242
мұғалімдердің әдістемелік деңгейін кӛтеруге байланысты
жүргізілетін жұмыстар: тәжірибе алмасу, озат, жаңашыл
мұғалімдердің
іс-тәжірибесін зерттеу, оны тарату, оқу-тәрбие
жұмыстарының нәтижесін, тиімділігн анықтау, мұғалімдердің
білімін үздіксіз жетілдіріп отыру, аттестациялау, категорияға бӛлу,
педагогтық оқуға, басылымбарға қатысу жұмыстары.
мұғалімдік мамандықтың ӛзге
мамандықтардан ерекшелік
белгілері. Ол жоғары аталған тӛрт белгінің мазмұнын біріктіреді.
оқу орындарында мұғалімдік мамандыққа дайындау
жолдары. Мектеп оқушыларына мұғалімдік мамандық бойынша
бағдар беру; педагогикалық оқу орындарында оқып жүрген кезінде
мұғалімдік мамандыққа үйрету, мұғалімдік мамандықты меңгеру
және ӛз бетінше мамандық шеберлігін кӛтеріп отыру жұмыстары.
студенттердің,
мұғалімдердің
ӛз
бетінше
білімін
жетілдірудің мазмұны: болашақ мұғалімдердің ғылыми деңгейін
кӛтеру, арнайы әдістемелік білімін жетілдіру.
мұғалімдік мамандықтың шебері болудың негізгі белгілері:
кәсіби білім, білік, дағды, кәсіби қабілет,
педагогикалық әдеп,
педагогикалық техника.
Профессиограмма
– мұғалім мамандығына тән негізгі
қасиеттер мен оған қойылатын кәсіби талаптардың жүйесі.
Мұағлімге қойылатын кәсіби талаптар ӛзара байланысқан үш
негізгі кешенге біріктірілген: жалпыазаттық қасиеттер; мұғалім
мамандығынығ спецификасын белгілейтін қасиеттер; пән
(мамандық) бойынша арнайы білім, білік және дағды. Психологтар
профессиограмманы негіздеуде тұлғаның ақыл-ой, сезім, және
еріктік қасиеттерін кӛрсететін
педагогикалық қабілеттерді
белгілейді. Мысалы, В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық,
коммуникативтік қабілеттерімен қатар педагогикалық қиял және
зейінді шоғырландыру қабілетін ажыратады.
А.И.Щербаков
маңызды
педагогикалық
қабілеттерге
дидактикалық,
конструктивті,
перцептивті,
экспрессивті,
коммуникативті және ұйымдастырушылықты жатқызады.
Педагогикалық білім берудің мақсаты - жаңа типті мұғалімнің
үздіксіз жалпы және кәсіби дамытылуы. Оған мыналар тән:
- азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік бейімделу;
- балаларға деген сүйіспеншілік, оларға жүрек жылуын беруі;
- шынайы зиялылық, рухани мәдениет,
басқа адамдармен
жұмыс жасауға құштары мен іскерлігі;
243
- жоғары кәсібилік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың
инновациялық стилі;
- ӛздігінен білім алуға қажеттілігі және оған дайындығы;
- денсаулық, психикалық саулық, кәсіби жұмысқа қабілеттілік.
Достарыңызбен бөлісу: