160
ӛздік жұмысқа кӛп уақыт беру және кеңс беру пункттерінде
қызмет кӛрсету мақсатында практикалық және зертханалық
сабақтардың кӛп бӛлігін жою.
СӚЖ-н ұйымдастыру формалары.
Қазіргі уақытта ЖОО-нда
ӛздік жұмыстың бірнеше түрі бар: 1) дәстүрлі, яғни студенттің
ӛзіне ыңғайлы уақытта, әдетте, аудиториядан тыс кезеңде, қажет
болған жағдайда шеберханада немесе зертханада ӛз бетімен
орындалатын кәдімгі СӚЖ-сы. 2) ӚЖ-тың тағы бір түрі – оқытушы
бақылауымен жүретін аудиториялық ӚЖ. Оның барысында студент
оқытушыдан кеңес ала алады, яғни кеңес беру ӛздік жұмысы
(КӚЖ). 3) Сонымен бірге, бүгінгі таңда СӚЖ-ның үшінші, аралық
түрін жасау бағыты байқалады. Бұл түрі студенттерден кӛбірек
ӛзбеттілікті, тапсырмалардың неғұрлым жекелендірілуін, кеңес
беру пункттерінің болуын талап етеді және кеңестер мен
бақылаулар сипатына, тапсырмалардың мазмұнына байланысты
енгізілетін
психологиялық-педагогикалық
жаңалықтармен
ерекшеленеді.
Бұл тақырыпта оқытушы бақылауымен жүргізілетін СӚЖ-ын
ұйымдастырудың кейбір жақтарын қарастыруды жӛн кӛріп
отырмыз. Себебі кәдімгі СӚЖ дәстүрлі болып табылғандықтан, ол
ӚЖ-тың жаңа формаларына, әсіресе, КӚЖ-на ауысуда, ал үшінші
нұсқасы әлі де эксперимент деңгейінде жүріп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: