ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Бірінші тарау бойынша сҧрақтар мен тапсырмалар



бет5/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Бірінші тарау бойынша сҧрақтар мен тапсырмалар


  1. Ғылым дегеніміз не? Ғылым ұғымы мен ғылыми зерттеу ұғымы арасында қандай байланыс бар?

  2. Ғылымтану дегеніміз не?

  3. Ғылым логикасы дегеніміз не?

  4. Педагогика ғылым ретінде, оның пәні;

  5. Педагогика ғылымдарының жүйесі, олардың бірлігі және ӛзара байланысы;

  6. Педагогиканың басқа адамтану ғылымдармен ӛзара байланысының мәні мен маңызы, қоғам, табиғат туралы ғылымдардың негіздерімен байланысы;

  7. Оқу пәні ретінде педагогика дамуының негізгі кезеңдерін атаңыз?

  8. Педагогиканың дербес ғылым теориясы ретінде қалыптасуы кімнің есімімен байланысты?

  9. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістері мен формаларын жетілдірудің әдіснамалық негіздері.

  10. Дидактика және жеке пәндер әдістемесі бойынша зерттеулерді жетілдірудің әдіснамалық шарттары;

  11. Тұтас үрдіс ретіндегі тәрбие аясындағы зерттеулердің әдіснамалық шарттары (дамудың жас кезеңдері және оның ерекшеліктері);

  12. Педагогикалық білім беру үрдісін құру және жетілдірудің жүйелерін ғылыми негіздеу және зерттеудің әдіснамалық шарттары;

  13. Білім беру жүйесінің дамуын болжау әдіснамасы;

  14. Педагогиканы оқыту әдістемесінің міндеттері қандай?

  15. Педагогиканы оқыту әдістемесінің дамуы қандай кезеңдерден тұрады?



Бірінші тарау бойынша пайдаланған әдебиеттер тізімі





    1. Философия образования для ХХ века. – М., Фил 1992. 2.Введение в философию образования. Гусинский Э.Н.,

Турчанинова Ю.И. –М.: Логос, 2001. -224 с.

  1. Мұханбетжанова Ә.М., Білімді интеграциялау негізінде оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыру. Монография. - Алматы, 2000. – 248б.

  2. Шварцман К.А. Философия и воспитание. –М., 1989. 5.Ставская Н.Р. Философские вопросы современной науки. – М.:

Высшая школа, 1974, - 92с.

  1. Котова И. Б., Шиянов Е.Н. Философские основания современной педагогики. Ростов н/Д, 1994.

  2. Кун Т. Структура научных революций. – М.: Прогресс, 1975, - 300с.

  3. Вернадский В.И.Философские мысли натуралиста. – М.: 1988. 9.Философия и методология науки. Для аспирантов и

магистрантов // Под ред. К.Х.Рахматуллина и др. – Алматы, Қазақ университеті, 1999, - 403с.

  1. Гершунский Б.С. Философия образования (статус, проблемы, перспективы), М. 1992.

  2. Мұханбетжанова Ә. Дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері. – Атырау, 2002, - 165бет.

  3. Попер К. Логика и рост научного знания. – М.: Прогресс, 1983, - 605с.

  4. Лакотос И. История науки и ее рациональные реконструкции.

// Структура и развитие науки. М.: Прогресс, 1978, - 487с.

  1. Богуславский М.В., Корнетов Г.Б. О педагогических пара- дигмах // Магистр. 1992. № 5.

  2. Педагогика / Дәріс курсы. Абай ат. ҰПУ.- Алматы: «Нұрлы әлем», 2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. М., 1988. 17.Ильина Т. Педагогика. М., 1984.

18.Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. А., 1998. 19.Джуринский А.Н. История образования и педагогической

мысли. М.,Издательство ВЛАДОС-ПРЕСС.



  1. История педагогики и образования./Под ред. Пискунова. М., Творчесий центр. 2001.

  2. Соловейчик С.М. Педагогика для всех. М., 1987. 22.Бейсенбаева А.А. Гуманизация образования

старшеклассников на основе межпредметных связей. Автореферат диссертации доктора пед. наук. Алматы, 1996, - 48с.

  1. Савин И.В. Методика преподавания педагогики. М., Просвещение, 1987.

  2. Стефановская Т.А. Система и методика преподавания педагогических дисциплин в вузе. Иркутск, 1992.

ІІ. ПЕДАГОГИКА КУРСЫНЫҢ ҚҦРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҦНЫ





    1. Педагогика ғылымының дамуының оқу пәнінің мазмҧнында бейнеленуі

Педагогика ғылым ретінде оқу пәнінің мазмұнында ӛз кӛрінісін тауып отырады. Ғылым адам іс-әрекеті аймағының қоғамдық ӛндірістік күші және маңызды әлеуметтік институты ретінде объективті білімдерді жасау және теориялық жүйелеумен айналысады. Ғылым ұғымы жаңа білімді алу іс-әрекеті және осы іс-әрекеттің нәтижесі, яғни алынған білім кӛлемі ретінде айқындалады. Кез келген ғылым нақты шынайы болмыс негізінде қалыптасады «оның бейнесі болып табылады», ол туралы білімдерді жүйелейді.

Ғылыми теориялық білімдер практикадан бӛлек ӛзінен ӛзі дами алмайды, сондықтан ғылым мен практика бір-бірімен тығыз байланысты. Практика кез келген ғылымның кӛзі болып табылады. Екінші жағынан, практикалық іс-әрекеттің тиімділігі ғылымның жетістіктеріне негізделсе ғана арта түседі. Теориялық білім шынайы болмысты бағыттауға, жетілдіруге және қайта құруға мүмкіндік береді. Бұл ғылым мен практика міндетті түрде бір-бірін толықтыра және дамыта жүру керек.

Педагогика ғылымы туралы сӛз болғанда, екі ӛзара байланысты жақтарды – бұл саладағы теориялық білімдер мен соған сәйкес педагогикалық іс-әрекетті, яғни педагогтың білім алушылармен тікелей қызметін нақты ажыратып кӛрсету қажет болады.

Педагогиканы ғылым ретінде және педагогикалық іс-әрекеттің аймағы ретінде бір-бірінен айыра білу керек.

Педагогиканы ғылым ретінде анықтау үшін ең алдымен оның нені зерделейтіндігін анықтап алу керек. Бұл сұраққа жауапты оның объектісі мен пәні береді. Кӛптеген жылдар бойы зерттеушілер педагогиканың оқыту объектісі-бала деп санады. Бірақ бұл жаңсақ пікір. Педагогика ӛзінің объектісі ретінде индивидті оның психикасын емес, (бұл психологияның объектісі) оның дамуымен байланысты педагогикалық құбылыстарды қарастырады. Бірақ бала, яғни адам назардан тыс қалмайды. Керісінше, педагогика адам туралы ғылым ретінде жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы мақсатқа бағытталған іс-әрекеті зерттейді.

Сонымен, педагогиканың зерттеу объектісі болып педагогикалық құбылыс саналады. Бұл құбылыс қоршаған ортада мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінің адамзат даралығының дамуымен шартталған объективті іс-әрекет білім беру деген атқа ие болды. Білім беру – бҧл педагогиканың объектісі болып табылады.

Педагогика негізінде адамның күнделікті даму үрдісін зерттеу, кез келген педагогикалық жүйе шарттарында жүзеге асады. Арнайы оқу-тәрбие мекемелері қалыптасып, адамның білім алуы ерекше қоғамдық қызметке айналғанда, педагогикалық үрдісті арнайы ұйымдастыру мен мақсатты зерттеуді қажет етті.

Сипаттау, талдау, жобалау, және болжау педагогикалық үрдісті іске асыру арқылы, тиімді педагогикалық жүйені іздеумен жаңа ғылыми-педагогикалық білімді алуға болады.

Сондықтан педагогиканың пәні арнайы институттарда (отбасы, білім беретін және мәдени-тәрбиелік мекемелер) адамның барлық ӛмір кезеңдерінің оқу-тәрбиелік бірлігі арқылы мақсатты ұйымдастырылған педагогикалық үрдісі болып табылады.

Ғылыми білімнің қай саласы болмасын негізі ҧғымдық аппаратынан басталады. Ҧғым – бұл таным процесіндегі шындық ӛмірдің бейнесі. Ғылымда ұғым ақиқат іс-әрекетті ұғыну мен эмпирикалық тәжірибенің нәтижесі, ғылымның негізгі бӛлімі ретінде қалыптасады.

Кез келген ғылымның дамуы барысында ұғым бірігіп, іріленіп және ғылым категориясына қайта жасақталып, олар ӛз ретінде жалпы іргелі «тектік» ұғымын бейнелейді. Сол ғылымда зерделенетін басқа да ұғымдар пайда болады.

Қазіргі педагогикалық ғылым адамзат дамуының байланыс кезеңдерін бейнелейді. Бұл дамудың нәтижесі қоғамдық-тарихи тәжірибе болып және жасұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінде жинақталып педагогикалық ұғым формасында болады. Сонымен қатар, педагогика - бұл нақты мәдениет екенін естен шығармау керек. Бұл мәдениетке ену, яғни болып жатқанды түсіну және тиімді қатысу тек ұғымдар жүйесін меңгерген кезде ғана мүмкін. Сонымен қатар, әр ғылымның ұғымдық жүйесі басқа ғылымның ұғымдарымен байланысты. Педагогиканың ұғымдық жүйесі философиямен, психологиямен, әлеуметтанумен басқа да ғылымдармен тығыз байланысты.

Педагогиканың нақты зерттеу пәніне бағыттала дамыған негізгі категорияларға негізделген ӛзінің ұғымдық аппараты бар.

Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуында үш негізгі іргелі категория анықталады: білім беру, оқыту, тәрбие.



Білім беру - оқыту мен тәрбиелеу процесінің нәтижесі. Білім беру, ең алдымен,- әлеуметтік құбылыс - мемлекеттің, қоғамның, тұлға қызығушылығының мақсатты тәрбиелеу және оқыту процесі.

Білім беру дегенде біз танымдық білім мен тәжірибенің адамзат жинақтаған тәжірибесі негізінде оқыту мен тәрбиенің ғылыми жүйесін және мәдени құндылықтарды, шығармашылық қабілеттерді, қағамдық ӛмірге, еңбекке дайындығын белгілейміз. Білім беру ұғымына барлық әлеуметтік тәжірибенің элементі енеді.



Оқыту - сабақ беру мен оқудың екі жақты процессі. Сабақ беру

  • бұл танымдық процестердің қасиетін, біліктілігін, білімін беру. Оқу - бұл оқушының ӛз іс-әрекеті арқылы тәжірибені қабылдауы , меңгеруі, қолдануы . Осыдан, оқыту - бұл оқытушы мен оқушының ӛзара қарым-қатынасы арқылы білім, білік және тәжірибені меңгеруі. Оқыту – сабақ беру мен оқудың біріктірілген тұтас органикалық категориясы. Оқыту нәтижесінде адам жүйелі ғылыми білімді, фактіні, заңды меңгеріп, ӛз кӛзқарасы, ақыл-ойы шығармашылық қабілеті қалыптасады.

Тәрбие жалпы категория ретінде тарихи және мәдени тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру процесі болып табылады. Тәрбие

  • бұл қоғам талабына сай адам дамуын оның кӛзқарасын, органикалық, ақыл-ой және құлықтық қасиетін тұлға ретінде қалыптастыру. Тәрбие тарихи түсінік. Тәрбиеші алдына тұлғаны табысты қалыптастыру міндетін қойған кезде мемлекет жүйелі және бірізді тәрбиелеу жүйесін жетілдіріп отырады. Бұл қоғам дамуының және ӛмір сүруінің негізгі құралы. Тәрбиеде даму заңдылықтары, тәрбиенің басқа ғылымдармен әлеуметтік- экономикалыпен, саясатпен және мәдениетпен байланыстары кӛрсетілген.

Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде қоғам ӛмірінің ажырамас бӛлігі ретінде бүкіл қоғамдық күштерді: жанұя, тәрбие және оқыту мекемелері, бұқаралық ақпараттарды біріктіреді. Бұл мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы ретінде нақты мақсатты және міндетті шешуге арналған идеал мен құндылықтарды анықтайды. Тәрбиенің негізгі ӛлшеміне тұлғаның қасиеті мен сапасының сәйкестігі жатады.

Қазақстандағы қазіргі демократиялық қоғам талабына сәйкес тұлға дамуының түрлі қоғамдық қарым-қатынастарын жүзеге

асыруға нақты база қалыптастырылған. Сонымен, «білім беру - оқыту- тәрбиелеу» диалектикалық жүйесі тұлғаның қабілеті мен күшінің дамуына бағытталған. Тәрбиелеу, оқыту және білім берудің бірігуінің бастауы педагогикалық процесс болып табылады.

Педагогикалық процесс – бұл арнайы ұйымдастырылған, білім алу, білік пен тәжірибені меңгерумен және тұлғаның психологиялық, денелік дамуымен мақсатты бағытталған педагогтар мен білім алушылардың ӛзара іс-әрекеті.Оның негізінде педагогикалық іс-әрекет бірлігі ретінде және белсенді қабылдау мен меңгеру білім алушылардың ӛз белсенділігінің нәтижесінде мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасының ӛзгерісі жатыр.

«Педагогикалық процестің» синонимі ретінде кӛбіне «оқу-тәрбие процесі», «білім беру процесі» қолданылады.

Педагогика ғылымы барлық ғылымдармен байланысты:философиямен, анатомиямен, физиологиямен, психологиямен, биологиямен, кибернетикамен тығыз байланысты. Сондықтан, педагогикада пәнаралық түсініктері – тҧлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру, қарым-қатынас жиі қолданылады.

Тҧлға – әлеуметтік адам, қарым-қатынас ӛнімі. Адам ӛмірге тұлға болып келмейді, ӛмір барысында тұлға болып қалыптасады. Тҧлға – бҧл нақты жеке және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері бар және ӛз кӛзқарасы мен қоршаған ортаға қарым-қатынасы қалыптасқан адам.

Іс-әрекет- адам қажеттілігімен қызығушылығын қанағаттандыру мен тәжірибе жүзінде іске асыруға бағыттталған іс

-әрекет жиынтығы.



Даму - адамның денелік және рухани күшінің жүйелі сандық және сапалық ӛзгерісінің объективті процесі.

Қалыптастыру - адамның қоршаған ортадағы ӛз орынын , қызметін, міндетін біліп қызметтік жетілдіру процесі.

Тұлғаны қалыптастыру процесі түрлі табиғи және қоғамдық, ішкі және сыртқы, ағымды және ережеге сәйкесті факторлар әсерінен жүзеге асады.

Қарым-қатынас қатысымға түсетін адамның мінез-құлық, эмоционалды-ерікті, танымдық және мотивациялық аймағындағы ӛзгерістерге қол жеткізу мақсатын басшылыққа алатын және ықпал етудің әртүрлі шарттарының кӛмегімен жүзеге асатын іс-әрекет процесінде адамның ӛзара әсерлесуі.

Педагогика ӛзін-ӛзі тәрбиелеу және ӛзін-ӛзі жетілдіру процесін зерттейді.



Ӛздігінен білім алу – адам білімін, дағдысын, біліктілігін тереңдету мақсатындағы іс-әрекеті.

Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу- қоғам талабына сәйкесті адам бойында жағымды сапаларды қалыптастыру және теріс сапалардың алдыналуға мақсаттты түрде бағытталған іс-әрекет.

Педагогика нақты адаммен, дара тұлғамен, топпен, ұжыммен, оны қалыптастыруды мақсат етiп қоя отырып, тiкелей байланысатын бiрден-бiр ғылым. Педагогикалық iс-әрекеттi жемiстi жүзеге асыру үшiн, педагогикалық ғылым мен практика сӛз жоқ бӛтен ғылыми бiлiмдерден барлық қажеттiлiгi мен құндылығын таңдап алуы керек. Тағы да К.Д.Ушинскийге жүгiнсек: «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi келсе, онда ол бәрiнен бұрын оны барлық жағынан бiлуi керек». Бұл бiлiмдер педагогиканың әдiснамасын жасау, кешендi педагогикалық зерттеулер жүргiзу үшiн әртүрлi оқу-тәрбие жүйелерi қызмет етуiнiң мақсатты бiлiм мазмұны, формасы, әдiстерi мен құралдары мәселелерiн шешу, оқу әрекетiнде олардың ӛзара әсерi мен сабақтастығын жүзеге асыру үшiн қажет.

Әрдеңгейлi бiлiм беру жүйелерi, олардың қызметiндегi сабақтастық – бұл үздiксiз бiлiм берудiң бiртұтас жүйесiнiң белгiсi. Мұндай жүйенi жасауға деген қажеттiлiк бүгiнгi күнi ерекше кӛкейтестi және қоғамның әлеуметтiк- экономикалық дамуынан туындап отыр. Рухани, әлеуметтiк, мәдени аймақта даму тенденциясы адамның жеке бiлiмдiк қажеттiлiгiнiң динамикасына байланысты пайда болуда.

Қазіргі кезде жоғары білімнің даму тенденциялары

Әлем елдеріндегі білім берудің даму мәселелеріне арналған кӛптеген зерттеулердің нәтижелері әлемдегі жоғары білім берудің даму заңдылықтарын бӛлуге мүмкіндік береді.



Бірінші заңдылығы – жоғары білімнің жалпылығының күшеюі. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы қырық жылында бүкіл әлемде студенттердің санының едәуір ӛсуі байқалды:

Екінші заңдылығы – жоғары білім берудің жһандануы.

«Жоғары білім берудің жаһандануы» термині қазіргі педагогиканың жаһандану мәселелерімен байланысты ұғымдық- терминологиялық аппаратында пайда болды, ол ХХ ғасырдың үшінші жартысында әлемдік әлеуметтік мәдени мәселесінде

алғашқы орынға шығып, адамзат құндылықтарының шкалаларын қайта құруға бастау болды.

Жаһандану тенденциясы ғылымға да ӛзгеріс енгізбей қоймады. Зерттеушелірдің белгілеуінше, дифференциалды білімдердің күрделі ӛзара әрекеттесетін ғылыми жүйеге бірігуін белгілейді, ал болашақта жеке ғылымдардың синтезі В.И.Вернадскийдің «бірегей ғаламдық ғылым» туралы ойы жүзеге асады.

Жаһандану шынайы құбылыс ретінде білім беруде кӛрініс таппай қоймады, Кәсіби білім беруде кӛбіне оның жаратылыстану ғылыми және арнайы кәсіби білім аксиологиясы, кәсіби білім экологизациясы, маманның биосфералық жауапкершілігі және т.б. кӛріністерін белгілейді. Білім берудегі жаһандану тенденциясын қарастырғанда мультимәдениетті білім беру тұырымдамасы ӛзекті орын алады, оның аясында білім берудің мазмұнының интеграциясы жүзеге асырылады, Білім берудің барлық ұлттық жүйелері ӛзінің ішкі міндеттерін шеше отырып, жалпы мәдени кеңістікті мультимәдениет, ӛзара байытылған кеңістік ретінде құрайды.

Зерттеушілер белгілегендей, қазіргі таңда кӛпдеңгейлі ағылшын саксон білім беру жүйесінің әлемдік экпансиясы және жаһандық білім беру мегажүйелері байқалады. Бірқатар зерттеушілер бұл тенденцияны жоғары білімнің «вестернизациясы» деп атайды.



Ҥшінші заңдылық – білім берудің ашықтығы мен вариативтілігінің күшеюі. Қазметтердің барлық салаларындағы жүріп жатқан жаһандану үрдістері, телекоммуникацияның мықты құралдарының дамуы жоғары білім берудің әр түрлі форматтағы ресурстарға: қашықтан оқыту, экстернат, кешкі білім беру және т.б. қол жеткізуге жағдай жасады.

Тӛртінші заңдылық – жоғары білім берудің диверсификациясы. Жоғары мектептің дамуы қазіргі даму кезеңі үшін білім берудің модельдерінің кӛптүрлілігінің артуы тән. Бұл әлемдегі жоғары білім беру жүйесі қызметінің түрлі аспектілеріне қатысты. Бұл жоғары мектептің мекемелерінің түрлерінің алуан түрлілігі (нормативтік-құқықтық мәртебе, меншік формалары және т.б.) және студенттердің «білім беру маршруттарының» диверсификациясы (күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтан; экстернат,

«виртуалды колледждер»; элективті курстар және т.б.).

Қарастырып отырған заңдылықтың жеке кӛрінісі ретінде білім беру үрдісінің жекеленуін жатқызуға болады, оның деңгейі студенттің оқу үрдісінің ұйымдастыру формасын, оқу курсын, оқытушыны, оқу уақыты мен орнын, оқыту технологияларын, оқу материалдарын және т.б. таңдаудағы «еркіндік деңгейінің» санымен анықталады.

Білім беру мазмұны саласында бұл заңдылық мазмұн плюрализациясы ретінде кӛрініс табады: әр түрлі кӛзқарастар жағдайында түрлі реакциялардың кӛрінуі және салыстырылуы, консенсусты іздеу және оның негізінде сыни тұрғыдан ойлауды және т.б.дамыту.



Бесінші заңдылық – жоғары білімнің коммерциализациясы. Бұл тенденцияның тағы бір атауы – жоғары білім берудің сервизациясы. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржылық қорлары қызмет кӛрсетудің түріне және сипатына – ақылы және ақысыз байланысты түрлі кӛздермен реттеледі. Бұл кӛздерге әр түрлі деңгейдегі бюджет қаржылары, орындалған жұмысқа және қызмет кӛрсетуге тӛлем, мүлікті жалға бергеннен түсетін қаржы, қосымша тӛлемдер және т.б. жатуы мүмкін.

Қазіргі таңда білім беру қызмет кӛрсету саласының компонентіне айналды, ол бұл кұбылыстың барлық белгілері кӛрінісінің клиентке бағдарлануымен, білім беру ӛнімдері мен қызмет кӛрсетулерді сатуды жоспарлаумен, жарнамалық қызметтермен және т.б. сипатталады. Зерттеушілердің айтуынша, бүкіл әлемде ақылы қызмет кӛрсетулердің аясының кеңеюі бюджеттік қаржыландырудың жетіспеуінен ғана емес, оқу орнының оның қызметінің жекеленуі нәтижесінде туындаған шаруашылық субъект, кәсіпкерлік бірлік ретінде орын алуымен байланысты.Зерттеушілердің пікірлері бойынша, бүгінгі күні жоғары оқу орындарына стратегиялық қаржылық жоспарлаумен айналысуға, кіріс және шығыс аймағында жеке саясатты анықтауға, қызмет кӛрсетудің сыртқы тұтынушыларының сұраныстарын қанағаттандыруға, кәсіпкерлік қызметтің дамуына, қаржылық менеджменттің «айқындылығын» қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инфрақұрылымдар тудыру қажеттілігі сезіледі.



Алтыншы заңдылық – жоғары білім беру гуманизациясы және оның гуманитаризациясы құраушы бӛлік ретінде. Білім беру үрдісінің нақты студент (және оқытушы) тұлғасына бағдарлануы, білім беру үрдісінің «адами келбетке енуі» - бұл батыс жоғары

мектебіне тән оның дамуының стратегиялық бағыты. Оның жүзеге асуы үшін міндетті түрде жоғары мектеп оқытушысын даярлау қажет. Бұл саладағы зерттеулерді қарастырсақ, ол біріншіден, адамды ең жоғары құндылық ретінде қарастыратын аксиологиялық тұрғыны бӛлу қажет, екіншіден, антропобағдарланған кәсіби іскерлік (сенімді және ашық сӛйлесу, диалог жүргізу, психологиялық кӛмек беру және т.б.) игеру қажет. Білім беру гуманизациясы оның гуманитаризациясымен тығыз байланысты.



Жетінші заңдылық – оқу үрдісінің интенсификациясы. Оқытушылар оқу үрдісінің жан жақты интенсификациясына, яғни студенттердің ӛз бетімен жұмысына негізгі басымдық беру жолымен назар аударады. Ол түрлі елдерде оқу жұмысының басты формасына айналған. ЖОО түлегі меңгеру қажет жоғары оқу орны мазмұны жылдан жылға ұлғаюда, сондықтан ақпаратты «біріктіру» туралы, ақпараттың кең кӛлемін аз уақытта игеруге болатын ғылыми білімді жалпылау инварианттарын табу туралы мәселе туындайды. Бұл мәселемен жас әрі тез дамып жатқан ақпараттық технология саласы білім инженериясы айналысады. Оқу үрдісінің интенсификациясын зерттеушілер білім беру үрдісінде субъект- субъект ӛзара әрекетін жүзеге асыратын оқытудың белсенді әдістерімен, формаларымен байланыстырады. Олардың ішінде: кейс-стади технологиясы, жобалар әдісі, нақты іскерліктен мен дағдыларды игеруге арналған тренингтер және т.б.

Сегізінші заңдылық – жоғары білім берудің бейімделгіштігін арттыру. Сонымен бірге жоғары білім берудің кӛпсатылығы, студенттерге бейім білім беру траекториясын қалыптастыру үшін оқу курстарының модульдік топтастырылуы (яғни білім беру мазмұнының бейімділігі), оқытудың ұйымдастыру формаларының, тіпті сабақ кестесінің (сабақты демалыс күндері және кеште оқуға таңдау немесе педагогпен электрондық пошта арқылы хабар алысу) бейімделгіштігі.

Білім беру үрдісін ұйымдастырудың кредиттік жүйесі, студенттердің оқу үлгерімінің рейтингілік бағалануы, жоғары білім берудің бейімділігін күшейтеді. Зерттеушілердің бағалауы бойынша, кредиттік-рейтингілік жүйе :



  • ЖОО оқытудың түрлі техноллогиялары мен формаларын дамытуды ынталандырады (күндізгі, сырттай, қашықтан, экстернат);

  • Оқу үрдісін либерализациялайды, және студенттің ӛздік жұмысын мадақтай келе, оны студентке бағдарлайды;

  • Мазмұнды және соңғы нәтижелерді ескерек отырып, курстарды әдістемелік қамтамасыз етуді тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді;

  • Диагностиканың қазіргі әдістерін қолдана отырып, мониторинг үрдісін жетілдіруге және білім беру бағдарламасын меңгеру сапасын бағалауға ынталандырады;

  • ЖОО білім беру қызметі мен мамандар даярлауда сапа менеджментінің қазіргі жүйесін жасауға мүмкіндік береді;

  • Кәсіби біліктіліктер мен жоғары білім туралы дипломдарды нострификациялау процедурасы негізінде жеке мемлекеттердің жоары мектептерінің жоғары білімнің әлемдің жүйесімен интеграциясына ықпал етеді.

Тоғызыншы заңдылық – жоғары білім берудің интегративті тенденциялары. Зерттеушілер интеграцияның түрлі модельдерін бӛледі:

    • интегративті үрдістер екікомпонентті жүйеде «жоо-ғылым» және «жжо-ӛндіріс» дамиды;

    • жоғары кәсіби білім беру жүйелерінің «білім беру-ғылым- ӛндіріс» макроқұрылымында дамуы. Интеграцияның бұл түрінің мысалына шетелде қарқынды дамып жатқан технопарктерді жатқызуға болады;

    • білім беру жүйесінің ішіндегі интегративті үрдістер. ЖОО бір бірімен бірігеді, «тігінен» интеграцияланады, оған орта жіәне бастауыш кәсіби білімнің мекемелерінің құрылымы енеді; жоғары білім беру мекемесінің жалпы орта білім беретін мектептермен бірігу мысалдарын келтіруге болады;

    • жоғары білім берудің қосымша кәсіби білім берумен интеграциясы (мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау). Бүкіл әлемде жоғары мектеп үздіксіз білім беруге бағдарланған, олар ӛз түлектерін бүкіл кәсіби карьера бойы қамқорға алуға тырысады. Әлемдік экономиканың дамуы және ғылыми техникалық прогресстің дамуына байланысты барлық саладағы мамандарға ӛз кәсіби құзыреттіліктерін жаңарту үшін ӛз жоо «қайта келетіні» сӛзсіз. Ересектерге білім беру (жаңа педагогикалық ғылым андрогогиканың зерттеу объектісі болып табылады), дипломнан кейінгі оқытудың түрлі формалары қазіргі таңда жоғары мектеп тарапынан белсенді меңгерілуде.

Оныншы заңдылық – жоғары мектептегі дараландыру. Бүкіл әлемде оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымында студенттердің ӛз бетімен жұмысының үлесі артуда.

Қарастырылып жатқан құбылыстың жоғары білім берудің ғылыми әдістемелік қамтылуының даму тенденциясын болжау үшін бірнеше салдары орын алады:



Біріншіден, ӛз бетімен жұмысты ұйымдастыру үшін «нәтижеге бағдарланған білім беру» моделі ӛзекті болады, себебі студенттердің тиімді аудиториядан тыс іс әрекетін педагогикалық қамту үшін оқытудың мақсаттары бірмәнді және диагностикалық болу қажет.

Екіншіден, сан түрлі білім беру нәтижелерін бара-бар бағалау мәселесі алдыңғы орынға шығады. Егер студенттік аудиториядағы жұмыс барысында оқытушы оқу бағдарламасының «іс-шаралық» сипатын меңгеру барысы туралы кейбір ақпаратты игерсе, онда оның ӛз бетімен жұмысын бағалау оңай болмайды.

Ҥшіншіден, оқу материалының мазмұның дараландырумен байланысты мәселелер ерекше ӛзектілікке ие болады, себебі әрбір студентте түрлі даярлық деңгейі болады, оқу іс әрекетінің стилі, меңгеру темпі және басқа да тұлғалық параметрлер түрліше болып келеді.

Қазақстан Республикасында жоғары білім беру

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта оның демократилық және экономикалық дамыған мемлекет құруға бағытталған жалпымемлекеттік контекстінде сапалық қайта құрулар бағытында жүзеге асып келеді.

Осыған байланысты жоғары кәсіби білімнің дамуы қоғам дамуы мәселелерімен тікелей байланысты және ол келесідей әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарға тәуелді:


    • қоғамның нарықтық экономикаға кӛшуі, соның салдарынан ӛндіріс күштері мен ӛндіріс қатынастарының сипаттары ӛзгерді, ӛндіріс субъектілерінің әлеуметтік статустары ӛзгерді;

    • ғылыми ӛндірістердің ӛсуі, олардыңтиімді ұйымдастырылуы үшін негізінен жоғары кәсіби білімді мамандар талап етілді;

    • ғылыми және техникалық ақпараттың кӛлемі соңғы бес жылда екі есеге артты және ақпараттың әр үш жылда жаңаруы болжануда;

    • ӛндірістік күштердің моралдьді ескіруімен туындаған технологиялардың тез ауысуы және мамандар біліктілік деңгейінің жетіспеушілігі;

    • түрлі ғылымдардың тоғысында және білімнің пәндік салаларының синтезінде жүргізілетін ғылыми ізденістердің интегративті сипаты;

    • қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалану денелік және ақыл-ой еңбегіне негізделген ақыл-ой іс- әрекетінің құралы ретінде.

Қазақстандық білім беру реформасы «білім беру саласында қалыптасқан шынайы жағдайды және қоғам мен мемлекеттің болашақта дамуының мүмкін жолдарын ескере отырып, стратегия құру арқылы қоғамдағы динамикалық әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер жағдайында білім берудің сапалы реформасын жүргізуге болады. Мұндай стратегия тез ӛзгеретін шынайы жағдайға бейім, әрекеттің иілгіш тактикалық бағдарламасын жасау үшін негіз бола алу қажет.

Қазақстандағы білім беру жүйесінің модернизациясының басты бағыттарының мақсаты – жаһандануды ескере отырып, нарықтық экономика жағдайында оның сапалық қайта құрылуын қамтамасыз ету.

Қазақстанның білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негізін Конституция (1995 ж), ҚР «Білім туралы» Заңы (2007 ж.), ҚР Президентінің Бұйрықтары, Үкімет Қаулылары құрайды. Білім беру саласындағы приоритеттерді анықтайтын құжат «2010 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық жоспары» (2001 ж.), «2011-2020 жылдарға арналағн Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту бағдарламасы» (2010 ж.). Бұл құжаттарда кӛрсетілген идеология мен принциптер кең саяси мәселелер мен білім беру жүйесін реформалаудың нақты бағыттары бойынша Бағдарламаларды жасау жә»не енгізу үшін мүмкін жүйелі ыңғайларды анықтайды.

Бұл құжаттарда жоғары білім беру жүйесіне ерекше қоғамдық мәртебе беріледі және жоғары кәсіби мамандарды озық даярлау, жаңа жағдайдағы иілгіштік пен бейімділікті қамтамасыз етудегі ерекше сала ретінде танылады. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім берудің дамыту бағдарламасында келесідей міндеттер қойылды:



    • кең іргелі білімге ие, бастамашыл, еңбек нарығы және технологияның ӛзгермелі талаптарына бейімделуге қабілетті, жаңа формациядағы маман даярлау;

    • жоғары білім берудің барлық жүйелерінің білім беру үрдісінің демократизациясы арқылы сапалы білім беру қызметтерін кӛрсету мотивациясын арттыру;

    • халықаралық аккредитациядан ӛтуге жеке жоғары оқу орындарын дайындау, элитарлы жоғары оқу орындарын дамыту үшін объективті жағдайлар тудыру;

    • жоо басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлу және жоо автономдылығын арттыру жүйесін ендіру;

    • студенттердің сапалы білім алуға құқықтарын нығайту, сапалы білім беру ӛызметіән кӛрсету үшін жоо жетекшілерінің жауапкершілігін анықтайтын механизмдерді ӛңдеу және ендіру.

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін реформалаудың ӛзектілігі оның әлеуметтік қызметінің маңыздылығымен түсіндіріледі – қазіргі қоғамда білім беру әлеуметтік институт ретінде білімді ӛңдеу және жариялаумен түсіндіріледі. Қазақстандағы білім беру жүйесін модернизациялаудағы максималды жетістікке білім беру саясатында кӛрсетілген үкіметтің барлық бағдарламалық тұрғылар білім беру жүйесінің әлемдік тәжірибесінде жинақталған барынша жағымды әлеует жинай алған жағдайда ғана жете алады.

Қазақстанда жоғары білім беру жҥйесін реформалаудың негізгі сатылары.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері жоғары білім беру жүйесін реформалау сатыларын шартты түрде былайшы бӛлуге болады:



Бірінші саты (1991-1994 жж.) заңды және нормативтік- құқықтық базаның қалыптасуы. Бұл сатының негізгі міндеттері мамандар даярлау республиканың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, нарық экономикасы, облыстар мен аймақтар қажеттіліктерін ӛтеу мақсатында жоғары білім беру мекемелерінің жүйесін құру және жоғары білім берудің мамандықтарын жаңарту.

1994 жылы Қазақстан Республикасының жоғары білім берудің Мемлекеттік Стандарты бекітілді, ол алғаш рет елдегі жоғары білімнің кӛпсатылы құрылымын, бакалавр және магистр академиялық деңгейлерін жүргізуді анықтады.



Екінші саты (1995-1998 жж.) – жоғары білім беру жүйесінің модернизациясы, оның мазмұнын жаңарту.

Бұл саты жоғары білім беру жүйесінің дамуының концептуалды анықтамасымен сипатталады, ол 1995 жылы 4 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің мемлекеттік саясаты бойынша Ұлттық кеңестің бекітуімен білім беру саласының мемлекеттік саясатының Тұжырымдамасында кӛрініс тапқан. Ол жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін жаңа нормативтік құқықтық ережелердің қабылдануымен сипатталады. 1995 жылдан 1997 жылдар аралығында жоғары кәсіби білім берудің 310 мамандықтары бойынша алғашқы қазақстандық білім беру стандарттары қабылданады. 1996 жылы 342 мамандықты қарастыратын Қазақстан Реғспубликасының жоғары білім беру мамандықтарының классификаторының (тізім) жаңа баспасы бекітілді. Білім берудің мемлекеттік емес секторы қарқынды дамиды.



Ҥшінші саты (1999-2000 жж.)– білім беруді басқару және қыржыландырудың орталықтандырылуы, білім беру ұйымдарының академиялық еркіндігінің кеңеюі.

Бұл сатыда білім беру ұйымдарының басқару жүйесі шынайы түрде орталықтандырылады. Жоғары оқу орнына қабылдау принциптері толықтай ӛзгереді, жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлау мемлекеттік білім беру тапсырыстары негізіне кӛшеді. 1999 жылдан талапкерлерге мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім несиелері бойынша конкурстық негізде қабылдау жолымен жоғары оқу орындарының студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді.



Тӛртінші саты (2001-2004 жж.)- жоғары және орта білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы.

ХХІ ғасырда жоғары кәсіби білім берудің дамуының негізгі бағыттары анықталды. Кәсіби білім беру мазмұнына кәсіби іс- әрекетке даярлықты қамтамасыз ететін білім, іскерлік және дағдылар жүйесі ретінде келесілер кіреді:



  • ұғымдар, ережелер, табиғатта, қоғамда, мәдениетте және техникада болып жатқан құбылыстарды түсіндіретін алгоритмдер мен қазіргі теориялар сомасы;

  • заттар, еңбек үрдісінде қолданылатын еңбек құралдары мен механизмдері туралы білімдер сомасы;

  • кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға кепілдік ететін іс әрекет тәсілдерін оқыту.

Кез-келген маманды даярлау мазмұны педагогикалық жүйенің басты бӛлігі болып табылады. Оқыту мазмұны түрлі қызметтер атқарады:

  • Ақпараттық;

  • әдістемелік;

  • оқыту;

  • дамыту;

  • тәрбиелеуші.

Маманның кәсіби даярлығының мазмұны келесі бағдарламалы құжаттарда кӛрініс тапқан:

  • Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты;

  • Ұлттық аймақтық компонентті білім беру стандарты;

  • Нақты мамандықтардың оқу жоспарлары;

  • Жеке пәндердің оқу бағдарламалары.

Стандарт (лат.standart-норма, үлгі) кең мағынада үлгі, эталон, модель деген білдіреді. Кәсіби білім берудегі стандарттың қажеттілігі түрлі оқу орындарындағы кәсіби оқытудың мазмұны мен сапасының базалық талаптарын тәртіптеу қажеттілігімен байланысты. Кәсіби білім беру стандартының болуы мынаған мүмкіндік береді:

  • біліктіліктің базалық деңгейін орнату, оқытудың түрлі сатыларында маманды даярлаудың базалық деңгейін орнату;

  • кәсіби оқытудың сапасын бейінді кеңейту есебінен арттыру, білім берудің мазмұнын, қолданылатын педагогикалық технологияларды, оқытудың тәсілдері мен әдістерін универсализациялау;

  • кәсіби білім берудің мемлекет ішіндегі және одан тыс конвертациялауын қамтамасыз ету;

  • білім алушылардың құқығын ретке келтіру және

  • кәсіби даярлау және кәсіби білім беретін түрлі оқу орындарының жауапкершілігін арттыру;

  • үздіксіз білім беру жүйесіндегі кәсіби білім берудің әрбір деңгейін орнын орнату.

Кәсіби білім беру стандарты халықаралық, мемлекеттік және аймақтық болуы мүмкін. Мемлекеттік білім беру стандарты білім

беру кеңістігінің бірлігін сақтауға, үздіксіз білім берудің мүмкіндігін, академиялық ұтқырлықты, қаржы және материалдық ресурстарды рационалды жұмсауды қамтамасыз етеді. Стандарттар тұлғаның мемлекеттің тапсырыстарына, оларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес болуы қажет және жеткілікті түрде қатаң үлгілерге сүйенетін технологиялық құралдарды игеру қажет.

2004 жылдың ақпанында Қазақстан үкіметі 2015 жылға дейінгі ҚР білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасын қолдады. Тұжырымдама негізінде «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдар аралығында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» жасалды. Бағдарлама жалпыұлттық ұстаным ретінде білім берудің анықтайды, Қазақстан Республикасының білім беру саясатын ұзақ мерзімге жүзеге асырудың ұйымдастыру негізін құрады және заңға, қаржыландыру жүйесіне, білім беру мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім берудің басқару жүйесіне мамандық және әлеуметтік саясатқа ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылды. Бағдарламада дамытудың келесідей негізгі бағыттары кӛрсетілген:


    • 12-жылдық жалпы орта білім беруге кӛшу. Жоғары сынып оқушыларын салалық және кәсіби бағдарланған оқыту жүйесін енгізу.

    • Жаңа саты –орта білімнен кейінгі кәсіби білім енгізу;

    • Кәсіби мамандарды даярлаудың үшдеңгейлі жүйесімен қамту: бакалавриат-магистратура- докторантура (PhD);

    • Білім берудің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру. Сонымен қатар, білім берудің ұлттық жүйесіне жаңа саты

«Орта білімнен кейінгі кәсіби білім беруді» енгізеді. Бұл сатыда тек орта жалпы білім беру базасында экономика, құқық, экология, әлеуметтану, психология, медицина, ақпараттық технологиялар және иннновациялық менеджмент саласындағы қызмет кӛрсету басқару еңбегінің орта буын мамандарын даярлау жүзеге асырылады. Бұл деңгейдегі білім беру бағдарламаларының мазмұны кәсіби бағдарламамен қоса, жоғары оқу орындарының бакалавриавтының 1-2 курстарында білім беру бағдарламаларымен кіріктірілген пәндер енеді. Оқу аяқтағаннан соң қызмет кӛрсету және басқару еңбегінің кіші маманы деңгейінде біліктілік беруледі.

Орта буын мамандарын даярлайтын колледждердің мәртебесін жоғары деңгейге кӛтеру орын алуда. Енді колледж түлектері туыс

мамандығы бойынша жоо үшінші курсына түсуге мүмкіндік ала алады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет