194
Мониторингтің
қозғаушы,
ынталандырушы
қызметі
педагогдердің ӛзін жан-жақты тануға түрткі болады әрі ӛзінің
педагогикалық еңбегіне ӛзіндік талдау жасауға машықтандырады
және педагог әрекетінің зерттеушілік бағытын күшейтеді.
Мониторингтің барлық қызметтері оқыту мен тәрбиелеу
сапасын кӛтеру мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу әрекетін
басқаруды ғылыми тәсілмен қамтамасыз етуге негізделген.
Соңғы қорытынды-диагностикалық кезеңінде мониторинг
нысанының
жағдайына
баға
беріліп,
алынған
нәтиже
алғашқысымен салыстырылады. Мониторингтің мақсат-міндетіне
сәйкестігі, логикалық талдау жасай отырып жүргізілген жұмыстың
тиімділігі анықталады.
Мониторинг ішінде басқарудың ӛзіндік қызметі, педагогикалық
әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Соның барысында кері
байланыс қамтамасыз етіледі. Педагогикалық жүйенің соңғы
мақсатына нақты нәтижелер мәлімделеді. Педагогикалық
мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен
қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді
кӛрсетеді. Сондай-ақ ол әлеуметтік-психологиялық, медециналық
мониторинг, білім алушының жеке басныңы кӛзқарасын жалпылай
алу мақстаында бұл оқу орындарына ең қажетті болып табылады.
Мониторинг бойынша оқытушы кезекті тақырыптық бақылау
жұмысының алдында әр білім алушының ӛткен материалды қандай
деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша
жұмыс жүргізеді.
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында
шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары,
жетістіктері айқын кӛрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап,
білім деңгейін білім алушы ӛзі бақылап отырады. Яғни білім
алушылар ӛздігінен орындайтын жұмыстарын ӛзі бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: