Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет60/100
Дата13.01.2023
өлшемі8,63 Mb.
#165468
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100
Байланысты:
AutoCAD графикалық ортасының интерфейсімен танысу.

Объектіні бӛлшектеу


Объектіні құрайтын элементтерге бӛлшектеу үшін Расчленить (explode) командасы қолданылады. Бӛлшектегеннен кейін құрама объектілер (блоктар, полисызықтар, тік тӛртбұрыштар, кӛпбұрыштар, мультисызықтар, облыстар, үш ӛлшемдік торлар мен денелер) жекеленген жәй объектілерге бӛлінеді.





а) бӛлшектеуге дейінгі дұрыс алтыбұрыш
ә) бӛлшектеу операциясынан кейін дұрыс алтыбұрыштың орнына ұзындықтары бірдей алты кесіндіні аламыз

3.21-сурет


Расчленить (explode) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады.
Командалық жолда келесі хабар шығады:

Command: _explode (Команда : расчленить)


Әрі қарай бӛлшектенетін объектіні нұсқауды ұсынады:

Select objects: (Выберите объекты).


3.21-суретте бӛлшектеу командасының орындалуы кӛрсетілген. Расчленить (explode) командасы орындалғаннан кейін дұрыс алтыбұрыш жекеленген алты бірдей кесінділерге айналады. Суретте кесіндінің бірі белгіленіп, жоғары жылжытып кӛрсетілген.


    1. Объектіні бӛліктеу


Кӛптеген геометриялық тұрғызуларды орындаған кезде кесіндіні немесе доғаны бірдей бӛліктерге бӛлу және олардың бойында белгілі бір ұзындықта белгілеулер қажеттілігі туады.
Ол үшін AutoCAD жүйесінде Поделить (divide) және Разметить (Measure) операциялары бар. Бұл операциялардың екеуі де объектіні бӛліп тастамайды, тек олардың бойында арнайы объект-нүктелерді немесе блоктарды қойып шығады. Объект-нүктелерді кейін Нүкте объектілік байланысы ретінде қолдануға болады.
Бӛліктеуге болатын объектілер: кесінділер, доғалар, шеңберлер, эллипстер, эллипстік доғалар, полисызықтар мен сплайндар. Полисызықты бӛліктеу кезінде

бӛліктеу объектісі ретінде полисызықтың жекелеген сегменттері емес, ӛзі түгелдей қабылданады.
Бұл операцияларды орындау алдында AutoCAD тораптық нүктелерде қандай объектілер қойылатыны жӛнінде ақпарат сұрайды. Егер бӛліктеу кезінде объект- Нүктелер қолданылатын болса, онда нүктенің форматын экранда кӛрінетіндей етіп орнатып алу керек. Ол үшін құлама мәзірдің Формат бӛлімінен Отображение точек (Point Style) бӛлімін ашу керек. Экранда пайда болған


3.22-сурет


диалогтық терезеде (3.22-сурет) нүктенің символын таңдап, оның ӛлшемін қою керек.
Егер бӛліктеу нүктелерінде блоктар қойылатын болса, блоктың объектімен бағытталуын анықтап алу керек. 3.24-суретте блоктың доғаны бӛліктеу кезіндегі келісілген және келісілмеген бағытталуының айырмашылығы кӛрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет