тарау. Паразиттердің көбеюі, тірш ілік узақты ғы мен даму циклдері
Паразиттік тіршілік етуіне байланысты организмнің негізгі тіршілік қызметтерінін өзгерісі
Барлық организмнің тіршілігіндегі негізгі биологиялық кезеңіне, түр мен дараның сақталуына мүмкіндік беретін бейімделушілік жатады. Дараның тіршілігінің сакталуы оның корегіне, ал түр тіршілігінің сакталуы көбеюіне байланысты келеді.
Әртүрлі жағдайларға, уакытқа, тіршілік ортасына байланысты бүл екі жағдай түрдің тіршілігінде эртүрлі мэнге ие болуы мүмкін. Кейде олар бір-біріне қарама-кайшы эсер береді. Түрдің сакталуы кейде оны кұрайтын даралар санына байланысты. Бірак кейде дара санының артып кетуі корек жетіспеушілік жағдайға алып келеді.
Мұндай карама-кайшылык түрдің таралуы мен баска тіршілік ортасын иемденуімен шешіледі. Белгілі бір шекараларда орга низм тіршілік жағдайына бейімделу аркылы түр мен дараны сақтау жолындагы киындыктарды жеңеді.
Паразиттердің тіршілік ортасы еркін тіршілік етуші орга- низмдердің тіршілік ортасымен салыстырғанда өте колайлы бо лады, сондықтан паразиттерде кайта калпына келмейтін біркатар бейімделушілік белгілері туындайды. Баска еркін тіршілік етуші ор- ганизмдерден де паразиттік бейімделушіліктерді байкауға болады. мысалы, отырықшы немесе бекініп тіршілік ететін организмдерді карастырсақ, осы кұбылыс айкындалады. Дегенмсн, мұндай бейімделушілік кешені паразитті еркін тіршілік етуші организмнен сагіалы түрде ажыратады.
Паразиттің мүндай бейімделушілік белгілеріне ие болуының ба- сты ссбебі тіршілік ортасының ерекшеліктеріне сэйкес пайда болтан. Еркін тіршілік етуші организмдерге коректену киын жүзеге аса- тын кұбылыс болып табылады. Қоректену максатында организм көп кедергілерден өтеді, нэтижесінде коректену міндетін атқаратын бейімделушіліктер пайда болады (сезім мүшелерінің дамуы, қимыл- козғалыс мүшелерінің дамуы, күрделі аскорыту жүйесінің дамуы).
Түрдің сақталуына бағытталган жэне көбеюге байланысты екінші негізгі биологиялык талаптар салыстырмалы түрде жеңіл болады.
Паразиттерде біз кері жағдайға жолығамыз. Организм паразиттік
132
тіршілік етуге көбірек ауысқан сайын, оған коректену мәселесі жеңілдей түседі. Үздіксіз, каркынды қоректенуге көшкен соң организмнің репродуктивті кызметі артады. Бірак, паразиттің белсенді көбеюі тіршілік ортасының кеңістігі мен онда тіршілік ету уақытының шектеулілігіне байланысты, дамуын одан әрі жалғастырып, түрдің сакталуын камтамасыз ету үшін гіршілік ету ортасын алмастыруды талап етеді. Еркін тіршілік етушілерге тара- лу мен орын алмастыру мәселесі паразиттермен салыстырғанда өте оңай өтеді. Ең негізгі күрделі мәселеге паразиттердің түрлі орталарға алмасып, осыған байланысты эртүрлі бүрын меңгерілмеген бейімделушіліктерді иемдену болып табылады. Соған байланы сты, паразиттерде сырткы орта аркылы жаңа иесіне таралуға, түрдің сакталуына кепілдік беретін бірқатар өте көп те күрделі бейімделушілік калыптасады.
Бейімделушілік қасиеттерді карастырмас бүрын қоректену мен көбеюіне токталайык.
Паразитизм, біз көргендей кандайда бір организмте болашак паразиттің үрығының кездейсок түсуінен басталады. Егер ұрык жаңа түскен ортасында сакталса, ол сол жерден каркынды коректене алады да нэтижесінде дараның жалпы жағдайына эсер етеді.
Паразит организмнің коректену кызметі толығымен дернәсілдік кезеңге кіреді, ал еркін тіршілік ету сатысында мүлдем жойылған болып келеді. Көбінесе, мермистерге (Mermithidae), түктікұрттарға (Gordiacea), т.б тэн. Паразиттердің дернэсіл кезеңінің бір бөлігін қамтитын еркін тіршілік ету сатысы мен жыныстык жетілген ересек кезеңінде олар мүлдем коректенбейді. Сондыктан еркін тіршілігінде тек көбею процесі жүреді.
Дернәсілдік кезеңде каркынды коректену тек репродуктивтілік кызметін тана арттырмайды, сонымен катар, жыныс өнімдерінің ерте жетілуіне алып келеді. Соған байланысты жұмырткалардың партеногенетикалык даму қасиеті біртіндеп калыптасады, ол Rhabdias oufonis пен Strongyloides stercoralis-та байқалған. Бұл жер- де паразиттік дернәсіл сатысына тек коректену процесі емес, көбею кызметінің бір бөлігі де енген. Эволюциялық процестің даму бары- сында көбею кызметі толығымен паразиттік фазаға ауысады, тара- луына кажетті еркін тіршілік ету сатысы дернэсілдік даму кезеңінің бір бөлігімен шектеледі. Еркін тірнплік ету сатысының осылай- ша кысқаруы паразиттік сатының ұзарып, паразит организмде тек иесінің ішкі ортасында тіршілік ету үшін біркатар бейімделгіштік
133
касиеттер дамиды. Паразиттердің көп бөлігінде еркін тіршілік ету сатысы тіршілік циклынан мүлдем түсіп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |