Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


«әлеуметтік бағдарламаға» сәйкес,  қоғамдық ықпалдың, соның ішінде  тәрбиенің нәтижесінде іске  асады



Pdf көрінісі
бет14/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
«әлеуметтік бағдарламаға» сәйкес, 
қоғамдық ықпалдың, соның ішінде 
тәрбиенің нәтижесінде іске 
асады.
 
Сонымен қатар, бұл әдіснама, 
адам дамуының кӛзі, одан 
тыс екенін айта отырып, оның қоғамдық тҧлға болып 
қалыптасуында ӛзінің ішкі белсенділігінің де маңызды орын 
алатындығын алға тартады, 
әрі зерттеушілерге ӛзіндік 
белсенділіктің кӛтерудің жолдарын табудың қажеттігін түсіндіреді.
Материалистік философия мен педагогика қоғамда әлеуметтік 
және рухани қатынастардың жетілуімен адамның ӛзі де жетіліп, әрі 
дамып отырады, оның ӛзіндік қасиеттері мен сапаларын ұнамды 
бағытта ӛзгертіп және жақсартып отыруы үшін зор табиғи 
мүмкіндіктерге ие екендігін жария етеді. Сонымен қатар, бүгінгі 
педагогика қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарына сүйене 
отырып, қоғамдық ілгерілеуге қызмет ету қажеттігін, 
адамды 
қоғамның ең жоғарғы қҧндылығы
 
деп тануды ӛз міндеті деп 
санайды.
К.Д.Ушинский 
ғылыми 
педагогиканың 
қалыптасуының 
маңызды кезеңі – халық педагогикасы деп есептеген. Ол 
педагогикалық тәрбие жүйелерін халық ӛмірінің ерекшеліктерімен 
байланыстыра түсіндіреді.
Содан кейін педагогиканың дамуында екі үлкен кезеңді 
белгілейді: 1) ғылымға дейінгі кезең; 2) педагогикалық ғылым 
ретінде қалыптасу кезеңі. 
Соңғы уақытта ғана неміс педагогы Франц Хофман 
педагогиканың дамуында үш кезеңді кӛрсетеді: 
1. Ерте кезең. Оны автор тәрбие даналығы деп атайды. Бұл 
адамзаттың қарапайым педагогикалық ойлаудан тәжірибемен
тексерілген ойлауға қарай кӛшу кезеңі. Осы кезеңдегі 
педагогикалық кӛздер: Ежелгі Египет папирустары, «Соломон 
притчаларының кітабы» және т.б. 
2. Екінші кезең – «Пайдагогия». Бұл кезеңінің қалыптасуында 
Ежелгі Грецияның педагогикалық ойлары ерекше орын алады. 
Бұнда 
педагогикалық 
білім 
саяси, 
философиялық 
және 
психологиялық білімнің бір бӛлігі болып табылады. 
3. Педагогиканың дербес ғылыми теория ретінде қалыптасу 
кезеңі. Бұл кезең ұлы чех педагогы Я. А. Коменский есімімен тығыз 
байланысты. «Ұлы Дидактика» еңбегі. Я. А. Коменскийдің «Ұлы 


28 
Дидактика» еңбегі педагогиканы ғылым ретінде жүйелеген оқулық 
және әдістемелік құрал. 
Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы 
Қазақстан қоғамында болған ӛзгерістерге байланысты 
педагогика ғылымы: социалистік, коммунистік, демократиялық, 
гуманистік сипатта дамып отырды. 
Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы ұлы ойшылдар 
(Әл-Фараби, Ж. Баласағүн, М. Қашқари, Ш. Уәлиханов, Ы. 
Алтынсарин. А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов және т.б.). Бұл 
ойшылдардың еңбектері мен ойлары олардың беделі сияқты 
әртүрлі тарихи кезеңдерде қазақ халқын оқыту мен тәрбиелеуде 
қозғаушы күшке тең болды.
20-30ж.ж. 
қазақтың ағартушы педагогтарының ішінен 
А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев және т.б. айтуға болады. 
Олар отандық педагогика мен мектептегі оқытудың дамуына 
тарихи-мәдени мұра мен қазақ халқының салт-дәстүрлері 
тұрғысынан кӛп үлестерін қосты. Білім беруді қолдау негізінде 
олар мынадай оқу пәндерін қойған, олар: ана тілі және әдебиеті, 
тарих, география, Қазақстанның ӛсімдіктер мен жануарлар әлемі, 
Қазақтың дәстүрлі шаруашылық іс-әрекет түрлері негізіндегі еңбек 
тәрбиесі, бейнелеу ӛнері, ұлттық ойындар және т.б. Бірақ қазақ 
ағартушыларының 
демократиялық 
ойлары 
сол 
кездердегі 
мемлекеттік партия ұйымдарының саяси идеологиялық үкіміне 
қарсы тұра алмады.
Қазақстанда соғыстан кейінгі жылдары педагогика теориясы 
мен тарихы, жеке әдістеме мәселелері зерттеле бастады. Бұл 
жылдары А. С. Ситдыковтың «Ы. Алтынсаринның ағартушылық іс-
әрекеттері мен педагогикалық ойлары» (1949) атты монографиясы, 
Р. Г. Лембергтің «Бастауыш мектептегі сабақ» (1948) атты ғылыми 
жұмысы жарық кӛрді.
50-60 жылдардың екінші жартысында педагогика теориясы мен 
тәжірибесінде жаңа құбылыстар пайда болды. Бұл жылдары 
Қазақстанда тарихи-педагогикалық зерттеулердің қарқынды ӛсуі 
байқалады. Кӛрнекті ғалым-профессорлардың Т. Т. Тажібаевтың 
«ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы ағартушылық пен 
педагогикалық ойлардың дамуы» (1958), 
«ХІХғ. екінші 
жартысындағы Қазақстан мектептері және ағартушылық»(1962), 
«ХІХғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық 
ойлар»; А.И.Сембаевтың «Қазақстандағы кеңес мектептерінің 


29 
тарихы туралы очерктері» (1958), «Қазақстандағы кеңестік 
мектептердің 
даму 
тарихы» 
(1962); 
К.Б.Бержановтың 
«Ағартушылықтың дамуындағы орыс-қазақ достастығы» (1965) 
еңбектерін айтуға болады. Бұл жылдары тарихи-педагогикалық 
ғылымның іргетасы қаланды деуге болады.
70-80 
жылдары 
тарихи-педагогикалық 
жұмыстардың 
басылымы 
кӛбейді. 
Осылай 
қазақстандық 
педагог 
Ы.Алтынсаринның 3 томдық шығармалар жинағы жарық кӛрді 
(1975-1978); К.Б.Жарықбаевтың «Қазақстандағы психологиялық 
ойлардың дамуы» (1968), «Революцияға дейінгі Қазақстан 
педагогикалық ойларының даму тарихынан» (1978), Г. М. 
Храпченковтың «Қазақстандағы халықтық білім берудің ғылыми-
педагогикалық сұрақтары» (1976), «Қазақстан мектептерінде оқыту 
мазмұны мен әдістерінің мәселесі»(1983) және т.б. еңбектері де 
жарық кӛрді.
Педагогиканың арнайы мәселелеріне арналған К. Ж. 
Жаманбаевтың «Қазақстандағы жоғары мектеп» (1972), К. Қ. 
Құнантаеваның «Қазақстандағы әйелдерге білім берудің дамуы. 
Білім шыңына жету» (1978), К. Т. Жұмағұловтың «Ы. Алтынсарин 
және қазақ халық мәдениетінің дамуы» (1984), А. Кӛбесовтың «Әл-
Фарабидің педагогикалық мұралары»(1989) және т.б. еңбектері 
басылып шықты.
80 жылдардың ортасынан бастау алған қазіргі заман 
педагогикалық білімінің дамуы «педагогикалық серіктестік» деп 
аталған жаңашыл педагогтардың инновациялық іс-әрекеттерімен 
сипатталады. 
Педагогикадағы 
бұл 
кезең 
оқытушы 
мен 
оқушылардың қарым-қатынасы саласындағы субъект-объект 
қатынасына субъект-субъект қатынасына ауыу, оқу-тәрбие үрдісін 
монологтық формадан диологтыққа кӛшу т.б. белгілі. Бұл 
оқушының оқу іс-әрекетінің психологиясын, оқу үрдісінің 
механизмі мен технологиясын, «оқытушы-оқушы» жүйесінің тиімді 
құрылымдануына белсенді жағдай жасауды терең зерттеуді 
шамалады. 
Осы 
арқылы 
психологиялық-педагогикалық 
зерттеулердің негізгі бағыттары анықталды. Бұл жылдары 
дидактиканың әртүрлі бағыттарын зерттеу негізгі даму бағытына 
айналды.
Атақты ғалым, профессор Р. Г. Лемберг ӛзінің кӛптеген 
еңбектерінде шығармашылық оқыту әдістерін қолдану, оқу 
үрдісінің психологиялық аспектісі, оны белсендендірудің тәсілдері 


30 
мен жолдарын сипаттайды. Ол оқытудағы догматизм мен 
формализмге 
қарсы 
шығып, 
психологиялық-педагогикалық, 
әдістемелік кедергілерден ӛту қажеттілігін және жаңа тиімді оқыту 
әдістемелерін іздеуге баса назар аударды. Жаңа педагогиканы 
шығармашылықпен іздеуде кейіннен ӛздерінің педагогикалық 
мектебін ашқан Р. Г. Лемберг мектебінің оқушылары 
белсенділікпен қатысты. Бұл профессор Г. А. Умановтың ғылыми 
мектебі еді, мұнда еңбекке оқыту мен тәрбиелеу, кәсіби-
техникалық білім беру мәселелері зертеледі; педагогикалық үрдіс 
мәселелері және педагог кадрларды дайындауды Хмель ғылыми 
мектебі зерттейді.
Педагогика ғылымының дамуына ҚР ҰҒА академик, профессор 
А. П. Сейтешев және оның мектебі маңызды үлес қосты. Оның 
еңбектерінде жалпы білім беретін, кәсіби-техникалық, жоғары 
мектеп 
дидактикасы, 
инженерлік-педагогикалық 
кадрларды 
дайындау, мектеп оқушыларын, КТУ студенттерін тәрбиелеу 
мәселелері үлкен теориялық-тәжірибелік мәнге ие. Бұл кезеңде 
елімізде педагогика ғылымының дамуы мен ӛркендеуіне атақты 
ғалым-педагогтар Х. К. Арғынов, К. Б. Жарықбаев, А. И. Сембаев, 
К. Б. Бержанов ӛз үлестерін қосты.
80 жылдардың ортасында біздің еліміздегі басталған қайта құру 
үрдісінің толқуы адамзат іс-әрекетінің барлық аймағын қамтыды, 
олар: саяси жүйені, мемлекеттік құрылымды, құлықтық 
құндылықты, құқықтық нормаларды, мәдени мұраны, халықаралық 
қатынастарды. Білім берудегі негізгі қайта құрылу-педагогикалық 
ойлардың ӛзгеруі, авторитарлық педагогиканы демакратиялық 
педагогикаға қайта бағыттау еді. 
Қазіргі заманғы педагогика білім беру туралы ғылым, 
адамдарды тұлғалық және кәсіби дамуының барлық жас ерекшелік 
кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу үрдісі.
Бүгін педагогика – бұл жеке ғылым, басқа ғылымдармен кең 
кӛлемде ӛзара байланысты біріктірілген және жіктелген үрдіс, олар: 
философия, психология, әлеуметтану, физиология, математика, 
саясаттану, экономика. Ол оқыту мен тәрбие саласындағы ғылыми 
құбылыстарды кӛрсетеді, құбылыстар арасындағы байланыстың 
себебін анықтайды және білім берудің ықпалын адамда болатын 
ӛзгерістердің неліктен екендігін түсіндіреді.
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуынан бастап оның 
оқыту пәні ретіндегі формасы қалыптаса бастайды. Ғылым – 


31 
табиғат, қоғам және ойлау жайындағы шынайы білімнің жүйесі. 
Оқу пәні ғылымда нәтижелі болып келетін білімді кіріктіреді. Оқу 
пәнінің мазмұнын анықтауда ғалымдар, мектеп ұжымдары 
дидактикалық мәселелер бойынша пікірталас жүргізіледі. Соған 
байланысты ғылымда жаңа мәселелер пайда болып, оның дамуы 
жүзеге асады. Бұл шығармашылық жұмыс ғылымның дамуына, оқу 
пәнінің тұрақтануына ықпал етеді.
Педагогиканы оқу пәні ретінде оқыту бағдарламалар, 
оқулықтар, әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар кӛмегімен 
жүзеге асырылады.
Білім беру және тәрбиенің кӛлемінің кеңеюіне байланысты 
ғылыми білім түрлі принциптер бойынша жүйеленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет