Тҧлғалық тҧрғыдан келу
педагогикада тұтастықтан шығады. Ол
тұлғаның әлеуметтік әрекеті және шығармашылық мәні туралы
кӛзқарасты бекітеді. Тұлғаны қоғамдық тарихи дамудың жемісі
және мәдениеттің тасымалдаушысы ретінде мойындауды кӛздейді.
Бірлескен әрекет пен қарым-қатынас процесінде, адамдар әлемі
мен мәдениет жемістерімен ынтымақтастық процесінде ӛзіндік
менін тапқан тұлғаның әлеуметтік-әрекеттік мәні туралы кӛзқарас
қалыптасады. Ол тұлғаның қоғамда ӛмір сүруі барысында
туындайтын адамгершілік таңдау дың әртүлі проблемалық, дау-
жанжалдық жағдайында әрекет пен іс-қимылды реттейтін тұлғалық
мағынасы мен мағыналық негізіне кӛңіл аударады. (А.Н.Леонтьев).
Тұлғалық
тұрғыдан
келу
тұлғалық
мағыналардың
қалыптасуына бағдарлауды жоққа шығармайды. Дегенмен, бұл
жағдайда дүние адам алдында тұрған, оған жету үшін ол әрекет
ететін, күресетін және ӛмір сүретін мотивтер түрінде кӛрініс
табады. Адамның тұлғалық мағынасында дүниенің мәні ашылады,
ӛмірлік ӛзін-ӛзі анықтаудың бағдары туындайды, олар тұлғаның
бағыттылығын анықтайды және тұлғаның құрылымдық маңызды
бӛлігі ретінде барлық жағынан кӛңіл бӛлінеді.
Тұлғалық тұрғыдан келу педагогикалық процесті құрылымдау
мен жүзеге асыруда тұлғаға мақсат, субъект, нәтиже және оның
тиімділігінің басты кӛрсеткіші ретінде кӛңіл аударады. Ол адамның
бірегейлігін, оның интеллектуалдық және адамгершілік еркіндігін,
сыйлауға құқығын мойындауды қатаң талап етеді. Ол тәрбиеде
тұлғаның нышандарын ӛзіндік дамуы мен шығармашылық
23
потенциялының табиғи процесіне сүйенуді кӛздейді, оған сәйкес
жағдай туғызуды айтады.
Әдіснаманың материалистік диалектикасы тұрғысындағы
жоғары, философиялық деңгейінде
іс-әрекет тҧлғаның
дамуының
негізі, құралы және шешуші шарты екендігі айқындалған. Бұл -
педагогикалық зерттеуде және практикада тұлғалықпен тығыз
байланыста әрекеттік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың
қажеттілігін кӛрсетеді.. Әрекет - қоршаған шындықты адамдардың
ӛзгеріске келтіруі. Мұндай ӛзгертудің бастапқы формасы еңбек
болып саналады. Адамның материалдық және рухани әрекетінің
барлық түрі еңбектен ӛндіріледі. Оның басты ерекшелігі - қоршаған
әлемді шығармашылықпен түрлендіруі. Табиғатты ӛзгерте отырып
адам ӛзін де ӛзгертеді, ол ӛз дамуының субъектісі ретінде кӛрінеді.
Адамзат болмысының маңызды жағы- деп кӛрсетті, Б.Ф.Ломов,
оның заттық әрекеті мен қарым-қатынасы (субъект-объектілік және
субъекті-субъектілік қатынас). Заттық әрекет әр уақытта белгілі бір
материалдық және рухани ӛнімді шығармашылықпен жасауға
бағытталан.
Әрекеттік тҧрғыдан
келудің мәнін А.Н.Леонтьев ӛз
еңбектерінде дәлелді түрде кӛрсеткен. «Адамзаттық мәдениет
жетістіктерін иелену үшін –деп жазды ол-әрбір жаңа ұрпақ, осы
жетістіктердің артындағы тұрған бара-бар әрекетті жүзеге асыруы
керек. Сондықтан тәрбиеленушілерді ӛзбетіндік ӛмірге және
әржақты әрекетке даярлау үшін, оларды мүмкіндігінше осы
әрекеттерге тарту керек, яғни әлеуметтік және адамгершілік
жағынан толыққанды ӛмірлік әрекеттерді ұйымдастыру қажет».
Кез-келген әрекеттің ӛзінің психологиялық құрылымы: мотиві,
мақсаты, қиялылы, шарттары мен құралдары, нәтижесі болады.
Егер, педагог әрекеттік тұрғыдан келуді жүзеге асырғысы келіп,
оқушы әрекетін ұйымдастыруда қандай да бір құрылымдық
сәттерді шет қалдырса, онда ол (оқушы) бұл жағдайда әрекет
субъектісі бола алмайды, немесе оны жекелеген іс-қимыл кезінде
ғана орындайды
Оқушы білім мазмұнын ішкі қажеттілік болғанда және оны
меңгеруге деген белсенді-жағымды мотивация болған жағдайда
ғана меңгереді.
Әрекетте тұлғаның қалыптасатындығын және ӛзін кӛрсетете
алатындығын мойындаумен қатар, оның ӛз әрекетін қалыптастыру
бойынша арнайы жұмысын талап етеді. Бұл ӛз кезегінде оқытудағы
24
әрекетті мақсатты бағыттау және жоспарлауды, оны ұйымдастыру,
реттеу, бақылау, әрекет нәтижесін ӛзіндік талдау және бағалауды
талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |