Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


  Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатылары



Pdf көрінісі
бет176/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

4. 
Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатылары 
Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін басқаруға үйрену 
үшін, олардың білімді меңгеруінің кезеңдерін жақсы білу керек. 
Негізгі кезеңдері: қабылдау, оқу материалын ұғынуы, бекіту, 
практикалық іс-әрекетте білімді қолдануы.
 1 кезең – қабылдау
. Психологияда қабылдауды мақсатты 
бағытталған танымдық процесс ретінде қарастырады. Ол 
таңдаушылық сипатта болады. Сондықтан оқушыларға ең алдымен 
тақырыпты хабарлау керек, яғни олар нені оқитынын білуге тиіс. 
Міндет қойылып, ол түсіндірілуге тиісті. Егерде оқушылар оқу 
міндетін ұғынбаса материалмен таныстыра бастауға болмайды.
Сосын 
мұғалімнің 
жетекшілігімен оқушылар 
даярлық 
жұмыстарды орындайды. Оқу материалымен бастапқы танысу 
жүзеге асырылады. Онда шынайы немесе суреттелген заттармен
құбылыстармен, жағдайлармен жұмыс жүргізіліп, таныстырылады, 
тәжірибелерді жүргізу іске асырылады.


294 
Бірінші кезеңде оқушылар қандай құбылыстарды, уақиғаларды, 
заттарды т.б. оқитын туралы ұғымдары болады және оқу міндетін 
түсінеді.
2 кезең – оқу материалын ҧғыну
. Оның мәні: білімдегі 
теориялық астарларды бӛлу және талдау. Басты ойды тауып, 
ұғымдарды бӛліп шығарып, олардың белгілерін негіздеу, 
түсіндіретін 
материалдың 
сипатын 
ұғыну, 
мысалдардың 
жиынтығын және түсіндіретін фактілерді танып білу. Мұнда 
оқушының білімінде жүйе қажет, онда ол басты екінші қатардағы 
қосымшаны түсіндіретін элементтерді кӛріп отырғаны абзал. Оқып 
жатқанды екі түрде негіздей дәлелдей алатын болуы керек, яғни 
репродуктивтік 
түрде: 
мұғалімнің 
түсіндіру 
логикасын 
қайталайтындай және шығармашылық түрде: сӛйлеуінде ӛзінің 
мысалдарын, фактілерін, шешу тәсілдерін қосуы. 
Бұл кезеңді орындалды деуге болады, егерде оқушылар оқу 
міндетінің шешу тәсілдерін түсінсе және білімдегі жүйені ұғынса.
3 кезең – еске сақтау немесе бекіту
. Мұндағы міндет ұзақ 
уақытқа алған білімді сақтау. Осы кезеңде танымдық іс-әрекет 
жаттығу, дербес репродуктивтік және шығармашылық жұмыс 
түрінде кӛбірек сипат алады. Теориялық материал, ұғымдар, 
ережелер, дәлелдеулер әр түрлі жаттығуларда қайталанады. 
Ұғымдардың белгілері берік бекітіледі,ережелер, теоремалар, 
заңдар жақсырақ есте қалады.
Мұғалім оқушылардың жаттығуларды саналы орындағанын 
қадағалап отыру керек. Мұғалім еске сақтаудың әр түрлі тәсілдерін 
оқушыларға үйретіп отырады. 
Үшінші кезеңнің қорытындысында оқушылар теориялық 
материалды білулері қажет және оны жаттығуларды орындағанда, 
есептерді шығарғанда, теореманы дәлелдегенде және т.б. қолдана 
білуі керек. Оларда оқу іскерліктері және дағдылары қалыптасқан. 
4 кезеңде 
оқушылар алған білімді, іскерлікті және дағдыны 
практикалық іс-әрекетте қолдана білу қажет.
Бұл қатынаста сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстан 
үлкен мүмкіншіліктері бар. Балалардың жас техниктер, жас 
натуралистер үйірмелеріне, спорттық, кӛркемӛнер секциясына т.б. 
шараларға қатысуы оқу іскерліктері мен дағдыларын практикалық 
іс-әрекеттің әр түрлерімен байланыстыруға кӛмектеседі.
Оқытуды 
оқушылардың 
практикалық 
іс-әрекетімен 
байланыстыру оларда моральдық сапаларды қалыптастыруға, 


295 
қызығушылықтарын және ынталарын, оқудың он мотивациясын 
тәрбиелеуге септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет