Ген экспрессиясы (лат. expressio - əйгілену, ағ. gene expression) – ДНҚ
молекуласындағы нуклеотидтер тізбегіндегі генетикалық информацияны жүзеге
асыру. Ол: транскрипция, процессинг, трансляция сияқты негізгі үш сатыдан
тұрады.
Гендер амплификациясы (лат. amplification - өсу, көбею, ағ. gene
amplification) – гендер көшірмелері (копиялар) санының көбеюі.
Гендер банкі (геномдар кітапханасы) – өз құрамына геномдағы гендердің
кемінде бір тізбегі кіретін, клондалатын ДНҚ молекуласының жинағы.
Гендер цитоплазмалық (цитоплазмон) (ағ. cytoplasmic genes) – ядродан тыс,
митохондриялар мен хлоропластарда орналасқан гендер.
Гендердің кітапханасы – барлық бактериялық жасушалардағы көбею
салдарынан жинақталған гендердің жиынтығы.
Гендік ex vivo терапия (гр. ex vivo, ағ. ex vivo gene therapy) – науқастың
бөлінген жасушаларына генді енгізу. Өсіру мен трансформациялаудан кейін
жасушаларды трансфузия, инфузия немесе инъекция жолымен науқасқа кіргізеді.
Бұл ем-шаралар генетикалық деффекттерді болдырмауға мүмкіндік береді.