Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет100/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Кредиттік оқыту жҥйесінің қызметі 
тек білім ауқымын 
кредиттер түрінде есепке алу ғана емес, ол: 
-
білім сапасын қамтамасыз ету қҧралы, 
ӛйткені кредит-сағат 
– студенттің оқу жұмысын ӛлшеудің негізі бірлігі ғана емес, 
сондай-ақ, оның нақты білім беру бағдарламасы бойынша оқу 
жоспарын орындағанының кӛрсеткіші; 


200 

СӚЖ-ді ҧйымдастырудың қҧралы, 
себебі ол студенттерді 
семестр бойы оқуға мәжбүрлейді, ӛз бетінше жұмыс істеуге 
ынталандырады, әрі курс бойынша жинаған бағаның 60-80 % 
ағымдық және аралық бақылаудың нәтижесінен тұрады; 

студенттердің тәртібіне, тәрбиесіне әсер ету қҧралы, 
ӛйткені ол студенттерді сабақты босатпауға, СӚЖ-ді уақытында 
тапсыруға мәжбүрлейді; 

оқыту әдістемесін бағалаудың қҧралы, 
ӛйткені оқытушының 
оқу үдерісінде түрлі әдістерді, ӛзіндік жұмыс түрлері мен 
формаларын тиімді, үйлесімді қолдануының нәтижесін кӛрсетеді: 

сонымен бірге кредиттік оқыту жүйесінің оқу 
орындарына 
түрлі 
қаржылық, 
ұйымдастырушылық, 
технологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндіктер беретіндігі 
анықталды. 
Кредиттік оқыту жүйесіне ӛту студент пен оқытушы арасында 
жаңа білімді игеру барысында, сенімді қарым-қатынастың 
қалыптасуын талап етеді. Оқытушы студент үшін тек ақпарат кӛзі 
ғана емес, ол студенттің қажетті ақпаратты іздеп тауып, саралап іс 
жүзіне пайдалануға үйретуші маман болуы керек.
Бұл жүйе студент қабілеті мен еңбекқорлығына лайық әмбебап 
жүйе болып табылады. Мұндағы басты ерекшелік аудиториялық 
сабақтар мен студенттердің ӛздігінен орындайтын жұмысына 
бӛлінген сағаттардың тепе-теңдігінің салдарынан студенттердің ӛз 
бетінше ізденуге қарай ұмтылысының арттыратындығында. Бірақ 
бұдан оқытушы-профессорлардың міндеті азаяды деген ұғым 
тумайды. Қайта керісінше бұл жүйе оқытушылардан терең білім-
білікті, озық әдістеме мен жауапкершілікті талап етеді. Ӛйткені 
студенттерді ӛз бетінше ізденуге жетелеу үшін оларға ӛзінше 
тапсырмалар жүйесі мен жаттығулар, тест сұрақтарын, жоба ӛткізу 
үлгілерін т.б. толып жатқан жұмыс түрлерін ұсынуға, бағыт-бағдар 
беруге, кӛмектесуге және ӛздігінен орындайтын жұмыстарының 
орындалуын қадағалауға, тексеруге сӛйтіп қорытындысын 
шығаруға тура келеді.
Жоғары оқу орнында кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу 
үрдісін ұйымдастыру, студенттің оқу жылына арналған білім 
кеңістігін қалыптастырып, кәсіби маман болып шығуында маңызды 
роль атқарады. Оқу үрдісін ұйымдастыруға – студенттің белгілі 
академиялық кезең ішіндегі оқу пәндері бойынша білім алуы мен 
бақылау іс-шаралары жиынтығы кіреді. Кредиттік оқыту жүйесі 


201 
бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру бүкіл оқу кезеңіне білім 
кеңістігін анықтауда студенттің қатысуын; оқу жоспарында 
кӛрсетілген пәндердің белгілі бір бӛлігі мен тьюторларды таңдау 
еркіндігін; академиялық кеңесшілер қызметтерінің енгізілуін 
(эдвайзерлер және тьюторлар); студенттердің білімін бағалау үшін 
балдық-рейтингтік жүйенің пайдалануын кӛздейді. 
Оқу үдерісі студентке мамандық бойынша жалпыға міндетті 
мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес оқу 
пәндерінің теориялық материалдары мен кәсіби практикада 
тәжірибе 
жинақтауға 
қажетті 
жағдай 
туғызу 
үшін 
ұйымдастырылып, 
кредиттік 
оқыту 
жүйесінің 
мынадай 
ерекшеліктеріне сай жүргізіледі: 
1.
Студенттің жеке оқу жоспарын құру тәртібі туралы ереже. 
Жеке оқу жоспары (Individual Academic Program) - әр студенттің 
оқу жылына арналған білім кеңістігін айқындайтан басты құжат: 
-
студенттің жеке оқу жоспарын құруын офис-тіркеуші мен 
деканат эдвайзерлер кӛмегімен жүзеге асырады; 
-
студенттің жеке оқу жоспары оқу пәніне жазылу 
нәтижесінде қалыптасады; 
-
оқу пәндері міндетті және элективті (таңдау) болып 
бӛлінеді; 
-
студент жеке оқу жоспарын құру барысында типтік оқу 
жоспарында кӛрсетілген міндетті оқу компоненттерін кӛрсетілген 
семестрлер бойынша оқуға міндетті; 
-
элективті оқу пәндерін болашақ кәсіби мамандығының 
ерекшелігіне қарай таңдайды
-
студент жеке оқу жоспарын құру барысында әр оқу пәні 
бойынша білім беруші тьюторды да таңдау құқығы бар;
-
пән тьюторын таңдау оқытушының білімділігі мен кәсіби 
шеберлігі, жеке басының адамгершілік қасиеті басты критерий 
болып табылады; 
-
студенттің жеке оқу жоспарын құруы оқу жылына арнап 
жүргізіледі; 
-
әр студент пән таңдау мен тьютор таңдау ӛтінішін ӛзі 
толтыруы тиіс; 
-
студенттің жеке оқу жоспарын құру мерзімі академиялық 
күнтізбеде кӛрсетіледі; 
-
жаңадан қабылданған бірінші курс студенттері үшін жеке 
оқу жоспарын құру 1 қыркүйекке дейін аяқталуы керек; 


202 
-
2 және жоғары курс студенттері жаңа оқу жылына арналған 
жеке оқу жоспарын эдвайзер кӛмегімен 1-15 сәуір аралығында 
құрып, 25 сәуірге дейін офис-тіркеушіге тапсыруы керек; 
-
2 және жоғары курс студенттері 25 тамызға дейін жеке оқу 
жоспарына ӛзгеріс енгізе алады
-
студент жеке оқу жоспарына енгізетін ӛзгертулер туралы 
ӛтініш офис-регистрацияға (деканатқа) береді. 
Қазіргі танда еліміздің кӛпшілік жоғары оқу орындарында 
жаһандану үрдісінің талаптарына лайық пайдаланылып жүрген 
жоғарыда кӛрсетілген ереженің мазмұнын талдай келе, кредиттік 
оқыту жүйесінің кӛздеген мақсаты – ұлттық білім беру 
бағдарламаларының 
халықаралық 
деңгейде 
мойындалуын 
қамтамасыз ету, білім алушылар мен оқытушылардың ынтасын 
арттырып, күш-жігерін білім сапасын кӛтеруге жұмылдыру деп 
білеміз. Мұнда басты назар студенттердің білім деңгейін бақылау 
мен дұрыс бағалауға бағытталған, сонымен қатар студенттерге 
білім алу траекториясында қойылатын талаптар нақты анықталып 
кӛрсетілген. Кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің білім 
деңгейін жүйелі тексерумен бағалау мынадай жаңа ережелер 
бойынша жүзеге асырылады: 
біріншіден 
оқу үрдісіне қатаң 
қадағалау жүйесінің ендірілуінде, ал ол студенттер тарапынан аса 
үлкен жауапкершілікпен тиянақтылықты, ұқыптылықты талап 
етеді; 
екіншіден
, бұл бақылау түрі студенттің білім траекториясы 
бойынша алған білімін әр тақырып бойынша қандай денгейде терең 
менгере алғандығын кӛрсетеді; 
ҥшіншіден
мұндай бақылау түрі 
оқытушыға әр студентпен жеке жұмыс істеуге, оған ӛздігінен 
орындайтын жұмыстарына дер кезінде кӛмек кӛрсетуге, бағыт-
бағдар беруге, әрі топпен ұжымдық жұмыс істеуге үйренуге 
мүмкіндік 
береді; 
тӛртіншіден
оқытушыға 
студенттерді 
педагогикалық-психологиялық тұрғыдан (ойлау, ойын жеткізе білу, 
сӛйлей білу, ұжымда қарым-қатынас жасай алу қабілетін, мінез 
құлқын) жан-жақты бақылап, зерттеп білуге кӛмектеседі; 
бесіншіден
студенттердің шығармашылық, жалпы интеллектуалдық 
қабілетіне, оқитын курсына сай студенттің құзыреттілігіне қарай 
ықпал етуге мүмкіндік туады; 
алтыншыдан
студенттердің ӛздігінен 
орындайтын жұмыстарын жиі қадағалауға, ӛзара бақылау, пікір 
алмастыру жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 


203 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет