ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Педагогикадағы оқыту принциптері, олардың сипаттамасы



бет9/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

2. Педагогикадағы оқыту принциптері, олардың сипаттамасы


Оқыту процесінің жалпы мақсаттарына және заңдылықтарына сәйкесті мазмұнды, ұйымдастырушылық формалар мен әдістерді анықтайтын базистік жағдайлар – педагогиканың оқыту принциптері болып табылады. Принцип - латын сӛзі, қазақша

«негіз» деген сӛз. Оқыту принциптері – педагог пен білім алушылардың жұмысын реттеп отыратын принциптер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған педагог ӛз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.

Я.А.Коменский педагогикалық ойдың тарихында ең бірінші болып оқыту процесінің құрылыуын анықтайтын оқыту принциптерінің жүйесін жасады. Я.А.Коменскийдің оқыту табиғаттың және адамның дамуының жалпы заңдылықтарына бағынады деген идеясы «оқытудың табиғатқа сәйкестігі» деген атқа ие болды. Ж.Ж. Руссо оқыту процесінің принциптік негізі білім алушының табиғатпен тікелей жанасуы деп есептеді. И.Г.Песталоцци оқытудың мазмұнын кӛрнекілік принципінен шығарады.

А. Дистервег оқыту жүйесін нақты принциптермен толтырады. Ол оларды оқыту мазмұнына, оқытушыларға, білім алушыларға талаптар түрінде қарастырды. Оқыту прициптерін жасауда К.Д.Ушинский үлкен үлес қосты. Ол мынадай принциптерді бӛліп шығарды: оқытудың халықтық идеясында кӛрініс табатын оқытудың тәрбиелеушілік сипаты; оқытудың жүйелігі, шамаға лайықтылығы және әлі жетерлігі; білімнің беріктігі; оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың кӛрнекілігі. К.Д.Ушинский осы принциптерге терең психологиялық негіздеме берді.

1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, «принцип» сӛзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.

А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың ӛмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудың белгілі бір жас кезеңіндегі білім алушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (білім алушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол «Оқыту принципін дидактиканың түғырлы принциптері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар», - деп тұжырымдалады.

Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.

В.Е.Гмурман ұсынған принциптер: оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың кӛрнекілігі; оқытудың жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру.

Талданған оқытудың принциптері білім алушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды.Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді. Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.

Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, кӛрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияқты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары Педагогтің түрлі принциптерді қолдануы арқылы орындалады.

Принциптерде педагогке нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, ӛмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары принциптер арқылы жүзеге асады.

Ғылымилық принципі білім алушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.

Шарттары: педагогиканың, психологияның, озық тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау; индуктивтік

және дедуктивтік тәсілдерді қолдану; жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау; ғылыми таным әдістерін қолдану. Білім алушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру; жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу; білім алушыларды кӛрнекті ғалымдардың ӛмірі және қызметімен таныстыру; жаңа ғылыми терминологияны қолдану; білім алушыларды ғылым жетістштершен таныстырып отыру; білім алушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау; білім алушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру; жалған сӛйлемеу. Оқытудың бірізділігі және жҥйелілігі принципі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: білім алушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және білім алушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бӛліктерден тұратын оқыту процесі білім алушылардың білімді меңгеруіне кӛмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, білім алушы дұрыс ойлай

алмайды, дамуы нашарлайды.

Шарттары: білім алушыларға білімді меңгерту үшін сызбілім алушырды қолдану. Оқу материалын бӛліктерге бӛліп, оларды рет- ретімен түсіндіру; оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау; пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану; білім алушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету; бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру; ӛткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру; материалға ой- пікірлерді жасанды түрде енгізбеу; білім алушылардың ӛз ойларын қалай айтатынын қадағалау; білім алушыны ӛздігінен жұмыс істеуге үйрету, кӛмектесу; білім алушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу; жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету; бар күш-жігеріңізбен, шабытпен оқытып, ӛмірден, әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру; пәнді, бӛлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды-жүйелеу сабақтарын ӛткізу; білім алушылардың қателерін әдеппен түзету; білім алушыны ӛз қатесін талдауға үйрету; білім алушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін кӛтеру жолдарын білу; білім алушының жасы мен

қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру; жүйелі білім есте жақсы сақталады.



Саналылық және белсенділік принципі. Ӛз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, ӛз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, білім алушының танымдық іс-әрекетін басқару, Педагогтің әдіс- құралдары кӛмектеседі. Білім алушының ӛзінің танымдық белсенділігі оқытуда аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.

Шарттары: жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу; түсінікті етіп оқыту; танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану; талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану; аналогияны жиі қолдану; бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау; білім алушыларға әр сӛздің, сӛйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру; білім алушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену; білім алушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі білім алушы ӛз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын білім алушыларға сабақ бергізу; белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру; ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар; білім алушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты кӛретіндей етіп оқыту; әрбір ережеге мысал келтіру; негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу; тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз; сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту; білім алушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету; әрбір ережеге мысал келтіру; негізгіні түсіндіруге назар аудару; білім алушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу;

«Неге?» деген сұрақты кӛп ӛойып, білім алушыны дамыту; дәйекті дәлелдермен оқыту; дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану; білім алушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту; білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту; білім алушыны ӛз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету; түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру; білім алушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау; зат құбылыстарды, білім алушыларға бақылатып, оларды ӛз бетмен меңгерулеріне жағдай

жасау; дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.

Теория мен практиканың байланыс принципі. Бұл принцип классикалық философияның ӛмір, тәжірибе таным кӛзі деген ережесіне сүйенеді. Ӛмір және практика білім алушыларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке ӛзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудың ӛмірмен, теорияның тәжірибемен байланысының жақсы болуы білім мазмұнына, оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.

Шарттары: мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Білім алушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту; «Білім - ӛмір» байланысы, ӛмірден алынған мысалдарды талдау. Ӛлкетіну мәліметтерін қолдану; білім алушыларға қазіргі жаңа технологиялар, ӛндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру; білім алушыларды ӛз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған ӛмірден білім алып, оны қолдану; білім алушының әрбір сабақта ӛз жұмысының маңызын түсінуі. мектептің ӛндіріспен байланысын қолдану. «Оқу пәні ӛндіріс» байланысына бағыт беру, бақылау; білім алушылармен бірге ӛмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін ӛмірден алынған мәліметтермен толықтыру; аймақтың сұранысына қарай кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; Мәселелік-ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудың басты құралы; еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, Педагогтің еңбектегі үлгі-ӛнегесі; қоғамдық пайдалы және ӛнімді еңбекті білім алушылардың бақылауларымен, ой-толғаныстарымен ұштастыруу, сұрақтар қою, кӛп білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру; қоғамдық пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс - оқытудың ӛмірмен байланысын жүзеге асырудық маңызды жолдарының бірі; еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу; білім алушылардың бір жұмыстағы табыстарын мадақтау, басқа жұмыстар беру; білім алушыларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір-бірімен жарысып жұмыс істеуге баулу; білім алушылардың бастамашылығын мақұлдау, егер мүмкіндік болса «Жас ӛнертапқыштар» сайысын

ӛткізу; әр білім алушыны оған ұнайтын ғылым, техника, ӛнер салаларынан ӛз бетімен білім алуға ынталандыру; ақыл-ой, іс- әрекетін тәжірибе мен байланыстырып, білімнің 80-85% тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау.



Кӛрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - кӛру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар білім алушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау кӛрнекіліксіз мүмкін емес.

Шарттары: білім алушылардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау; оқытудың алтын ережесі: кӛрініп тұрғандарды кӛрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып кӛретінді дәмін таттыру; кӛрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы; білім алушы ұғымдар және абстрактілік принциптерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру; кӛрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану; кӛрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға кӛмектесуі; білім алушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату; кӛрнекілікті білім алушылармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу; кӛрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң кӛп кӛрнекілік қолданбау, ӛйткені білім алушылардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады; кӛрнекілікті қолданып білім алушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау; білім алушылармен бірге кӛрнекілік жасау, білім алушылардың ӛздері жасаған кӛрнекіліктердің де әсері мол; қазіргі кӛрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбілім алушырды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу; кӛрнекі құралдарды қолданып білім алушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобілім алушый білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу; кӛрнекілік арқылы ӛмірмен байланыс орнату; білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай заттьщ кӛрнекілікті азайтып, таңбалық кӛрнекіліктерді қолдану; нақты заттар мен құбылыстарды кӛрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың кӛрнекі құралдарды қолдану.

Кӛрнекілік тҥрлері:

  • табиғи кӛрнекілік білім алушыларды нақты объектілермен (ӛсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді;

  • эксперименттік кӛрнекілік арқылы білім алушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды;

  • суретті кӛрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін кӛрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер);

  • кӛлемді кӛрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама;

  • дыбыстық кӛрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т.б.;

  • таңбалық және графикалық кӛрнекілік: абстракты ой дамуына кӛмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма;

  • жанама кӛрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.

Білім алушылар білімінің беріктігі принципі. Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және білім алушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен ӛзара байланысты бӛліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, білім алушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, педагогқа байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Білім алушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.

Шарттары: қазіргі оқытуда естен гӛрі интеллектіге баса назар аударылады. Сондықтан білім алушылардың күшін құндылықтары аз білімдерді есте сақтауға жұмсамау керек. Есте шамадан тыс оқу материалдарын сақтауға болмайды, ол ақыл-ойға зиян келтіреді; дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нерселердің есте қалып қоюына жол бермеу. Білім алушы тек саналы меңгерілген, түсінікті материалды ғана есінде сақтау керек; әр түрлі анықтамалық әдебиеттерді, сӛздіктерді, энциклопедияларды қолдануға үйрету; есте сақталу керек материалдар ӛте кӛп болмау керек, педагогтің қандай білімдер есте сақталу керек екенін анықтауы; оқытудан кейін білімді ұмыту басталады, сондықтан қайталаудың уақыты

және жиілігі үмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес белгіленеді; жаңа материалды оқып болған соң қайталауды кӛп жүргізу керек, содан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға болмайды; әр білім алушыны ӛз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш- жігерімен жұмыс істеуге үйрету. Жалқаулықпен күресу; қызығушылықты қалыптастырмай тұрып, жаңа материалды оқып- үйренуді бастамау; оқу материалын жүйемен беру; егер оқыту қарқыны тӛмендесе, онда бірден себебін анықтау.



Кӛп кездесетін себептер: оқу процесіне қызығушылықтың тӛмендеуі және шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру; тапсырмалар және нұсқауларды кӛп бермеу. Білім алушыларды ақыл-кеңесті тыңдауға үйрету. Ӛте қызықтысын салмақтап айтықыз. Әзіл-сықақ айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жӛн; ӛзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Ӛзара оқыту педагог қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады; білім алушыларды оқу материалын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді есте сақтауға кӛмектесетін принциптер мен тәсілдердің жиынтығы) тәсілдерді қолдану; білім алушының жағымды әсерін туғызбай тұрып, жаңа білім беруді бастамау. Жазалау әдістерімен берілген білім берік болмайды; қайталау және бекіту кезінде білім алушылардың естерін, ақыл-ойларын, сезімдерін жұмыс істетіп, білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, қорытындыларды нақтылау; оқыту қисындылығын қадағалау. білім алушының оқу материалына деген он кӛз қарасын қалыптастыру; жаттығулар санын, орындалатын мерзімін белгілеу; оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру және бағалау;

Тҥсініктілік принципі. Білім алушы ӛзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің кӛлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін ӛуелі оқай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, бел-гісіз, күрделі оқу материалдары оқылады.

Шарттары: оқылатын материалдарды әрбір жас кезеңдеріне бӛлу; білім алушының ақыл-ойы белгілі бір пәнді оқуға әзір болу керек екенін ұмытпау; білім алушының дайындығын, дамуын және мүмкіндігін ескере отырып оқыту. Білім алушылардың ӛмір тәжірибесін, қызығушылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттеу және ескеру; білім алушыларды оқыту арқылы дамыту; мүмкіндіктері бірдей білім алушыларды біріктіру; жақсы білім

алушылардың дамуын тежемеу, оқу үлгерімі нашар білім алушыларды тез қарқынмен жұмыс істеуге үйрету; оқытудың қарқынын белгілеп, керек жағдайда ӛзгерту; ұқсатуды, салыстыруды, қатар және қарама-қарсы қоюды кең қолдану; жаңа және күрделі материалдарды оқып үйренуге жақсы оқитын білім алушыларды, бекітуге оқу үлгерімі нашар білім алушыларды қатыстыру; білім алушыға келген ойды танымның соқы емес, басы деп түсіну; түсініктілік педагогтің анық түсіндіруіне және тіліне байланысты; ұғымдарды нақты және біржақты етіп тұжырымдап ӛмірден, әдебиеттен жарқын мысалдар келтіріп, бірсарынды сӛйлемеу; монологты ұзаққа созбау, педагог іс-әрекеті мен білім алушы іс-ерекетін анықтап алу. Білім алушылардың түсінігіне жеңіл оқу материалдарын ӛз бетімен оқуға беру; оқытудың алғаш сәтінде барлық білімді емес, тек негізгілерін беріп, бекітуге жаңа мысалдар, фактілер алып, жаңа білімді нақтыландыру; білім алушылардың танымдық іс-әрекетін басқару; білім алушылардың оқу жұмысын жеңілдете бермеу, олардың ӛз бетімен оқуына, оқу материалын талдауына кӛмектесу, бағыт беру; түсініктілік білім алушының жұмыс қабілетімен байланысты, сондықтан білім алушыны жұмыс істеуге үйрету.



Ынталандыру принципі. Бұл принциптің маңызы ӛте зор. Оқуға, білімге, педагогтің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына білім алушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.

Сондықтан педагог, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп ӛткізуге міндетті. Ынталандыру принципі білім алушыларға жеке-дара қарауды керек етеді. Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:



  1. Білім алушылардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.

  2. Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы білім алушы жоқ: білім алушы әрқашан дара, ӛзінше ерекше.

  3. Оқуда барлық мектеп білім алушылары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ.

  4. Оқу қызметінің берілген сәтінде әр білім алушының неге қабілетті екенін аньщтаудық маңызы зор.

  5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.

  6. Білім алушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды. 7.Бағдарламада қаралған деңгейге әр білім алушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек.

  1. Әрбір білім алушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек.

  2. Әрбір білім алушының күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.

  3. Қиын білім алушыларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру.

  4. Әрбір білім алушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.

Шарттары: жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану; ділгірлік оқыту; компьютерлік технологияны қолдану; интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану; ӛзара оқыту (жұптық, топтық); білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру; сыныпта жағымды микроклимат жасау; Педагогтің ӛз пӛніне, білім алушыларға оң кӛзқарасы; білім алушылардың оқудағы жетістіктерін кӛрсету; білімнің оны ашқан адамдардық тағдырымен байланысы; оқыту нысандарын және әдістерін тұрлендіру.

Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - білім алушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Білім алушыға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.

Оқу үрдісінде, сабақтарда білім алушыларды қорқытпай, қысымшылық-жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет. Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді. Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттың рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, кӛркемӛнерін, қолӛнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек.

Бұл принципті іске асыруда халық педагогикасының маңызы зор. Халық педагогикасы қазақ халқының ғасырлар бойы атадан білім алушыға ӛлмес мирас, ӛмірлік мұра болып келе жатқан

тәрбие жӛніндегі жинақталған тәжірибесі. Әсіресе білім алушыларды ізгілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының қағидалары мен салт-дәстүрлерінің орыны ерекшеліктері



Шарттары: оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау; білім алушының ӛз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау; үлгерімі нашар, жауапкершілігі тӛмен білім алушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру; білім алушының ӛзі туралы жақсы бағасын ӛзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру; қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою; жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың кӛрінуіне жол бермеу; білім алушыны түсіну, жақсы кӛру, бірақ талапта қою; білім алушының табысына шынайы түрде қуану; білім алушының кӛңіл-күйін ескеру; білім алушының дене кемістігін сӛз етпеу; білім алушының ӛздігін баспау; білім алушыларды басқа білім алушылармен салыстырмау; білім алушының ар-намысына тиетін сӛз айтпау.

Мәселелік принцип – оқу үрдісінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, білім алушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип – білім алушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. Ӛйткені ойлаудық басталуы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады.

Интеграциялау (кіріктіру) принципі – жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды ӛзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды кӛздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір- біріне жақын пәндердің тіл мен әдебиет, әдебиет пен тарих, математика мен информатика, ӛнер мен еңбек, этика мен әстетика, т.б. ӛзара және жеке пәннің ішіндегі материалдардық арасындағы байланыстарын анықтап, білім алушылардың білімін тереңдетуге болады. Осыған орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рӛлі ерекше.

Біз принциптерді және оларды жүзеге асыру шарттарын қарастырдық. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану керек. Оларды кезекпен қолдануға болмайды. Педагогтің алдымен бір

принцип талабын, содан кейін басқасын орындаймын деуіне болмайды. Барлық принциптердің талаптары бір мезгілде орындалады. Олардың ішінде негізгілері және кӛмекшілері жоқ. Барлық принциптері бір-бірімен байланысты. Олар бағыт беріп отырады, оқытуда жақсы нәтижелерге жету жолдарын кӛрсетеді. Білімді ізгілендіру білім алушының дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан нәтиже оған кеткен күшпен салыстырылады. Принциптер мүмкіндіктерді, күшті және нәтижелерді мӛлшерлейді, олар бұзылмаса тепе-теңдік сақталады деп сеніммен айтуға болады.

Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер әрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-әрекетте кешенді, параллель жүзеге асып отырады. Оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті ӛте, пайдалану мүмкін емес.

Барлық принциптер ӛзара кіріге ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип талаптарымен мәндік жақындыққа түсіп жатады. Олардың бәрінің де қызметі – бағыттау, оқудың сапалы нәтижелеріне жетудің жолдарын кӛрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мәні – білім алушының тән-дене және ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау және дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нәтижесі оған жұмсалған білім алушы күш-қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер білім алушының табиғи және әлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен еңбек нәтижелерін қалыпты мӛлшерлеп отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің сақталғаны.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет