ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Педагогика курсы мазмҧнының жалпы сипаты



бет7/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Педагогика курсы мазмҧнының жалпы сипаты


Білім беру мазмҧны – жас ұрпаққа нені оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім беру мазмҧнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және дағдылардың нақты жҥйесі деген түсінік қалыптасып келді. Бұл жүйеге білім алушылардың белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман ӛндірістері, мәдениет және ӛнер туралы білім; білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді.

Білім беру мазмұны кез-келген оқу орны ұмтылатын соңғы нәтижесі болып табылады. Білім беру мазмұны келесі талаптардың тізімін құрайды. Олар:



    • тұлғаның ӛзін-ӛзі анықтауды қамтамасыз етуге бағытталған болу керек, оның жүзеге асу жайттарын құру; қоғамның дамуы;

    • әлемдік деңгейге сай қоғамның жалпы және кәсіби мәдениетіне сәйкес; білім алушылардың білімнің қазіргі деңгейі мен білім беру бағдарламаларының деңгейіне сәйкес, тұлғаның ұлттық және әлемдік мәдениетке интеграциясына сәйкес дүниеге кӛзқарасын қалыптастыру;

    • қазіргі қоғамның жағдайына бейімделген және сол қоғамды жетілдіруді кӛздеген адамды және азаматты қалыптастыру;

    • жастардың мамандық және соған сәйкес біліктілік алуға бағытталуы;

    • нәсілдік, ұлттық, діни және әлеуметтік жтқызылуына тәуелсіз адамдар арасындағы халықтар арасындағы ӛзара түсіністік пен ынтымақтастыққа, түрлі дүниетанымдық ыңғайларды ескеруге,

білім алушылардың ой мен пікірін еркін таңдауға құқығын жүзеге асыру мүмкіндігіне ықпал етеді.

Білім беру мазмұны категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері; қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі; ӛмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары кӛрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды. Сан мыңдаған даму тарихында адамзат ӛте кӛп білім жинақтады.

Білім беру мазмұнының мәселесі ғасырлар бойы ӛткір теориялық, идеялық саяси күрестің пәні болып келді, оның шешілуінен халықтың мәдени деңгейі, оның ӛмір сүру деңгейі, жастардың ӛзбетті ӛмірге, еңбекке даярлығы байланысты болды. Бұл мәселе бүгінгі күнде барлық әлемде ерекше кӛкейтесті, білім беруде дағдарысы жалғасып жатқанда, бірқатар қарама қайшылықтар айқындалуда:


    • Қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттіліктері мен түлектердің жаңа жағдайда сәйкес орынды алуға даярлығы;

    • Бәсекелі экономикаға оқушы тұлғасының қатысуы мен оған деген қажетті сапалардың бойында болмауы арасында;

    • әлеуметтік экономикалық және қоғамдық ӛмірдегі кӛбейіп отыратын ақпарат пен білім алушының осы үрдіске даярланбағандығы арасында т.б.

Жалпы қоғамдағы үдерістердің инновациялық сипат алуы және ӛзгерістердің басты ресурстары ретінде адам капиталы белгіленуі білім беру жүйелеріндегі барлық салаларды жаңаша ҧйымдастыру талаптарын қоюда. Қазіргі педагогикалық жүйелерді дамыту бағыттарын кӛрсететін бірнеше маңызды факторларды атауға болады. Олар:

  • Жаңа білімді «туындату», немесе жаңа білім түзілімдерін құрастыруға (бұрын тек мұғалім ғана жаңа білім кӛзі бола алатын) кӛптеген адамдардың, ұжымдардың қатысуына байланысты педагогтардың ролінің, сонымен қатар, білім беру мазмҧнының ӛзгеруі;

  • Педагогтардың бойында ӛз әрекетін интеллектуалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін жаңа қҧзыреттіліктерін дамыту қажеттігі;

  • Қазіргі заманда ӛмір сүру барысында кез келген адамның қҧзыреттік сапаларын бірнеше рет жаңартып отыру қажеттігін түсіну;

  • Бүгінгі білім берудің жекеленуге бағытталуы, яғни, әрбір білім алушы педагогтар мен тьюторлардың кӛмегімен, ӛзіндік білім алу траекториясын құрастыра алуы талап етілуі;

  • Педагогикалық жүйелерді басқарушылардың қатарында жаңа проблемаларды шеше алатын, ойлау мен инновациялық әрекет етудің жаңаша ҥлгілерін жасай алатын адамдар болуын қажет етуі;

  • Ғылыми білімнің мектептегі сабақ–сыныптық, университеттердегі дәрістік–семинарлық формада жаттанды тҥрде берілуін ӛзгерту қажеттігі.

Білім беру мазмҧны – педагогикалық бейімделген білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың жүйесі, шығармашылық іс- әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдық- құндылықтық қатынас, оларды меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Білім берудің мазмұны білім алушыларды әлеуметтік, кәсіптік емес іс-әрекетке қатынасуын қамтамасыз етеді. Әрбір индивидтің дүниеге деген қатынасын ондағы ӛз орнын анықтауды азаматтық позициясын шарттандыратын дүниеге кӛзқарасты, құндылықтар мен мұраттар жүйесін қалыптастырады.

Дәстүрлі педагогика адамның әлеуметтік мәнін ғана мойындайды, одан білім беру мақсаты болып әлеуметтік маңызды сапаларды қалыптастыру, адамның қоғам мүшесі ретінде дамыту келіп шығады. Білім берудің тұлғалық-бағдарлы мазмұны тұтас адамның дамуына бағытталған: оның табиғи қабілеттерін (денсаулығын, ойлау, сезіну, әрекеттену қабілеттері); оның әлеуметтік қасиеттерін (азамат, жанұя қожайыны, еңбекқор болу) және мәдениет субъектісінің қасиеттерін (еркіндігін, ізгіліктілігін, руханилығын, шығармашылығын). Мұнда әрі табиғи, әрі әлеуметтік, әрі мәдени бастауларды дамыту жалпыадамзат, ұлттық және аймақтық құндылықтарға ие білім беру мазмұны контекстінде жүзеге асады

Білім берудің тҧлғалық-бағдарлы мазмҧны педагогикалық білім беруді үш ӛзара байланысты және ӛзара толықтырушы бағыттарды қарастырады. Бірінші бағыты педагогикалық білім берудегі пәндік дайындықтың орны және ролін қайта ойластырумен байланысты. Алдыңғы қатарлы парадигмаларға

қарағанда педагогикалық білім беру («Ӛз пәнінді біл және оны анық айт», «Оқыту әдістемесін біл және оған мүлтіксіз бағын») бұл тұжырымдама «Оқушыны дамыту тәсілі ретінде оқыту пәнін жаса» парадигмасын ұсынады. Екінші бағыты студенттің ӛзіндік оқу әрекеті және оның тұлғалық педагогикалық ұстанымының құрылу қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңу жолдарын қарастыру. Білім беру мазмұнында берілген қарама-қайшылықты шешу мүмкіндіктері түрлі рефлексия формаларының құрылуы, оқу формаларын құрастыру, біртұтас білім беру үдерісі ретінде байланыстыратын (жеке оқу іс-әрекеті), сондай-ақ оның түсінуі және зерттеу жұмысы. Үшінші бағыт педагогикалық білім берудің түрлі сатыларында оқытушының іс-әрекетінің ӛзгерісін талап ететін мазмұн: педагогикалық технологияларды және білімді

«таратушыдан» «шебер» жұмысына дейін, студенттерде педагогикалық қабілеттерді қалыптастыру мақсатында біріккен іс- әрекетті ұйымдастыру, «кеңесші» ұстанымына дейін, студентпен біріге отырып оның болашақ кәсіби іс-әрекетін жобалау.

Білім беру мазмҧнын қалыптастыру принциптерінің ішіндегі негізгілеріне тӛмендегілер жатады:


  • ғылыми, әлеуметтік және мәдени дамудың соңғы жетістіктерінің мектепте берілетін білімнен кӛрініс табатын ғылымилығы;

  • әрбір жаңа білім алдыңғы берілген біліммен байланысты және содан туындайтынын кӛрсететін білім мазмұнын жоспарлаудан тұратын бірізділік;

  • тарихилық, яғни білім мазмұнында мектептердегі қандай да болмасын білім салаларының, даму тарихының оқылатын мәселелер бойынша белгілі ғылымдардың іс-әрекетінен кӛрініс табуы;

  • жҥйелілік, яғни оқылатын білім мен қалыптастыратын біліктіліктерді адамзат мәдениетінің жалпы жүйесінде және ӛзара кірігетін барлық оқу курстары мен басты білім мазмұнының жүйесінде қарастыру.

  • білімнің шынайылығын практикада бекітудің әмбебап құралы ретінде және берілген білім мен қалыптасқан біліктіліктердің әсерін тексеру тәсілі ретінде ӛмірмен байланыстылық принципі;

  • меңгеруге берілетін білім, біліктіліктердің қандай да болмасын жүйелерінің білім алушылардың дайындық деңгейіне және жас ерекшелік мҥмкіндіктеріне сәйкестігі; егер материал

тым жеңіл болса, онда білімде, танымдық процесстер де ӛте баяу, мүмкіндіктеріне сәйкеспей дамиды.

  • оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымын, ғылыми білімдердің оқулықтарды берілу деңгейлерін,оқылатын ғылыми ұғымдар мен терминдердің кірістірілу деңгейлері анықталатын тҥсініктілік принципі.

Білім мазмҧнын қалыптастырудың ҧстанымдары: бүкіл элементтерінің және бүкіл деңгейлерінде қоғамның сұранысына сәйкестігі, оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының бірлігі, ақырында оқыту процесінде оны жүзеге асырудың нақты формаларында жалпыдан жекелікке қозғалысында білім мазмұнының әр түрлі деңгейде қалыптасуында құрылымдық бірлігі.

Білім мазмұнының қайнар кӛзі – материалдық және рухани мәдениетте бекітілген адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Әлеуметтік тәжірибе 4 элементті енгізеді: білім /олардың түрлерінің жиынтығы индивидте қоршаған шындық туралы жалпы түсінік және қажетті іс-әрекетте бағытталғандығын анықтайды/; іс- әрекеттің тәсілдерін жҥзеге асыру тәжірибесі /оны меңгеру барысында іскерліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың қызметі жинақталған мәдениетті қайта жасап сақтап және дамыту болады, сол арқылы қоғамның репродуктивтік іс-әрекеті қамтамасыз етіледі/, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі /оның функциясы – мәдениетті әрі қарай дамыту/; шындыққа, ӛз іс- әрекетіне, ӛз-ӛзіне деген эмоционалдық-қҧндылықтық қатынастың тәжірибесі.

Адамның және адамзаттың ақиқат шындықты тануының нәтижесi бiлiм болып табылады және оның ақиқатпен сәйкес келуi- бiлiмнiң шындығымен сипатталады. Әрбiр жаңа бiлiм, адамның қоршаған дүниенi тануын тереңдетедi, кеңейтедi және ақиқат шындыққа неғұрлым саналы қарауға мүмкiндiк бередi. Ол - рухани ӛнiмнiң ерекше формасы болып табылатын ғылымитеориялық қызмет. Оның нәтижесi - ғылыми бiлiмнiң ерекше парадигмалық тұжырымдамасын құру, ал одан да жоғарырақ құрылымдық бiрлiгi болып табылатын адамға күнделiктi санасында берiлетiн дүние бейнесiнен ӛзгеше және дәуiрдiң ең мәндi жаратылыс-ғылыми кӛзқарастарын бiрiктiретiн - дүниенiң ғылыми бейнесi.

«Білім» педагогикада кең және тар мағынада қарастырылады. Қандай да бір адамның терең білімі бар екендігі туралы айтқанда,

теориялық және тәжірибелік білім мен оларды қолдана білу іскерліктерінің кешені жӛнінде сӛз болады. Ал, қандай да бір жеке пәнді оқып-үйренуде оқушының меңгеретін білім қоры мен оған сәйкес іскерлік пен дағдылар туралы айтқанда, білім тар шеңберде қолданылады. Тар шеңбердегі білім - оқу материалының ұғымдық- деректік құраушысы, оған нақты ӛзара байланысты деректер, теориялық материалдар, терминдер, әрекет тәсілдері туралы білім жатады. Бiлiм - шындықты ӛзгертудiң маңызды құралы бола отырып, ӛсуi жағынан қазiргi уақытта кез-келген басқа жүйенiң ӛсуiн басып озатын, динамикалық жүйе.

«Білім беру» ұғымын зерттеуге әр түрлi кӛзқарастар қалыптасқан. Кейбiр ғалымдар білім беруді екi жақты үдеріс – сабақ беру және оқу үдерісі, яғни оқытушы мен білім алушының бiрлескен әрекетi ретiнде анықтайды. Ол оқытушының басшылығымен ғылыми бiлiмдер, дағдылар, iскерлiктердiң белгiлi бiр жүйесiн меңгеруге бағытталған. Білім беру үдерісi бiлiм, iскерлiк және дағды жүйесiн саналы, берiк меңгеруге бағытталған және педагог кӛмегiмен басқарылатын білім алушылардың дәйектi амал-әрекеттерiнiң жиынтығын бередi. Оның барысында танымдық күштерi дамиды, ақыл- ой және дене еңбегi мәдениетiнiң элементтерiн игередi. Оқытушы мен білім алушының, әлеуметтiк тәжiрибе мазмұнының қандай да бiр бӛлiгiн білім алушының меңгеруi мақсатындағы ӛзара әсерлесуi.

Жалпы білім берудің келесі мазмҧндық қырларын бӛліп кӛрсетуге болады:


    • білім беру қҧндылық ретінде;

    • білім беру әлеуметтік- мәдени қҧбылыс ретінде,

    • білім беру жҥйе ретінде;

    • білім беру ҥрдіс және нәтиже ретінде.

Адам - қоғамның ең жоғары қҧндылығы және қоғамдық дамудың мақсаты ретінде алынады. Құндылықтар (ӛмір, денсаулық, махаббат, білім, еңбек ету, бейбітшік, әдемілік, шығармашылық) адамдарды қай кезеңде де алаңдатты және олар тұрақты. Жалпы адамзаттық құндылықтар мазмұны гуманистік бастамалар, адам тұлғасының ӛзіндік құндылығын бекіту, оның құқығын, еркіндігін құрметтеуді қоғамдық ӛмірге сырттан енгізуге болмайды. Оны кейін қалдыруға да болмайды. Әлеуметтік даму процесі, осы бастамалардың даму процесі.

Ал, адам санасындағы құндылыққа – қоғамдық ой, мақсат, баға беру, түрлі нормалар жатады.



  1. Жалпы адамзаттық құндылықтар: адам ӛмірі, бостандық, отбасы, адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, мәдениет, денсаулық, заңдылық.

  2. Рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар: мәдениет, әдебиет, тарих, тіл, дін, діл, ар, ұят, намыс, абырой, дәстүр, әдет- ғұрып, салт, ұлттық дүниетаным, туыстық қатынастар, Отан, Ана, Жер т.б.

Сондықтан, педагогика «құндылық» ұғымын адамның жан- жақты жетілуіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы қасиеттердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырады. Себебі, тәрбие қызметі ең маңызды, ең қажетті сапаларды тұлға бойында қалыптастыруды кӛздейді. Құндылықтың адам үшін маңыздылығы мен қажеттілігін ұғыну үшін оның мәнін жан-жақты деңгейде қарастыру қажет.

Білім беру әлеуметтік- мәдени қҧбылыс ретінде келесі әлеуметтік мәдени қызметтерді атқарады:

  • Тұлғаны әртүрлі қоғамдық, ӛмірлік қызметтерге дайындау және қосу;

  • Адамды ӛмірге және мәдениетке араластыру;

  • Тұлғаны әлеуметтендіру;

  • Адамның қоғамдық және жеке ӛмірін қалыптастыру механизмі;

  • Аймақтық жүйелі дамыту және ұлттық дәстүрді сақтау;

  • Мәдени құндылықты және қоғамның даму мақсаттарын жеткізу немесе іске асыру.

Әлеуметтендiру - адамның қоғам ӛмiрiне бiр қалыпты енуiн, әлеуметтiк тәжiрибенi индивидтың меңгеруi және қайта ӛңдеуiн қамтамасыз ету. Әлеуметтендiру бiрлескен әрекет және белгiлi бiр мәдени ортада қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асырылады. Әлеуметтiк позиция, ӛзiндiк сана дүниетанымдық құндылық- мәндiлiк негiзi және жеке сананың басқа да компоненттерi оның мазмұны. Тұлға ӛзiн әлеуметтiк тәжiрибеден алады, оны қаншалықты алады және бұл алғандарын психика қалай сапалық жағынан қайта ӛңдей алады, оған қандай мән-мағына бередi, мiне, осыларды кӛрсетедi. Әлеуметтендiру тұлға үшiн тиiмдi жүзеге асуы, бiлiм беру оған ӛмiр, шығармашылық, рефлексия, ӛзiнiң

даралығын сақтау сияқты бейiмделу механизмдерiн қалауы болып табылады;



Білім беру жҥйе ретінде педагогикалық құбылыстардың диалектикалық табиғатына және оның тұтастық сипатына сәйкес педагогикалық жүйелердің құрамы қызмет етуі мен дамуына қажетті және жеткілікті компоненттері мен олардың ӛзара байланыстарынан тұрады. «Жүйе» – жалпы мақсаттардың бірігуімен ӛзара байланыстан элементтер. Жүйенің негізгі сипаттарының бірі – оның тұтастығы, сонымен қатар, тұтастық тек жүйенің ӛзінің қасиеті ретінде ғана емес, оны ӛз элементтеріне қосылмайтын және сыртқы ортаға қарсы тұратын ішкі тұтастық ретінде зерттеу тәсілі болып қарастырылады. Сонымен педагогикалық жҥйелер – жас ұрпақты және ересектерді тәрбиелеу, оқыту, білім беру мақсатында құрылған ӛзара байланысты құрылымдық және қызметтік компоненттердің жиынтығы.

«Педагогикалық жҥйелер» ұғымы осы Заңның «Білім беру жүйесі» деп аталатын 3-тарауындағы 10-бапқа сүйене отырып,

«Білім беру жүйесі – Қазақстан Республикасының білім беру жҥйесі ӛзара іс-қимыл жасайтын: 1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының; 2) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының; 3) білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ҧйымдарының жиынтығын білдіреді» деген анықтамалары негізінде қарастырылады.



Педагогикалық жҥйелердің компоненттері ҚР «Білім туралы» Заңның 3-тарауының 11-бабында «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:

  1. мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;

  2. бастауыш білім беруді;

  3. негізгі орта білім беруді;

  4. орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);

  5. орта білімнен кейінгі білім беруді;

  6. жоғары білім беруді;

  7. жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды деп кӛрсетілген.

Білім беру адамды тәрбиелеу және оқытуға тәуелді ӛзінің сапалық сипаттамасына сәйкес тек процес қана емес,білім беру мақсатының жүзеге асырылу дәрежесін кӛрсететін нәтиже болып табылады. Білім берудің нәтижесі барлық «білім беру қызметін пайдаланушылар» - мемлекет, қоғам, әрбір адамның экономикалық, адамгершілік, интелектуалдық жағдайы үшін маңызды құндылықтарды меңгеру дәрежесімен анықталады.

Бүгінгі білім беру нәтижесіне қойылар талап дәстүрлі білім, білік, дағдылар қалыптастырудан да жоғары білім беру сапасы алынып, сапа кӛрсеткіштері ретінде қҧзіреттіліктер қарастыруда.

Құзіреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін екі басты түрі белгіленіп отыр. Олар:


    • «пәндік» - белгілі бір саланы игеруге қажетті білім мен білік;

    • «пәннен жоғары- метапәндік» - адамның ӛз білімін пайдалана алу және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, ӛз әрекетерін басқару дағдылары сияқты қасиеттері.

Білім беру мазмұны педагогикалық процестің мәнді жағымен де шартталады, ӛйткені тұлғалық сипаттағы сұрақтарға жауап береді.

«Ӛзбетті ӛмірге қандай тұлға енеді?», «Ол динамикалық дамып жатқан ортада ӛмір сүруге қабілетті ме?», «Ӛзінің және қоғамның қызығушылықтары бойынша ӛзін-ӛзі ӛзектендіруге дайын ба?»,

«Қандай құндылық бағдарлардың тасымалдаушысы болады?»,

«Ойлары мен идеялары қаншалықты шығармашыл болады?»,

«Тұлға қоғамда қандай ӛмірлік позицияны ұстанады?», «Қоршаған ортаға, басқа адамдарға қандай қатынасының кӛрінуімен сипатталады?».

Педагогика курсының мазмұнын құруда білім алушылардың жас шамасы, олардың жалпы білімділік деңгейі, болашақ кәсіби қызметтің сипаты сынды параметрлер есепке алынады. Мазмұнды белгілеуде педагогикалық мәселелердің теориялық ӛңделу деңгейі де маңызды. Оқу пәнінің мазмұнына педагогиканың ғылым ретінде дамуы әсер етеді. Біздің еліміздегі жалпы орта білім, кәсіби орта және жоғары оқу орынының дамуы педагогикада жаңа мәселелердің туындауына, оның әрі қарай дамуына әкеледі.

Соңғы уақытта білім берудің мазмұнын жасауда жаңа тұрғы кең таралған. Ол болашақ маманның еңбегінің сипаты мен мазмұнын зерттеудің негізінде жасалады. Осы зерттеулер нәтижесінен педагогтың кәсібилігіне қойылатын талаптар белгіленеді. Бұл педагогтардың профессиограммасын жасауда қолданылады.

Педагогика курсының мазмұны стандартта, бағдарламада, оқулықтарда жинақталған. Ол негізгі курстан, таңдау курстарынан құралған.

Біздің еліміздегі жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарты жоғары кәсіби білімнің құрылымын, жоғары білім құжаттарын, білім бағдарламалары мен оны жүзеге асырудың жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды, студенттің оқу жүктемесінің нормативін, жоғары оқу орнының академиялық бостандығын, білім бағыттарына қойылатын талаптарды, мемлекеттік бақылау ережелерін орнатады. Жоғары білім беру стандарты- жоғары оқу орны түлегінің білімі мен біліктеріне қойылатын қажетті талаптардың минимальды жүйесі. Осы талаптардың орындалу кӛрсеткіші жоғары оқу орнының түлегін жұмысқа алушыға толықтай кепілдік бере алады. Сондықтан стандарт оқу орнының орналасу аумағына қарамастан түлекті қажетті сипаттамамен (мінездемемен) қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік стандартта ұлттық жоғары білім беру жүйесін европалық және халықаралық білім кеңістігіне енуге мүмкіндік беретін Болонский декларациясының маңызды сипаттамалары қарастырылған. Стандарт кредиттік білім беру жүйесіне негізделген, ал ол ӛз кезегінде ұлттық оқу бағдарламаларын халықаралық мойындауды қамтамысыз ету мақсатын, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының мобильділігіне жағдай туғызуын, білім сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді. Кредиттік жүйе ӛзбетті білім алу деңгейін жетілдіру мен шығармашылық тұрғыдан жекелей игеруге, білім траекториясын таңдау мен білім кӛлемін кредитпен ӛлшеуді қамтитын білім беру жүйесі деп есептелінеді. Стандарт үнемі ӛзгеріп отыратын нарық жағдайында түлектердің жоғары мобильдігін қамтамасыз ететін, мамандық моделінің құзырлығына негізделген. Маманның аталған моделі жоғары оқу орны түлегінің қажетті компетенттілігінің сипаттамасын, ол қандай кәсіби қызметтерді орындауға дайын болу

керектігін, және де ол нақты қызметтерді орындауға қаншалықты дәрежеде дайын болу керектігін кӛрсетеді.

Білім беру бағдарламасы жалпы білім беру және кәсіби білім беру болып жіктеледі, оның әрқайсысына тән циклге біріккен пәндер тізімі болады: жалпы білім беру пәндері (ЖБП), базалық пәндер циклі (БП), мамандандырылған пәндер циклі (КП), оқу жұмысының басқа түрлері (тәжірибе, әскери дайындық). Әрбір цикл міндетті және таңдау пәндерінен тұрады. Жалпы білім беру пәндері (ЖБП) білім бағдарламасы мазмұнының 25%, базалық пәндер (БП) жалпы білім беру бағдарламасының 50%, мамандандырылған пәндер 25% құрайды. Жалпы білім беру пәндері (ЖБП) тізімінде міндетті пәндер мен таңдау пәндері нақты кӛрсетіледі. Бакалавр білім үдерісінің аяқталуының негізгі критерийі студенттің 128 кредит немесе 5760 академиялық сағат кӛлеміндегі теориялық сағат оқуы. Магистрлік бағдарлама бойынша дайындау елімізде 1995 жалы эксперимент түрінде енгізілді. Оқу жоспарын жоғары оқу орны ұсынып, бекітіп отырды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді кӛтеру тұжырымдамасына және ГОСО РК 5.03.02.-2004 сәйкес магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі білім болып есептелінеді. Мамандарды дайындау екі бағытта жүзеге асады: оқу уақыты 1 жыл болатын профильдік және ғылыми-педагогикалық – 2жыл. Сонымен қатар магистратура бағдарламасы оқудың ғылыми- методологиялық бағытын айқындап, кәсіби дайындығының тереңдігін қамтамасыз ету керек. Профилдік магистратурада магистрант кем дегенде 30 кредит, ал ғылыми-педагогикалықта -60 кредитті игеруі керек. Мемлекеттік стандартқа сәйкес әрбір кредит академиялық кезеңдегі магистранттың жұмасына 1 академиялық сағат аудиторлық жұмысына тең, әрбір академиялық сағатта 2 сағат ӛзбетті жұмыс болады. Теориялық дайындық екі пәндер циклін қамтиды: оқу бағдарламасының 40% қамтитын базалық пәндер (БП) және мамандандырылған пәндер (КП) қамтиды. 20% магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына тиесілі. Базалық пәндердің міндетті компоненті стандартпен белгіленеді. Қорытынды мемлекеттік аттестацияда кешенді емтихан мен магистрлік диссертацияны қорғау қарастырылған. Яғни аталған стандарт бойынша таңдау пәндері мен ӛзбетті жұмыстың кӛлемі артады.

Құрылымдық жағынан оқу бағдарламалары үш негізгі компоненттерден тұрады. Бірінші компоненті:



  1. түсінік хатта жоо-ның оқу пәндері жүйесіндегі сол нақты оқу пәнін оқып-үйренудің мақсаттық бағдары;

  2. оқу пәнінің негізгі міндеттері, оның тәрбиелік мүмкіндіктері;

  3. оқу пәнін құруда негізге алынатын жетекші ғылыми идеялар анықталады.

Екінші компонент - білім берудің ӛз мазмұны: тақырыптық жоспар; курс бойынша бӛлімдер мен тақырыптардың тізбесі; негізгі ұғымдар, іскерліктер мен дағдылар; сабақтардың мүмкін болатын түрлері.

Ҥшінші компонент – бағдарламаны жүзеге асыру жолдары туралы кейбір әдістемелік нұсқаулар.

Білім берудің мазмұны қалыптастырудың негізгі ҥш деңгейін бӛліп айтуға болады, олар жалпы теориялық тҥсінік деңгейі, оқу пәнінің деңгейі, оқу материалының деңгейі. Педагогика курсының мазмұны тӛрт негізгі бӛлім енгізілген: 1) педагогиканың жалпы негіздері; 2) дидактика; 3) тәрбие теориясы 4) мектептану.

Білім берудің мазмұны мен құрылымы тұжырымдамасының негізінде базистік оқу жоспары, жекелеген білім салаларының тұжырымдамалары, оқу бағдарламалары және пән оқулықтары жасалады.

«050103- Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврдың бiлiктiлiк сипаттамасы


    1. Кәсіби қызметінің саласы

Кәсiптiк iс-әрекетiнiң шеңберi: бiлiм беру жүйесi.

    1. Кәсiби қызметінің объектiсi

Бiтiрушiлердiң кәсiптiк қызмет объектiсi болып жалпы бiлiм беретiн орта мектеп, мектепке дейiнгi бiлiм және тәрбие жүйесi, бастапқы және орта кәсіптік білім беру ұйымдары, педагогикалық колледж бола алады.

    1. Кәсiби қызмет пәнi

Кәсiптiк қызмет пәндерi болып мыналар есептеледi: оқыту мен тәрбиелеудiң мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, ұйымдастыру формалары, нәтижелерi, Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасы талаптарын жүзеге асыру жолдары; потенциалды мүмкiндiктерiн дамыту мақсатымен психиканың тұлғалық және когнитивтiк аумақтарын зерттеу; жекелiк және

дифференциалды қатынасты даралы-бағдарлы бiлiм беру арқылы жүзеге асыру.



    1. Кәсiптiк қызмет түрлерi

050103 – «педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврлар тӛмендегiдей кәсiптiк қызмет түрлерiн атқара алады:

    • ұйымдастырушылық - технологиялық (педагогикалық технология негiзiнде оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру);

    • ӛндiрiстi-басқарушы («субъект-субъект» ӛзара әрекетi);

    • жобалау (бастауыш мектептегi бiлiм берудi моделüдеу);

    • ғылыми-зерттеу (түрлi ғылыми-зерттеу мекемелердегi ғылыми зерттеу жобаларын моделüдеу және жүзеге асыру, озық педагогикалық тәжiрибенi ғылыми негiзде зерттеу, жинақтау, тарату);

    • бiлiм берушiлiк (психология және педагогика пәндерiнiң оқытушысы, бiлiм беру жүйесiнiң педагог-психологы, мамандарды дайындау және қайта дайындау);

    1. Кәсiптiк iс-әрекетiнiң қызметi оқушылардың субъекттiк iс- әрекеттерiн ұйымдастыру және тұлғаның қалыптасу мен даму процесiн басқару.

    2. Кәсiптiк iс-әрекетерi мiндеттерiнiң түрлерi

Оқушылардың тұлғалық қасиеттерiн қалыптастыру мен дамытуда қоғамның әлеуметтiк тапсырысын орындау; Отандық және әлемдiк стандарттардың талаптарына сәйкес бiлiм берудiң сапалық деңгейiн кӛтеру, озық педагогикалық технологияны меңгеру және оны тәжiрибелiк iс-әрекетке ендiру.

    1. Кәсіби қызметінің бағыттары

Кәсіби қызметінің негізгі бағыттары: сынып ұжымын ұйымдастыру; оқушыларды оқыту және тәрбиелеу; ата-аналар жұртшылығымен байланыс орнату; Білім беру тұжырымдамасының талаптарын жүзеге асыру; ғылыми теориялық білімдері мен кәсіптік біліктілігін кӛтеру; түрлі конференцияларға қатысу, озық педагогикалық және ӛзіндік тәжірибені зерттеу, жинақтау; жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу және ендіру.

    1. Кәсiби қызметтің мазмұны

Педагог-психологтың кәсiби қызметінің мазмұны педагогикалық ғылым мен тәжірибенің талаптарына сәйкес психологиялық-педагогикалық үрдiстi ұйымдастыру, оқушыларының ата-аналарымен жұмысты, мектептен тыс тәрбие мекемелерiмен байланысты әрiптестерiмен ғылыми және

әдiстемелiк қарым-қатынасты, бiлiм берудi дамытудың тұжырымдамасының мақсаттары мен мiндеттерiн жүзеге асыруды қамтиды.



    1. 050103-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврдың тҥйінді қҧзіреттеріне қойылатын талаптар:

  • педагогикалық процестің даму заңдылықтарын ойша елестете білуі керек;

  • білім берудің жалпы заңдылықтары мен ӛзіне тән ерекшеліктерін, оқыту, тәрбие және дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін, педагогиканың және психологияның ұғымдық концептуалды аппаратын білуі керек;

  • теориялық білімдерді тәжірибелік кәсіптік іс-әрекетінде ұйымдастыру біліктілігі болуы керек;

  • педагогикалық және психологиялық іс-әрекетте оқу-тәрбие шараларының жоспарларын, жобаларын, бағдарламаларын жасап жүзеге асыру және оларды ЖОО, колледж, мектеп жұмысында психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету дағдысы болуы керек;

  • білім беру сапасының тиімділігін жақсарту мен арттыруды; педагогикалық-психологиялық мәселелерді қою және шеше білуді жетік білуі керек.

Пәннің білімдік материалдың нақты мазмұны оқулықтар мен әртүрлі оқу құралдарында: анықтамалықтар, жаттығулар жинағы, қосымша әдебиеттік кітаптар, практикумдар, оқу-әдістемелік кешендер және т.б. ашылады. Сонымен қатар оқу материаланың мазмұны электрондық жинақтағыштарда (видеодискалар, видеокассеталар, компьютерлік бағдарламалар) беріледі.

Оқу материалының мазмұны негізінен оқулықта кӛрініс табады. Оқулық – белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімдердің негізін баяндайтын кітап. Оқулық екі негізгі қазметті атқарады: білім беру стандартында кӛрсетілген мазмұнды білім алушыларға түсінікті формада ашып кӛрсететін оқу ақпаратының кӛзі болып табылады; білімдік процесті, соның ішінде ӛздігінен білім алуды да, ұйымдастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу құралы болып табылады.

Оқулықтың құрылымы мәтіннен (негізгі компонент ретінде) және мәтіннен тыс (кӛмекші) компоненттен тұрады.

Түсіндірмелік мәтінге оқулыққа пәндік кіріспе, бӛлімдер, тараулар; ескертулер, түсініктемелер; сӛздіктер; анықтамалықтар т.б. кіреді.

Оқулықтарда оқу мәтіндерінен басқа мәтіннен тыс компоненттер болады. Оларға материалды меңгеру аппараты; иллюстрациялық материалдар; бағдарлау аппараты жатады.

Материалды меңгеру аппараты: сұрақтар, тапсырмалар, ескертулер,инструктивтік материалдар, кестелер, жаттығулар және т.б. қамтиды.

Иллюстрациялық материалдарға пәндік және сюжеттік материалдар, құжаттар, диаграммалар, кестелер, сызбалар, графиктер, анықтамалықтар және т.б. жатады.

Бағдарлау аппараты алғы сӛз, ескертпелер, қосымшалар, кӛрсеткіштер, белгі-символдарды қамтиды. Оқу құралдары оқулыққа қосалқы болып есептеледі, оның мазмұнын тереңдетеді және кеңейтеді.

Бастапқыда оқытылатын пәндердің құрылымы арнайы орта және жоғары мектептерде оқытылатын пәндерден белгілі бір айырмашылықтары бар. Жоғарғы оқу орындағы оқу пәнінің мазмұны ғылым құрылымына жақын, онда ғылымның жаңалықтары, шешілмеген мәселелері қарастырылады.

Сонымен үздіксіз педагогикалық білім беру маманды дайындауды білім берудің үш кезеңін: жоғары оқу орнына дейінгі, педагогтің базалық кәсіби білімін, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді қамтитын білім беру жүйесінің интегравциясына негізделіп қарастырылады. Әрбір кезеңнің мақсаты мен міндеттері кәсіби- педагогикалық бағдарымен анықталып, оның мазмұнына, формасына, оқыту әдісіне сәйкес шешіліп отырады Ӛзінің мақсаты бар әрбір кезең міндеттерін жасайды, ал ол міндеттер ӛз кезегінде келесі кезеңнің міндеттерін айқындайды.



Жоғары оқу орнына дейінгі білім міндеттері:

    • Білім алушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау, педагогикалық әрекеттің мүмкіндіктері мен қабілеттерін тексеру;

    • Болашақ кәсіби әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін кӛп спектрлі таным және кәсіби қызығушылығын дамыту;

    • Педагогикалық және әлеуметтік қабілеттерін: кӛркемӛнер, музыкалық, спорттық, математикалық анықтауға жағдай жасау;

    • Білімалушыларды әрекетке қатыстыра отырып, педагогикалық әрекеттегі алғашқы тәжірибе алуларына бағыттау;

    • Ӛзінің жеке мүмкіндіктерін адамға қоятын педагогикалық әрекет талаптарымен салыстырып қарауына мүмкіндік беретін алғашқы кәсіби тәжірибе жасауына мүмкіндік бере отырып, мамандық таңдауының дұрыстығына кӛзін жетілдіру.

Жоғары білім беру міндеттері:

    • негізгі құзырлығының (білім, мәдени, лингвистикалық, ақпараттық) кең спектрін қалыптастыру, таным білігі мен дағдыларының жоғары деңгейін үйрену;

    • жалпы белгілік жүйені, яғни «тілдік дайындықты» (ана тілін, орыс тілін, шет тілін, математика, информатика тілдерін білу) игеруге мүмкіндік беретін жалпы функциональдық сауаттылығын қалыптастыру;

    • ӛзіндік әрекетін жоспарлау біліктілігін үйренуіне мүмкіндік беретін ӛзіндік реттеу негізін игеру, ӛзінің жеке психикалық жағдайының дамуын бақылап, түзету біліктілігі, сол арқылы ӛзге педагогикалық әрекеттің субьектілерінің реакциясы мен жағдайларын жақсы түсініп, ескеру;

    • білім стандарты айқындаған қажетті дайындық деңгейін барлық оқу үдерісі барысында қадағалау;

    • жеке әрекетін ұйымдастыру дағдысын, ӛз бетті әрекет ету білігін дамыту;

    • студент дайындығының сапасын мемлекеттің, тұлғаның, қоғамның кӛзқарас талаптарына сай қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің міндеттері:

    • кәсіби қалыптасудың түрлі кезеңдеріндегі: кәсіби бейімделу, қалыпты әрекет ету, шеберлену, педагогтың кәсіби қалыптасуларына жағдай жасау;

    • педагогикалық әрекеттегі қиындықтарды жеңудің психолгиялық жағдайларын анықтау;

    • қиындықты жою үдерісін белсендендіру;

    • ӛзінжетілдіру, ӛзбетті білім алу, ӛзін қалыптастыру, яғни ӛзінің арнайы және псхолого-педагогикалық дайындығын жетілдіру кезеңдерңнде психологиялық қолдау кӛрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет