55
Сызықпен түрлеудің контурмен байланысы ассоциативтік және ассоциативтік
емес болуы мүмкін (2.36-сурет). Ассоциативтік байланыс
кезінде ассоциативтік
сызықшалау орындалады, ол объект контуры ӛзгерген кезде бірге ӛзгереді.
Ассоциативтік емес сызықпен түрлеу объектінің контуры ӛзгерген
кезде
ӛзгермейді.
Аннотативтік сызықпен түрлеу құм, бетон, болат, топырақ және т.б.
материалдарды белгілеу үшін қолданылады. Аннотативтік сызықпен түрлеу қағаз
парағының нақты форматы үшін анықталады. Аннотативтік сызықпен түрлеуді
жеке объект түрінде немесе үлгі ретінде жасауға болады. Аннотативтік сызықпен
түрлеудің бағыты әрқашан парақтың бағытымен сәйкес болады.
2.2.4 Растрлық кескіндер
Растрлық кескіндер – нүктелерден (растрлардан) тұратын кескін, нүктелердің
түстерінен сурет пайда болады. Жүйе растрлық сурет файлын оқып, оны сызбада
түрлі-түсті тӛртбұрыш ретінде қояды.
Растрлық кескіндермен жұмыс істеу үшін IMAGE (ИЗОБ)
командасы
қолданылады. Бұл команда Insert (Вставка) құлама мәзіріндегі Image Manager
2.37-сурет
2.38-сурет
56
(Диспетчер изображений) пунктінен шақырылады.
Команда диалогтық терезені
шақырады (2.37-сурет). Бұл терезеден Attach батырмасын басқанда экранда Select
Image File (Выбрать файл изображения) диалогтық терезесі пайда болады (2.38 –
сурет). Бұл терезеде қажетті кескінді таңдаймыз, мысалы Домик.
Енді осы
кескінді ӛзіміздің сызбаға қоюға болады.
Ол үшін ОТКРЫТЬ батырмасын басамыз. Экранда келесі терезе ашылады:
Image (Изображение) (2.39 - сурет).
Барлық параметрлерді енгізгеннен кейін ОК батырмасын басамыз. Сонда
экранда кескін пайда болады.
2.39-сурет
2.40-сурет