215
найзаны лақтыруға, жүзуге үйреткен. Cпартада мемлекеттік тәрбие
жетекшілерін
педоном
деп атаған. Педономдар тек ақсүйектердің
арасынан сайланған. Міндеті -
тәрбиешілердің құлықтық іс-
әрекетін, дене жаттығуларын бақылау және оларды жазалау.
Ежелгі Римде риторлық мектептер ашылды. Бұл мектептерде
13-19 жас аралығындағы ер балалар оқытылды. Бұнда жалпы
гумманистік білім беріліп, кӛрнекті тарихшылардың, шешендердің,
ақындардың
шығармаларымен, философия, құқық пәндерімен
таныстырған. Осы кезеңде мектептің 3 түрі болған:
монастырь,
собор мектептері, приход мектептері. Бұнда монахтар мұғалімдік
қызметін атқарған.
Сауда мен қолӛнердің дамуына байланысты бұрынғы шіркеулік
мектептердің
орнына
қолӛнерщілердің
цехтік
мектептері,
саудагерлердің гильдийлік мектептері пайда болды.
Капитализм дәуірінде оқыту
мен тәрбиені дворяндар мен
буржуйлар жанұяларында гувернерлер оқыту мен тәрбие ісін
жүргізген.
Тек ХYІІ ғасырдан бастап мұғалім мамандығы мемлекет
тарапынан танылып оған белгілі бір талаптар қойыла бастады.
Мұғалімнің міндеттері мен құқықтары заң түрінде белгіленді.
1917 ж Қазан тӛңкерісінен соң білім берудің жаңа жүйесі
қарастырылды. Кәсіптік педагогикалық
оқу орындарының жаңа
түрлері пайда болды.
ХІХ ғасырдың 90 жылдарында Қазақстанның қоғамдық
ӛмірінде, білім беруде ӛзгерістер байқалды. Педагогикалық
институттар педагогикалық университеттерге айналдырылды.
Жалпы білім беретін мектептердің жаңа түрлері
пайда болып,
практикаға енгізіледі.
Жҧмысты талқылау:
- Педагогиканың даму тарихы немесе мектептер?
- Бұл мектептердің пайда болуына үлес қосқан педагогтар
әселелерде не ортақ және әртүрлі?
Достарыңызбен бөлісу: