Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет59/211
Дата06.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#82001
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   211
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Оқыту әдістеріне қарай сабақтың типтері
:

сабақ-әңгіме

сабақ-дәріс 

кино сабағы 

зертханалық сабақ 

әртүрі іс-әрекет сабағы. 
Дидактикада сабақты жіктеуді анықтауға айрықша маңыз 
беріледі. Сол себептен әрбір педагог сабақтың жіктелуін ойдағыдай 
білуі шарт.
Дидактикалық міндеттерге қарай сабақтың типтері: 

білім алушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы; 

іскерлікті және дағдыны қалыптастыру сабағы;

білімді жалпылау және жүйелеу сабағы;

қайталау, бекіту немесе білімді, іскерлікті, дағдыны кешенді 
қолдану сабағы;

бақылау-тексеру сабағы;

аралас сабақ.
Сабақтың қҧрылымы
– оқу міндеттерін орындауға септігін 
тигізетін 
сабақтың 
бӛліктерінің, 
кезеңдерінің 
ӛткізілуінің 
арақатынасы және бірізділігі. Оқу сабағының типіне қарай оның 
белгілі бір құрылымы жасақталды.

Сабақтың негізгі элементтері: 
Сабақтың басталуын ҧйымдастыру
бір минуттан бірнеше 
минутқа созылды және оның дербес бӛлігі ретінде ӛткізіледі. 
Сабақтың басында іскер және дұрыс талап қою бүкіл сабақтың 
сәтті ӛтуіне септігін тигізеді. Ұйымдастырушылық бӛлімінде бәрі 
маңызды: педагог сабаққа қалай кіреді, ӛзіне деген сенімі, сӛйлеуі, 
ӛзін ұстау қалпы, талаптарды орынды қоюы және білім алушыларға 
деген шынайы ықыласы, сыйластығы.
Оқыған 
материалдың 
меңгеруін 
тексеру
(әдетте 
үй 
тапсырмасы), оның мәнін тексеру және қадағалау, сонымен бірге 
жаңа материалды меңгеруге даярлау болып табылады. Педагог 
білім алушылардың зейінін үй тапсырмасын орындауға негіз 
болған басты идеяларға, ережелерге, т.б. аударады. Үй 
тапсырмасын бәрі орындаған, орындамағанын анықтайды, қандай 
қиыншылықтар кездескенін біледі.
Сабақтың 
мақсаттарын және міндеттерін қою
. Сабақтың 
нақты міндеттерін және оны жүзеге асырудың жолдарын ұғыну 


130 
педагог пен білім алушылардың іс-әрекетін анықтығын, жүйелілігін 
және бірізділігін қамтамасыз етеді. Мақсат пен міндеттерді қою 
әдетте кӛп уақыт алмайды, бірақ ол оқу іс-әрекетіне 
бағытталғандық береді және үлкен тәрбиелік әсері болады.
Тҥсіндіру 
– оқу материалының мазмұнын ғылыми баяндау. 
Білім алушыларға жаңа материал түсінікті болу үшін педагог 
ғылыми дәлелдерді, білім алушыларда бар білімге сүйенуді, анық 
және түсінікті баяндауды жүзеге асыруы керек.
Бекіту
жаңа материалды түсіндіріп болғаннан кейін 
жаттығулардың, дербес жұмыстардың, арнайы тапсырмалардың 
жүйесі арқылы оқылған материалдың бастысына, сүйенетін 
идеясына білім алушылардың назарын аудартады, теориялық 
қағидаларды оқу іс-әрекетінің практикасымен байланыстырады. 
Бекіту арқылы педагог білім алушылардың материалды меңгергені 
туралы ақпарат алады.
Қайталау
. Оқу материалын тақырып, бӛлімдер, курс бойынша 
жүйелеу, жалпылау, қайта айту. Мұнда оқу материалындағы 
күрделісі негізгі идеяларды бӛліп шығару және жаттығулар мен 
тапсырмаларды таңдау болады.
Сабақтың нәтижесін шығару, қорытындылау
. Сабақтың ӛтілу 
барысына, білім алушылардың жұмысына қысқаша баға беру, 
оқығанның басты идеясын еске салу.
Ҥй тапсырмасы
. Педагог үй тапсырмасын хабарлайды
қысқаша орындалу жолын түсіндіреді. Үй тапсырмасын орындау 
туралы нұсқау анық, қысқа, бірізділікпен берілуі қажет.
Оқу міндетіне және мазмұнына қарай сабақтың бӛліктерінің 
ара-қатынасы ауысып отырады. Сабақтардың әртүрлі типтерінің 
құрылуында ерекшеліктер пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   211




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет