Ғылым логикасы
–
ғылыми
танымның
логикалық
заңдылықтарын
зерттейтін
философиялық ғылымның бір саласы. Ғылым, ғылыми теория
ӛзінің зерттейтін затын ұғым мен ой формаларында бейнелейді.
Соның арқасында ғылым берілген пән саласында ой-ӛрісінің
барысын, ережелерін анықтайды. Осыған орай әрбір ғылымның
ӛзіндік логикасы бар деуге болады. Олай болса ғылымды
логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылыды.
Демек, ғылымның ӛзін зерттеу мәселесі қажет екендігі айқындалып
отыр.
Ғылым дамиды, яғни уақытпен бiрге сапалық ӛзгерiске ұшырап
отырады. Ол үнемi ӛз кӛлемiн ұлғайтады, үздiксiз жiктеледi,
күрделiленедi және т.б.
Бүгiнгi күнi
ғылымтану
туралы басқа ғылымдардан ӛзiндiк
ерекшелiгi, ӛзiне тән пәнi, әдiстемесi, әдiснамасы және мiндеттерi
бар ғылыми бiлiм аймағы деп есептеледi.
Ғылымтануға ғылым жӛнiндегi кешендi бiлiм деген кеңейтiлген
мағына берiлiп отыр. Анықтамалықтар мен сӛздiктерде ол
ғылымның қызметi мен даму заңдылықтарын, ғылыми әрекет
құрылымы
мен
динамикасын,
оның
басқа
әлеуметтiк
институттармен ӛзара әсерiн зерттейтiн, сонымен қатар «ғылым
дегенiмiз не және оның белгiлерi қандай» деген мәселемен
айналысатын салалармен де байланысын кӛрсетедi.
Ғылымтану – ғылымның дамуын және қызмет ету
заңдылықтарын қарастыратын зерттеу саласы. Ғылыми қызметтің
құрылымын және динамикасын, ғылымның басқа қоғамдық
институттарымен,
қоғамның
рухани
және
материалдық
салаларымен қарым-қатынасын зерттейді. Ғылым теориясына
толығырақ түсінік беретін болсақ, оның зерттеу әдістерінің
ерекшеліктеріне де тоқталу керек болады. Ғылым әдістерінің
ӛзіндік ерекшеліктері – танымның сыналған әдістері арқылы
объективті ақиқатқа жетудің мақсаттылығын сипаттайтын білім
формасы. Танымның сыналған әдістерінің ақиқаттылығы, ғылыми
таным нәтижелерінің дәлдігі сияқты, практика, адамдардың іс-
9
тәжірибесінде зерттеліп, дәлелденген құбылыс немесе зат, белгілі
бір жүйе т.с.с.
Ендi ғылым дамуының жалпы модельдерiне тоқталайық. XX
ғасырдың 60-ж. бастап ғылымның дамуы жӛнiндегi американдық
тарихшы және философ Т.Кун ұсынған тұжырымдама негiзгi орын
алады.
Т.Кунның
тұжырымдамасындағы
ғылымның
даму
логикасының маңызды элементi – зерттеулердiң қандайда бiр
алдын-ала белгiлi шеңберде, iргелi ғылыми жаңалықтар ашылған
салада ұзақ уақыт қызмет iстеу қабiлетi. Ол әдiснамаға жаңа ұғым
–
парадигманы
енгiздi. Бұл сӛздiң дәл мағынасы – үлгi. Мұнда
дүниенi кӛруге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр бiлiмдер жиынтығы,
оның айрықша тәсiлiнiң ӛмiр сүруi есепке алынады және ол зерттеу
бағытын таңдауға да әсерiн тигiзедi.
Парадигмада нақты проблеманы шешудiң жалпы қабылданған
үлгiлерi де болады. Парадигмалық бiлiм «таза» теория емес
(шындығында оның ӛзегi қандайда бiр iргелiк теория бола тұрса
да), сондықтан ол тiкелей түсiнiк беру қызметiн атқармайды. Ол-
есептеу жүйесi, яғни әртүрлi теорияларды құруға және негiздеуге
алғышарт ретiнде ғана алынады. Т.Кунның пiкiрi бойынша: ол
белгiлi бiр уақыт аралығында проблеманың қойылу моделi мен оны
шешудiң мойындалған ғылыми жетiстiгi болып табылады. Оның
мазмұны оқулықтарда, ғалымдардың iргелi еңбектерiнде кӛрiнiс
табады, ал негiзгi идеялары кӛпшiлiк санасына енедi.
Ғылыми қоғамдастық мойындаған парадигма ұзақ жылдар
бойы ғалымдардың қызметiндегi басты проблемалар шеңберiн
анықтайды, олардың қызметiнiң шын мәнiнде ғылыми екендiгiн
ресiми түрде бекiткендей болады. Т.Кун парадигмаға ғылым
тарихында мысалы, Аристотелюдiк динамиканы, астрономияны,
Нюьтонның механикасын т.б. жатқызады. Мұндай парадигма
iшiнде, оның шегiндегi ғылыми бiлiмнiң дамуы, ӛсiп-ӛрiстеуi
«қалыпты ғылым» деген атқа ие болды. Ал парадигманың ауысуы
нағыз ғылыми тӛңкерiс деп есептеледi.
Т.Кун тұжырымдамасының шешушi жаңалығы мынада:
ғылымның дамуындағы парадигманың ауысуы сызықтық сипат
алмайды. Ғылымның дамуында логиканың ӛзiндiк заңдылығы бар,
бiрақ бұл заңдылық басқа да кӛптеген еш кем түспейтiн
заңдылықты мүмкiндiктер iшiнен кездейсоқ ―таңдалады‖. Мысалы,
бiзге үйреншiктi дүниенiң кванттық релятивистiк бейнесi басқаша
да болуы мүмкiн едi. Ғылымның дамуы туралы балама модельдi
10
И.Лакатос ұсынды. Жоғарыда айтылған екi тұжырымдама да
ғылым дамуында кезеңдiк сәттерге, ғылыми тӛңкерiс деп аталатын
қандай да бiр байламдарға ерiксiз сүйенедi. Ендi осы ғылыми
тӛңкерiстерге тоқталып кӛрейiк. Ғылыми тӛңкерiстiң табиғаты мен
сипатын К. Поппер анықтап бердi. Оның пiкiрiнше, теорияның
күйреуi нәтижесiнде жаңа проблемалар пайда болады. Ал, бiр
проблемадан екiншiсiне қарай iлгерiлеу, шын мәнiнде ғылымның
дамуын жүзеге асырады. Тӛңкерiс сӛзi ғылымдағы қолданысында
оның бүкiл элементтерiнiң ӛзгерiсi: фактiлер, заңдылықтар
теориялар, әдiстер, дүниенiң ғылыми бейнесiнiң ӛзгерiсi деген сӛз.
Дүниенiң ғылыми бейнесi қорытылған, жүйелi бiлiмдi бередi, ал
оның ӛзгерiсiн, тiптi iрi ғылыми жаңалық бола тұрса да, жекелеген
ӛзгерiске жатқызуға болады. Сонымен, дүниенiң ғылыми
бейнесiнде ғылыми бiлiмнiң барлық базалық элементтерi
қорытылған түрде берiледi. Ал, ғылыми тӛңкерiс жағдайында да
жекеленген принциптер, әдiстер мен теориялардың ӛзгерiсi емес,
осы дүниенiң ғылыми бейнесiнiң ӛзгерiсiн айтады.
Қазiргi ғылым адамға тарих және танымның (психоанализ,
философиялық антропология, экзистенциализм, ӛмiр философиясы
және басқа бағыттарда) белсендi субъектiсi ретiнде ерекше кӛңiл
бӛледi.
Ғылым – қоғамдық сананың формаларының бірі, яғни
адамдардың рухани және физикалық ӛмір туралы кӛзқарастарының
бірі. Ғылым – адам іс-әрекетінің саласы, оның қызыметі ақиқат
туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жүйелеу;
сонымен қатар жаңа білімдерді алуға бағытталған іс-әрекеттің ӛзі,
және оның нәтижесі – осы кезеңде алынған ғылыми біліімдердің
жиынтығы болып табылады. Ғылымның тікелей мақсаты –
шындықтың процестері мен құбылыстарын сипаттау, түсіндіру,
және болжау, оның ашқан заңдары негізінде оның зерделеу пәнін
құрайтын яғни кең мағынасында – шындықты теориялық түрде
кӛрсету.Педагогика да осы ғылымдар қатарына жатады. Педагогика
– адамды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары мен мақсатты
бағытталған тәжірибесін зерделейтін ғылым. Былайша айтқанда
педагогикалық заңдылықтарды зерделеуді және жүзеге асыруды
қамтамасыз ететін ғылым. Оны айқындау оның нысаны мен пәнін
зерттеудің мақсаты мен нәтижесі. Ғылыми кӛзқарас әр уақытта
арнайы зерттеулер арқылы айқын, қалыпты, тексерілгенді қорыту.
Ғылыми педагогиканың назары мен әсері сол педагогикалық
11
құбылыстар мен процестерді зерделеумен және оны жүзеге
асырумен байланысты. Педагогика ғылымының нысаны мен
пәніне де әртүрлі кӛзқарастар бар. Солардың ішінде оның нысаны
білім беру – оқыту және тәрбиелеу саласы, ал пәні – осы салада
қалыптасатын қарым-қатынаста жүзеге асатын процестердің
заңдылықтары. Сонымен қатар педагогикалық практика бар. Оның
нысаны педагогикалық процестің қатысушыларының нақты ӛзара
әсерлесуі.
Достарыңызбен бөлісу: |