283
дәстүрлердің қайнар кӛзі болып табылатын рухани адамгершілік
байлықты;
ӛздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын
қалыптастыруға, әлеуметтік белсенділік кӛрсетуге, азаматтық,
нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы ӛмірде ӛз бетімен
еңбек етуге дайын болуға.
Қазіргі білім мазмұнын қалыптастырудың ортақ негіздеріне
гуманитаризация, гуманизация, экологизация, дифференциация,
интеграция, әлемдік және ҧлттық мәдениет мҧраларын кең
қолдану, жаңа ақпараттық технологияларды кең пайдалану,
кӛпкомпонентті, толыққанды оқыту ҥрдісінің шарты және
нәтижесі ретінде шығармашыл жеке тҧлғаны
қалыптастыру
жатады. Реформация үрдісі білім мазмұнын интеллектуалдық,
моральдық, және рухани жетілуді жеке тұлғалық ізденуді жүзеге
асырушы адам типін жобалайтын жаңа модель болып табылатын
интеграциялауға негізделеді.
Гуманитаризация
(латынша humanitarys - адамға қажетті) бұл
ол кім немесе кім болғысы келетініне қарамастан барлық адамға
қажетті білім, біліктіліктерді меңгертуге
бағытталған білім
мазмұнының жалпы бағыты. Мысалы, олардың ішінен ана тілін,
әдебиетін, тарих, ӛлкетануды атап кӛрсетуге болады.
Білім мазмұнын гуманизациялауға тек қана гуманитарлық
емес,сонымен бірге жеке тұлғаны қалыптастыруға кӛп ықпалын
тигізетін мектепте оқылатын басқа да пәндерді кең қолдану арқылы
қол жеткізуге болады. Білім мазмұнын қалыптастыруда адам мен
табиғаттың байланысын, адамдар арасында гуманды қарым-
қатынасты қалыптастыруда зор ықпалын
тигізетін гуманитарлық
және жаратылыстану пәндерінің тең болуының, математика,
биология, техникалық пәндерді адам жӛніндегі білімдермен
толықтырудың маңызы зор.Гуманистік бағыттағы мазмұнды игеру
ойлаудың гуманистік типінің, тұлғалық бағытты дүниеге
кӛзқарасты қалыптастыруда ӛмірдегі мәселелерге оптимистік
кӛзқараспен
қарауға
тәрбиелейді.
Білім
мазмұнын
гуманизациялауда балалардың ӛзін тануына, ӛз
мінез-құлқын
реттеуге және ӛз іс-әрекетін ұйымдастыру дағдыларын меңгертуге
ықпалын тигізетін тілдік және әдебиеттік білімнің, эстетикалық
тәрбиенің адамтану курстарының маңызы зор.
Білім мазмҧнын дифференциялауды
түрлі топтарды тиімді
оқытуға жағдай жасау мақсатында жаңа пәндерді одан әрі
284
бӛлшектеу емес, керісінше белгілі деңгейде біріктіру деп түсінуге
болады.
Әрбір адамның білім мазмұнын
игеруде белгілі мақсаттар
болады, әрбір баланың қабілеттері, мүкіндіктері, ӛмірлік
жоспарлары әртүрлі. Біреулері гуманитарлық профильді таңдаса,
енді біреулері жаратылыстану-математика немесе кӛркем суретті
таңдайды. Біреулері бір пәнді тереңдетіп оқыса, енді біреулері жай
ғана шолып ӛтеді. Білім мазмұнын әрбір деңгейге сай,
оқушылардың
мүмкіндіктері
мен
сұраныстарына
сай
дифференциациялау керек.
Интеграция
– жеке оқу пәндерінің, бӛліктерінің арасындағы
мәнді байланыстарды анықтау негізінде тұтастың қалыптасу үрдісі
және нәтижесі. Интеграцияның мақсаты білім бӛліктерін
біріктіру
болып табылатын білімді ұйымдастыру үрдісінің негізінде болады.
Интеграция түрлі деңгейлерден кӛрініс табады: пәнішілік – жеке
оқу пәніндегі негізгі ядро тӛңірегіне білім мазмұнын жинақтау,
пәнаралық - ӛзара ―туыс‖ оқу пәндерінің әдістері немесе ортақ
принциптері негізінде.
Қазіргі мектептедегі пәнаралық интеграция негізінде пайда
болған интеграцияланған курстардың , жүйеленген білімді,
біліктіліктерді, іс-әрекет және ойлау тәсілдерін қалыптастыруда
орны ерекше.
Экологизация
идеясы қазіргі мектептегі барлық пәндердің білім
мазмұнына тікелей қатысы бар. Қазіргі уақытта адамзат
бүкіләлемдік эқологиялық катастрофа шегінде тұр.
Егер білім
мазмұнына оны тоқтату немесе болдырмау идеясын кіргізбесе, егер
адамзат мәдениетін табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік
ретінде игермесе барлық білім,
біліктіліктердің түкке пайдаға аспай қалуы мүмкін. Соған орай
қазір кӛптеген елдерде білім мазмұнын экологизациялау принципі
басты орында тұр.
Әлемдік және ұлттық мұраларды мақсатты пайдалану оқыту
мақсаты ұлы еліміздің патриотты, азаматты тәрбиелеу мақсатымен
бірігетін мектептердегі білім беруді қайта құруды талап етеді.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
мектепте
оқытылатын білім кӛлемін жетілдіру үшін интерактивті іс-әрекет
тәсілдерін, динамикалық және кӛрнекі образдық модельдерді
пайдалануды , материалды беруді жетілдіруді мақсат тұтады.
Мұнда негізгі қызметті жаңа компьютерлік құралдар атқарады.
285
Шығармашыл жеке тҧлғаны қалыптастыру
бұл толыққанды,
кӛпкомпонентті білім мазмұнының
және оның негізінде оқу
үрдісін ұйымдастырудың нәтижесі.
Білім мазмұнын жасау білім берудің мемлекеттік жалпы
міндетті стандартына негізделеді. ҚР әрбір білім беру деңгейі
бойынша білімнің мазмұнына мемлекеттік жалпы міндетті
стандарттары белгіленді. Әрбір пәннің мазмұны екі бӛлімнен
тұрады: инвариантты /ӛзгермейтін/ және вариативті бӛліктен, яғни
ол жүйелі жанартылып, қайта
Достарыңызбен бөлісу: