Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен


Зәр шығару және осмосты реттеу жүйесі



бет38/95
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#88941
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95
Байланысты:
паразитология кітап

Зәр шығару және осмосты реттеу жүйесі


Паразиттердің зэр шығару жүйесі айтарлыктай арнайы өзгерістергеұшырамаған. Кейде паразиттерде, мысалы, Myzostomida- де зэр шығару мүшелері жартылай редукцияға ұшыраған. Polychaeta-ның метамерлі кұрылысты зэр шығару мүшелеріне Караганда, Myzostomida-д,а бір жұп өте ұсак нефридийлері сакталады. Тек Protomyzostomum-m 5 жұп нефрийдилер кездеседі, соған байланысты Д.М. Федотовтын айтуы бойынша бұл нефриди- алды каналдарының бір бөлігі тіршілік ету барысында артофияға ұшырауга бейім. Керісінше, нематодтарда бүйірлік зэр шығару ка- налдары мен фагоцитарлы клеткалары күшті дамыған.


Эндопаразиттік карапайымдарға тэн белгі, ол жиырылғыш вакуольдердің жоғалуы. Ол барлык Sporozoa-да, паразитті аме- балар мен талшыктыларда кездеспейді. Егер вакуоль болса (Entodiniomorpha, Balantidium, Nyctotherus, Astomata т.б.), еркін тіршілік ететін инфузориялармен салыстырғанда, жиырылуы өте баяу болады.
Паразиттік жэне теңіз карапайымдары, тұщы судағылармен салыстырғанда, тұздарға бай ортада тіршілік етеді. Сол себепті, тұщы су формаларына Караганда, денедегі жэне коршаған ортадағы осмос кысымының айырмашылығы аз, ал бұл денеге түскен суды шығаратын ерекше аппарат-жиырылғыш вакуольдің болуын кажетсінбейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет