Екінші тарау бойынша сҧрақтар мен тапсырмалар
Білім және оның мазмұны туралы түсінік бер. Білім мазмұнының кӛздерін ата. Оқу мазмұны неде және қалай кӛрініс табады?
Білім мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды кӛрсет.
Оқу жоспары, оқу бағдарламасы дегеніміз не?
Оқулық, оқу құралы дегеніміз не? Оқулыққа қойылатын талаптарды ата.
Оқу жоспары неше компоненттен тұрады?
Қазіргі мектепте оқытылатын ғылымдарды таңдау ӛлшемдерін кӛрсететін кесте құрастыр.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына талдау жаса.
Оқу жоспарлары типтерінің кестесін құрастыр және жалпы орта мектептің базистік оқу жоспарына талдау жаса.
Ғылым мен оқу пәнінің сәйкестігін сипаттайтын кесте дайында.
Қазіргі даму кезеңіндегі қазақстандық мектептердің білім мазмұнының мәселелері.
Жалпы білім беру мазмұнын таңдау принциптері мен критериилері.
Жалпы орта білім беру мазмұны.
ҚР «Білім туралы» Заңы.
Жалпы, политехникалық және кәсіптік білімнің ӛзара байланысы.
Екінші тарау бойынша пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.- Орта білім. Негізгі ережелер. ҚР МЖБС 2.003-2007. Ресми басылым. ҚР Білім және ғылым министрінің
№566/1 бұйрығымен 22.11.2007 жылы бекітілген.
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. Алматы, 1998.
Қазақстан Республикасы конституциясы. Алматы, 1995.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 2007.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.- 2002
ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекетгік бағдарламасы. ҚР Президентінің 2004 жылғы 11
қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген. Қазакстан Республикасывдағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы.-Алматы: ЮРИСТ, 2008.-216б.
Афонина Г.М. Педагогика. Ростов-на-дону. 2002
Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1993.
Педагогика ./Курс лекций. А., 2003.
Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.
Подласый И.П. Педагогика. М., 2003.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.
Сластенин В:А., Исаев И.Ф. Педагогика М., 1997.
Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса; А. АГУ им. Абая.
Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. - М.: Аспект Пресс, 1995. Исаев И.Ф. Теория и практика формирования профессионально- педагогической культуры преподавателя высшей школы. - М., 1993.
Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: от теории к практике. Монография: Алматы «Ғылым», - 350с. Педагогика: педагогические теории, системы, технологии: Учеб.пособие для студ.сред.пед.учеб. заведений /С.А. Смирнов, И.Б.Котов, Е.Н.Шиянов, Т.И. Бабаева и др.; Под ред С.А.Смирнова.-2-е изд., испр.и доп.- М.: Издательский центр
«Академия», 1999.-5446.
Колесникова И.А. Педагогические цивилизации и их парадигмы. //Педагогика. - 1995. - №6. -84-89б.
Попков В.А., Коржуев А.В. Дидактика высшей школы. 2004.
Громкова М.Т. Педагогика образования взрослых. - М., 1995.
ІІІ. ПЕДАГОГИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1. Педагогиканы оқыту процессі және оның ерекшеліктері
Ӛркениеттің қазіргі даму сатысының ерекшеліктері мәдениеттің, экономиканың, қоғамдық және жеке ӛмірдің барлық аймақтарындағы жаһандық инновациялармен байланысты. Әлемдік технологиялық ӛзгерістер, интеллектуалдық интеграцияның дамуы, ӛндірісте электрондандыруды кеңінен пайдалану ХХІ ғасырдың жаңа тенденцияларын: ғылыми, жоғары технологиялық, ақпаратқа және коммуникацияға толы, бүгінгі күннің міндеттерін шешуді талап ететін, болашаққа бағдарланған тенденцияларды анықтауға мүмкіндік берді.
ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, қоршаған ортаға, адам денсаулығына ұқыпты қатынас дәуірі. Адамзаттың жаңа дәуіріне жаңа білім беру жүйелері және оқытудың жаңа модельдері сәйкес келу қажет.
Әлемде мемлекеттің экономикалық жетістіктері оның білім беру жүйелерімен, жұмыс күшінің барлық деңгейлерінде даярланған азаматтардың білімділігімен анықталатыны байқалды. Қоғамның біліміділік әлеуеті мықтылықтың перспективті және стратегиялық факторы, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуының, халықтың ӛмір деңгейі мен сапасының артуының кепіліне айналды.
Қазіргі әлемнің басты ерекшелігі болып жатқан үрдістердің жаһандануы, ол адамның дүниеге кӛзқарасына ықпал етеді. Болашақтағы даму адамның мәдениетінің, түсінушілігінің және даналығының деңгейімен анықталады деп саналуда:
әрбір адамның ғаламшардың болашағына жаһандық жауапкершілігі түсінілуде;
ойлаудың кӛпқырлығы мен икемділігіне объективтік қажеттілік мойындалуда;
білім берудің жауапкершілікті ойлау және саяси шешімдер үшін идеялар кӛзі ретінде рӛлі артуда;
мамандар даярлығының сапасы отандық ӛнімнің әлем нарығындағы бәсекеге қабілеттілігіне және ұлт ӛмір сүру деңгейіне тікелей әсері түсінілуде.
Осыған байланысты білім берудегі дағдарысты жеңу білім берудің жаңа парадигмаларын іздеуден кӛрінеді. Парадигма философиялық мағынасында – уақытпен ӛзгеретін және ғылымның
дамуының қандай да бір сатысына тән бастапқы тұжырымдамалық үлгі.
Бұл бағыттыға ғылыми ізденіс білім беру философиясымен жүргізіледі, бұл адамзаттың ӛзекті мәселелерін шешуде білім берудің құндылықты-мәнді аспектілерін, білім берудің әлеуметтік рӛлін зерттейтін ғылым. Оның басты қызметі прогностикалық қызмет болып табылады.
Бұл жағдайларда адамзат интеллектісін жаңа операционалды мүмкіндіктермен қаруландыру туралы ғана емес, оның инновациялық қабілеттері туралы сӛз болуда.
Инновациялық білім берудің мақсаты жаңаны игеріп қана қоймай, сондай жаңаны ойлап шығара алатын новатор-маманды қалыптастыру. Білім берудің жаңа жүйесіндегі орталық орын жаңа білімді ӛндіру алу қажет (іргелі және қолданбалы ғылыми ізденістер, тәжірибелі ӛндіріс т.с.с.). Соңғысы әрдайым орын алып отырды, алайда ақпараттық қоғамға кӛшу жағдайында жоғары мектептің білім беру үрдісінің міндетті бӛлігіне айналды.
Кәсіби білім беру мақсаты педагогикалық іс-әрекеттің жүйеқұраушы қызметі. Мақсатты таңдаудан оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін таңдау тәуелді болады. Педагогикалық мақсаттардың түрлері ӛте кӛп. Олардың ішінен білім берудің нормативтік мемлекеттік мақсаттарын, қоғамдық мақсаттарды, оқытушылардың ӛздерінің бастамашыл мақсаттарын бӛлуге болады.
Нормативтік мемлекеттік мақсаттар – бұл үкімет құжаттарында, мемлекеттік білім беру стандарттарында анықталатын жалпы мақсаттар. Сонымен бірге қоғамдық мақсаттар орын алады. Олар қоғамның түрлі топтарының қажеттіліктері мен қызығушылықтарын және кәсіби даярлық жӛніндегі сұраныстарды бейнелейтін мақсаттар. Мәселен, олардың ерекше мақсаттарға жұмыс берушілердің мақсаттары жатады. Бұл сұраныстарды оқытушылар ескеріп, мамандандырудың түрлерін, оқытудың түрлі концепцияларын тудырады.
Бастамашыл мақсаттар – бұл оқу орнының түрін, мамандандыру саласы мен оқу пәнін, студенттердің даму деңгейі мен педаггтардың даярлығын ескере отырып, педагог-практиктер мен студенттердің ӛздері жасайтын тікелей мақсаттар.
Қорытынды мақсаттар жиынтығы – оқу соңында маманнан шешуді қажет ететін міндеттер тізімі, маман модельдері (профильдері) деп атқа ие болды.
Маман моделі ӛзінен ӛзі психолого-педагогикалық модель болып табылмайды. Оның мазмұнының негізіне қандай да бір қызмет атқаратын қызметкерге қойылатын талаптар жүйесінде тіркелетін біліктілік сипаттамалары жатады. Онда берілген қызметтегі тағайындау, қызметкердің қызметінің негізгі сипаты, оның не білу, істей алу керектігі, қандай тұлғалық қасиеттерінің болу керектігі тізбектеліп кӛрініс табады.
Маман моделінен оны даярлау моделіне кӛшудің бірінші қадамы болашақ кәсіби қызметінің ол шешуі тиіс типтік міндеттері бӛлу және толық бейнелеуді қажет етеді. Типтік міндеттер иерархияны құрайды, ол бір уақытта жоғары білім берудің мақсаттарының иерархиясын құрайды.
Бұл сатылықтың жоғарғысын – нақты мамандықтан немесе ӛмір сҥріп жатқан елінен тәуелсіз барлық мамандар шеше алатын міндеттер құрайды. Олар осы тарихи дәуірдің сипатын анықтайды және ғасырдың міндеттері деп шартты түрде аталуы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл міндеттерге мыналарды жатқызуға болады:
Экологиялық міндеттер (адамдардың ӛндірістік және басқа әрекетінің табиғатқа кері әсерін азайту және т.б.)
Ҥздіксіз жоғары білім беруден кейінгі міндеттер (тиімді іздеу, ақпаратты талдау және сақтау, оларды кәсіби мәселелерді шешуге қосу және т.б.)
Қазіргі қызметтердің кӛпшілігінің ҧжымжық сипатынан шығатын міндеттер (ұжымның басқа мүшелерімен байланыс орнату, біріккен іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру, жұмыстардың нәтижелерін болжауда «адами факторды» ескеру және т.б.)
Екінші деңгей – берілген мемлекетке бағытталған арнайы міндеттер. Біздің елімізде қазір нарықтық қатынастарды дамытуға байланысты міндеттер ӛзектілікке ие (жобаларды экономикалық негіздеу, сенімді серіктестер мен қаржылық кӛздерді іздеу, шетел нарығына шығу және т.б.)
Маңыздылығы жағынан тағы бір міндеттер ҧлтаралық қарым қатынас мәселелерімен байланысты (ұлттық дәстүрлер мен салттарлы ескеру, ұлттық сезімдерге құрметпен қарау, ұлтшылдық пен шовинизмнің кез келген кӛрінісіне бара-бар қарау). Ең
соңғысы, қазіргі маман демократия, ашықтық, және діни тӛзімділік жағдайында ӛндірістік, басқару және экономикалық міндеттерді шеше алу қажет.
Үшінші деңгей - кәсіби міндеттер; ол шешілетін міндеттер кӛлемі мен түрлері бойынша ең ауқымдысы болып табылады.
Жалпылай түрде бұл міндеттер кез келген мамандық үшін үш түрге бӛлінеді:
Зерттеуші міндеттер (білімнің сол немесе басқа саласында зерттеушілік іс-әрекетті жоспарлау және жүргізуді іскерлігін талап етеді);
Практикалық міндеттер (болашақ кәсіби қызметінде нақты нәтиже алуға бағытталады)
Педагогикалық міндеттер (сәйкес пәннен оқу орнында не ӛндірістік оқыту жағдайында сабақ беру).
Үшінші деңгейдің міндеттерінің әрқайсысын суреттеу үшін арнайы кәсіби білімді талап етеді.
Міндеттердің барлық түрлерін талдау және қайталанатын элементтерді алып тастау негізінде маман қызметінің моделі құрылады. Бірақ, егер студенттерді осы модельге бағдарлап даярласа, онда ЖОО бітірер кезде бұл модель ескіріп қалады.
Міндеттер сипатының ӛзгеру тенденциясын анықтау және маман қызметінің болжамды моделін құру бойынша ӛте күрделі жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туындайды. Ол жоғары білікті мамандардың қатысуымен арнайы зерттеулерді талап етеді. Сондықтанда тек болжамды модель негізінде маман даярлаудың моделін ӛңдеуге батыл кірісуге болады. Соңғысы толық дайын болған кезде оқу жоспарына және жеке пәндердің бағдарламаларына енгізіледі.
Педагогтің кәсібі қызметінің сапасы мәселелерін, кәсібилілігін, педагогикалық қабілеттері мен педагогқа қойлатың талаптарды зерттей отырып, белгілі рессейлік ғалым И.В. Кузьмина еңбектің нәтижелілігіне әсер ететін педагогикалық қызметкерлердің маңызды сипаттамасы қатарына олардың кәсіби құзыреттіліктерін жатқызады.
Педагогикалық құзыреттіліктің негізгі элементтері ретінде ол мыналарды бӛліп қарастырады: оқытылатын пән саласындағы арнайы құзыреттілік; білім алушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру тәсілердері саласындағы әдістемелік құзыреттілік; оқыту сферасындағы психолого-педагогикалық құзыреттілік;
мотивтер, қабілеттер және оқушылардың бағыттары саласындағы дифференциалды-педагогикалық құзыреттілік және аутопсихологиялық құзыреттілік.
Арнайы қҧзыреттілік біліктіліктен және пәнінінің, оқытуды жүргізілетін мамандық саласындағы ӛндірістік қызмет тәжирибесінен: нақты ӛндіріспен байланысты техникалық, шыгармашылық міндеттерді шеше білуден тұрады. Әдістемелік құзыреттілік оқытудың әр алуан әдістерін игеруден, дидактикалық әдістерін білуден және оны оқу үрдісінде қолдана білу, психологиялық механизмдерді біліп, оқу үрдісінде білім мен дағдыны меңгеруден құралған.
Психолого-педагогикалық қҧзыреттілік педагогикалық диагностиканы игеруден, оқушылармен педагогикалық мақсатты қарым-қатынас құра білуден, педагогикалык диагностика нәтижелері негізінде жеке жұмыстарды жүзеге асыру: жасерекшелік психологиясын, тұлға аралық және педагогикалық қарым-қатынас психологиясын білу, оқушылардың таңдаған кәсіптеріне, беретін пәндеріне деген қызығушылықтарын оята білуден құралған.
Дифференциальды-психологиялық қҧзыреттілік жеке ерекшеліктерді анықтай білуден, оқушылардың бағытталуынан, адамдардың эмоциялық жай-күйін анықтаудан, жетекшілермен, әріптестер және оқушылармен сауатты ӛзара қарым-қатынас орната білуден тұрады. Аутопсихологиялық құзыреттілік ӛзіндік қызмет деңгейін, ӛзіндік қабілеттерді тани білуден: кәсіби ӛзін-ӛзі жетілдіру тәсілдері жӛнінде білуден: ӛз жұмысындағы, ӛзіндегі кемшіліктердің себеп-салдарын кӛре білуден, ӛзін-ӛзі жетілдіру ниетінен тұрады.
Кәсіби құзыреттілік ӛз құрылымында: қабілеттер (кәсіби қызметке жалпы және жеке); тұлға сапасы (жеке тұлғалық және кәсіби-педагогикалық); қызметке дайын болу, психофизиологиялық дайындық және білім, білік және дағды (пәндік, психолого- педагогикалық, басқарушылық) секілді тәжірибе компоненттері білім ретінде карастырылады. Ӛзін кәсіби маман және тұлға ретінде тану манызды компонент болып табылады. Кәсіби құзыреттілік маманның біліктілігін кӛтеру үрдісінің жүйе қалыптастыру категориясы және ӛзін-ӛзі дамытуы ретінде кӛрінеді.
Кәсіби құзыреттілік түсіндірмесіне ықпалдардың әр түрлілігі, аталмыш ұғым анықтамасының динамикалы және
кӛптармақтылығымен түсіндіріледі. Бұл ұғымның мағынасы қоғамда, білімде, ғылымда болып жатқан ӛзгерістерге сәйкес әртүрлі кӛзқарастар шеңберінде қарастырылады.
Болашақ педагогтің кәсіби құзыреттілігі педагогикалық процесс барысында қалыпьасады. Педагогикалық процесс барлық оқу орындарында іс-әрекеттің негізгі ӛзегі болып табылады. Жоғары оқу орындағы педагогикалық процестің құрылымды компоненттері: ішкі ӛзгерістерге, біліктілікке, тәрбиелікке, құлықтық, интеллектуалды, эмоционалды және болашақ педагогтің ӛз кәсібилігін кӛтеру.
Жоғары мектеп педагогикасының нақты қызметіне бағытталып барлық компоненттері ӛзгеріп отырады. Педагогикалық үрдіс келесі қызмет атқарады:
білімділік – студенттің білімділігін кӛтеру;
тәрбиелеушілік – құндылықтар, идеалдар, тұлғалық қасиеттерінің дамытылуы;
дамытушылық – тұлғаның түрлі сферасының дамуы: эмоционалды-ерікті, сенсорлы-интеллектуалды;
әдістемелік – форманың, әдістің, құралдың таңдалуы студент пен оқытушы арасындағы іс-әрекетті, педагогикалық үрдісті қалыптастырады;
талдау-нәтижелік – жаңа міндеттерді ӛндеу, қорытынды шығару, педагогикалық үрдіс ӛнімділігін талдау;
кәсібилік – барлық педагогикалық үрдіс компанентін біріктіру, болашақ мұғалімнің, маманның кәсіби білімін кӛтеру;
Педагогикалық ӛзара әрекеттесу Ю.К.Бабанскийдің, З.И.Васильевтің, Т.И. Мальковскийдің, В.А.Сластенин тұжырымы бойынша ӛзара белсенділікті білдіреді:
педагогикалық әсер;
педагогикалық әсерін белсенді қабылдау;
ақпаратты ұғыну;
студенттің ӛзінің белсенділігі және оның ӛз-ӛзіне және оқытушыға әсері.
Педагогикалық ӛзара әрекет кезінде субъект арасында түрлі байланыс орнатылады, ақпараттың коммуникативті, психологиялық, методологиялық, ұйымдастырушылық және басқарушылық, ӛзін-ӛзі басқарушылық. Ӛзара әрекет
педагогикалық процесте жүзеге асырылады. Сондықтанда педагогикалық процесті талдау оның кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді:
Бірінші кезең – жоспарлау. Педагогикалық мақсат, міндетке байланысты. Жоспарлау бейімділігімен, жоспарлармен, бағдарламасымен, басқа да құжаттардың негізін есепке алу.
Екінші кезең – дайындық. Оқу бағдарламасына, құжаттың жоспарына сүйеніп бӛліктерді моделдеу. Жоғары оқу орынын диагностикалау оқу тәрбие әдістемелік жұмыстың негізі, эстетикалық гигиеналық, құлықтық пен психологиялық шарттар педагогикалық үрдісті толықтырады.
Ҥшінші кезең – ұйымдастыру. Прогрессивті-педагогикалық технология мен әдістемелерді негізге алып , бағдарлама, жоспар, тұжырымдаманы жүзеге асыру.
Тӛртінші кезең – түзету. Оқу-тәрбие процесінің компаненттерін түзету. ЖОО оқу-тәрбие үрдісіне, ұйымдастыру бӛліміне ӛзгерістер енгізу.
Бесінші кезең – қорытынды шығару. Педагогикалық процестің нәтижелі-талдау қызметін, жетістікті диагностикалау, міндеттердің ауытқуын, табыс пен сәтсіздіктің себебін анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық процестің барлық кезеңінде байланыс орнатылса аяқталғандықты білдіреді. Оқу орнының типіне байланысты педагогикалық процестің ӛзіндік ерекшеліктері болады:
ЖОО педагогикалық үрдістің жалпы білім беретін мектептен айырмашылығы келесідей:
ЖОО нақты мақсатқа байланысты мамандарды кәсіптік дайындауда жүзеге асырады.
ЖОО педагогикалық үрдістің субъектілерінің ӛзара әсерлесуін қалыптастырады.
ЖОО педагогикалық үрдісі студенттер мен оқытушыларды ғылыми зерттеумен тығыз байланысты.
ЖОО-да студенттердің ӛздік жұмысы кӛбейіп, оқу-тәрбие үрдістерінің жүйелі құрастырылуын талап етеді.
Педагогикалық сараман жас мамандардың толықтай кәсіби қалыптасуына мүмкіндік береді. Ол студенттерді оқыту үрдісінде, болашақ педагогтің кәсіби дайындық міндетін шешуге кӛмектеседі.
Сонымен, білім беру – қазіргі қоғам ӛмірінің барлық салаларының дамуының, адамзаттың жаһандық ӛркениеттік міндеттерін шешудің, модернизацияның және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды интегралды факторларының бірі. Бұл мемлекеттің қазіргі әлемде экономикалық табысқа және бәсекеге қабілеттілікке жетудегі, оның азаматтарының ӛмір сапасының артуындағы басты құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |