Тыныс алу жүйесі
Әндопаразиттердін тыныс алуы еркін тіршілік ететін организмдікіне ұксас. Қуыстык жэне ұлпалык паразиттердің тыныс алу жағдайы дэл өз иесінің көрші ұлпадағы сияқты, яғни оларға оттегі иесінің канымен (Artropvda Traecheata жэне омырткалылардың ты ныс алу жолдары паразиттерде) немесе тыныс алу мүшесі аркылы тікелей жеткізіледі. Ішек паразиттерінің тыныс алу жагдайы ерекше: олар оттексіз ортада тіршілік етеді.
105
29-сурет. Тұт жібек көбелегінде тіршілік ететін
Crossocosmia sericariae шыбынының дернэсілі
А-тұт жібек көбелегінің жұлдызқұртынын кұрсақ ганглиіне еніен шыбыннын дернэсілі; В-жібек көбелегінің піллэсінен шыкқан дернэсіл ; С- алдыңғы стигмасының бірінде кара дағы бар жібек көбелегінің жүлдызқұрты - шыбынға дернәсілдің жұккандығының белгісі (Сасак бойынша).
1-ганглий; 2-трахея бағаналары; 3-шыбынның дернэсілдері; 4-ганглиден шыккан жүйке
Ішек паразиттерінде (Брандт, 1951, Brandt, 1952) ашудың анаэ- робты процесімен коса (ыдырау) бос оттегін пайдаланумен байла- нысты аэробты процесте жүреді. Мұндай алмасудың аралас түрін анаксибиоз деп атайды.
Кейбір ішкі паразиттер атмосфералық ауаны алуға бейім, мыса- лы, ірі кара малдың терісінің астындағы бөгелектің дернэсілі терідегі тескен саңылау аркылы сырткы ортамен байланысады. Паразитті шыбынның өкілі -Crossocosmia sericariae {29-сурет), жұмыртқасын жібек ағашының жапырақтарына салады, оны түт жібек көбелегінің жұлдызкүрты корекгтен бірге жейді. Жұлдызкұрттың ішегінде шыбынның дернәсілдері жұмырткадан шығып, ішек кабырғасын тесіп, иесінің кұрсак жүйке тізбегінің ганглиіне енеді. Кейін олар ган- глиден шығып, жұлдызкұрттың дене куьтсына шығады да, денесінің соңындағы тыныс алу санылауы өз иесінің тыныс алу саңылауымен сэйкес келетіндей етіп орналасады.
Жұлдызкұрттың денесінде паразиттің бар екенін, иесінің ты ныс алу саңылауының жанында тұрған кошкыл дақ арқылы байқалады. Бұл жерден біз Crossocosmia дернәсілдерінің тыныс алу бейімделгіштігін көреміз.
Көптеген омырткасыздардың канынан немесе қуыс сүйыктығынан гемоглобинге жакын зат табылған жэне олар гемоглобин тәрізді ты-
106
ныс алу үшін кажет. Линдрот A. (Lindroth, 1943) оның гемоглобин- нен кейбір химиялык айырмашылықтарын көріп, бұл затты «эритро- круорин» деп атауды ұсынды.
Эритрокруорин кейбір эндопаразиттерден де табылған, ол кызғылт немесе күрең кызғылт түс береді. Мысалы, кейбір не- матодтардан: балыктың ішегіндегі паразит Carnallanus, иттердің бүйрек паразиті алып-Dioctophyme renale, балықтардың ұлпалык паразиті Philometra sanguine жэне тағы баскаларынан эритрокуорин табылған. Қарын бөгелегінің (Gastrophilus egue) трахея клеткалары ірі жэне кызыл түске боялған - оларда Г. Кемниц бойынша, (Kemnitz, 1916)эритрокруорин бар.
Кейбір ескекаякты шаянтәрізділер денесінің көп бөлігін иесінің ішіне тығып жататындыктан (Herpyllobius) куыс сұйыктығының түсі кызғылт болады.
Бізді кызыктырытын жағдай, ол еркін тіршілік ететін жэне еркін ауамен тыныс алатын осындай паразиттердің туыстарында эритрокруориннін болмайтыны, яғни бұл паразиттік тіршілік етуге көшуге байланысты пайда болады. Бұл ойды карын бөгелегі мен өгіз бөгелегінің (.Hypoderma lineatum) дернәсілдерін салыстыру аркылы Кимниц жаксы дәлелдеді. Өгіз бөгелегі сырткы ортамен байланы- ста болатын тері астындағы ісікте тіршілік етіп, сырткы ортадағы ауамен тыныс алатындыктан трахея клеткаларында кызыл пигменті болмайды, ал карын бөгелегінің дернэсілі еркін ауаның келіп тұруынан окшауланғандыктан эритрокруорин болады. Сол сиякты еркін тіршілік ететін нематодтарда кызыл пигмент жок, ал кейбір эндопаразитті жұмыр кұрттарда бүл бояу табылган. Осыған бай ланысты кейбір эндопаразиттерде эритрокруорин олардын оттегіні сіңіруіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |