім деңгейінің тӛмендігі іскер ойындар, шығармашылық, «сот» т.б. сабақтарды ӛткізуге қолбайлау болып отыр. Зерттеу, түпдеректі талдау, бинарлық (қосарланған( сабақтарды ӛткізейін десе оқулық, қосымша оқу құралдары жетіспейді.
Дәстүрлі емес сабақтарға дидактикалық, тәрбиелеушілік, дамытушылық, ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық т.б. талаптар қойылады. Кейбіреулерін кӛрсете кетелік:
білім алушылардың қызығушылығын, ықыласын т.б. ескере отырып дәстүрлі емес сабақты ӛткізуге қажетті жағдайды қамтамасыз ету;
білім алушының барлық аясын дамытуға себептендіру және белсендету жұмысын жүргізу;
дәстүрлі емес сабақта жедел кері байланысты, пәрменді қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;
педагогикалық әдепті сақтау, білім алушылармен қарым- қатынасты, бірге іс-әрекет жасауды жоғары дәрежеде жүргізу;
білім алушылардың дамуында жаңа сапалы ӛзгерістерді жүзеге асыруды стимулдау.
Дидактикада сабақты талдаудың әдістемесі баршылық.
Дәстүрлі емес сабақтар үшін, әрине, арнайы сабақ талдаудың схемасын жасаудың қажеті жоқ. Біздің пікірімізше, бар схеманың бӛлімдерін тереңдетіп, жан-жақты қолданса жеткілікті. Дәстүрлі емес сабақтарды талдағанда жалпы сұрақтармен бірге мына сұрақтарға жауап алудың қажеті бар сияқты:
сабақты даярлауға білім алушылардың қатысуы, белсенділігі;
қолданылатын жадығаттың қызығушылық, еліктеушілік әдеттен тыс дәрежесі;
білім алушылардың танымдық іс-әрекетін стимулдаудың тәсілдері, жолдары қандай болды;
сабақ барысында білім алушыларды толықтыруға, түзетуге, рецензиялауға т.б. қаншалықты қатыстырылғандығы.
Осы орайда тӛмендегі мәселелер ескерілуі тиіс:
оқу мазмұнының танымдық бағытталғандығы;
сабақтың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарының дұрыс қойылуы;
сабақтың мақсатына, мазмұнына сәйкесті түрін, құрылымын, оқыту әдістерін талдау;
оқытудың педагог мен білім алушылардың диалектикалық ӛзара байланысы екені туралы ұғымды білдіретіндігі;
білімді меңгеру үрдісінің құрылымын, яғни қабылдау, түсіну, ұғыну, жинақтау, бекіту, қолдануды жүзеге асыру;
проблемалық оқытуды сабақта іске асыру жағдайлары;
сабақтың әртүрлі кезеңдерінде білім алушылардың фронтальды, топтық және жеке жұмысына қатынасы;
сабақта оқыту мен тәрбиелеу ұстанымдарының орындалуы.
Топтармен жұмыс істеу кезіндегі сабақ оқытушылардың әбден үйреніп кеткен дәріс түрінде жүргізілетін сабақтардан мүлде ӛзгеше болады. Топтармен жұмыс істеудің қалыптасқан сабақ түрінен айырмашылығы:
Студенттер сабаққа белсенді қатысады. Оқытушы барлық жұмысты жүргізіп жатқанда, олар енжар қалыпта қалмай, тапсырманы орындау үстінде болады.
Студенттер жұмысқа ӛздерінің жолдастарымен бірлесе кіріседі. Сол топтың мүшесі есебінде ол да басқалардың ойы мен пікірлерін талқылауға құқылы болады. Олар бір-біріне сұрақ қояды, түрлі пікірлерін айтады, біріне-бірі қол ұшын беруге үйренеді.
Кӛптеген студенттер бұл тәсілден ӛзіне қажетті пайда алады:
талантты білім алушылар топтың кӛңілін аудармай-ақ ӛздерінің қабілеттерін кӛрсете алады;
топтарда жұмыс істеген уақытта студенттер ӛздерін еркін сезінеді. Бұрын топта байқалмайтын студент тұйыққа тірелген жағдайда ӛзінің білімін кӛрсету мүмкіндігіне ие болады. Шағын топта студент ӛзінің ешкімнен кем емес екенін, топтағы студенттердің бұның да ой-пікіріне құлақ қойып бағалайтынын кӛреді;
топтармен жұмыс істеу жүйесі ұяң студенттерге де кӛп пайда береді.
Топта жұмыс істей отырып, ондай жастар сенімділікке тәрбиеленеді. Олар отыз адамның кӛз алдында тұрғаннан гӛрі 3-4 студенттен құралған топта ӛздерін еркінірек сезінеді.
Топтарда жұмыс істеуге дайындықты қалай бастау керек? Топтарда жұмыс істеу әдісін сабақ барысында қолданғысы келетін бір не бірнеше әріптестер тауып алудан бастаңыз. Бәріңіз жинала отырып, сабақ жоспарын, топтарға бӛлуді және білім алушыларды шағын топтармен жұмыс істеуге дайындау мәселелерін талқылаңыз.
Студенттер нені ҥйрену керек?
Топтарда жұмыс істеу барысында студенттер қандай дағдыны үйреніп, қандай білім алу керектігін нақты белгілеуі шарт. Мақсаты не? Осы мәселені меңгеруі студентке не береді? Жүзеге асырылатын нәрсе не? Сол мақсатқа жетуге арнап қанша уақыт бӛле аласың?
Жоба жасағанда қандай мәселелерге кӛңіл аударған дҧрыс:
Уақыт. Топтардағы жаттығуларды қалай жүргізетініңді анықта. Ең дұрысы – тапсырманы түсіндіруден бастау, содан соң топтарда жұмыс жасалады да, ең соңында барлығын қорытумен аяқтау.
Орын. Топтарда жұмыс істеу топты сабаққа дайындауға да ӛзгерістер енгізуді талап етеді. Тӛмендегі мына мәселелерді әрқашан есте сақтау керек: топ немен айналысады; студенттер бӛлменің ішінде еркін жүретіндей болуы керек; топ мүшелері бірін- бірі тыңдай алатындай, кӛре алатындай болсын; материалды студенттерге таратып берген дұрыс; басқа да ғылыми оқу құралдары қол жетер жерде болсын.
Жазбаша нұсқаулар. Студенттер тапсырмамен оның орындалу жолын түсінуі де осыған байланысты.
Нұсқау:
барлық студенттерге түсінікті тілмен жазылуы қажет.
тапсырма берілген парақпен қосып немесе бірнеше дана етіп беріледі.
студенттер педагогтің кӛмегінсіз- ақ орындай алатыны анық және жан-жақты қымталған болуы шарт. Қандай нәтижеге алып келетіні анық кӛрсетілсін.
Топта жұмыс істеу шеберлігі. Топтармен күрделі болған сайын, студенттердің бірлесе жұмыс істеу деңгейі де жоғарлай түсуі тиіс. Мүмкін, топтардағы араласа жұмыс істеу шарттарын меңгеруге кӛп уақытыңды жебересің. Жоғарғы оқу орындарында алғашқы айларда ережелерді игеріп, кейін оның орындалуын меңгеруге болады. Сонда ғана студенттер шағын топтарда жұмыс істей отырып, щығармашылық тапсырмаларды тиімді шеше алада.
Қарым-қатынастың негізі: студенттер ӛздерін қалай ҧстау керек?
Топ мүшелерінің міндеттері: жолдастарының айтқанына құлақ қою қажет; жұмысқа барлығының қатысуы міндетті; кӛмек керек болса, ұялмай сұрау керек; ӛтініш білдірген жанға міндетті түрде кӛмектесу қажет. 2. Әркім ӛзіне берілген тапсырманы орындайды (топ жетекшісі - басшы, ереженің сақталуын бақылайды; баяндамашы – хатшы, қорытынды жасаушы, уақытты бақылаушы, т.б.). 3. Тапсырманы бере отырып оқытушы студенттердің күшті және әлсіз жақтарын ескеру қажет.
Студенттерді топтарға қалай бӛлуге болады?
Шағын тапсырмалар үшін 4-5 адамнан тұратын топ тиімді болады. Егер жаттығуларды іштей бӛлшектеуге болатын болса, ондай күрделі тапсырмаларды үлкен топтар орындайды. 3-4 адамнан құралған топ, әдетте мазасыздау болады, ал екі адам бірлесе отырып орындайтын жаттығулар үшін таптырмайды. Топтың құрамы білім деңгейлеріне қарай әр түрлі болғаны дұрыс.
Жеке жҧмысты қалай бақылауға болады?
Топтағы жұмыс аяқталғаннан кейін, әрбір студент толтыруға міндетті болып табылатын нәтижелер жазылған қағазды тексеруге болады. Нәтижесі кӛрсетілген бұл қағаз арқылы оқытушы әр студентке баға береді. Білім деңгейінің ӛсуін кӛрсетеді. Сұрақтар студенттерге ӛздерінің нені үйренгенін және қандай кӛзқарастар қалыптастырғанын бақылауға жағдай жасайды. Сабақ соңында студенттермен бірлесе отырып, қандай жаңа білім алғанын, қандай нәтижелерге жеткенін талқылаймыз.
Топтарда жҧмысты қалай жҥргізу керек?
Сабақ алдында материалдарды дайындап, орындықтарды орналастыр.
Қысқаша түрде сабақтың тақырыбын талда.
Студенттерді топтарға бӛл.
Материал тарата отырып, тапсырманы анықта.
Нұсқауларды барлығының түсінігіне кӛзіңді жеткіз.
Тапсырманы орындауға қажетті уақытты белгіле.
Топ ӛкілдерінен еңбектің нәтижесін айтып беруді сұра.
Тапсырманы топпен отырып талда.
Бүгінде оқытуды ұйымдастырудың мынадай қосымша формалары бар: оқытудың жекелік формасы; пәндік үйірмелер; топсеруен; факультативтер; кеңес; қосымша сабақтар; үй тапсырмасы;.
Достарыңызбен бөлісу: |