Specify next point or [Undo]:
(Келесі нүкте немесе [Отменить]:), яғни компьютер кесіндінің екінші нүктесін сұрап отыр, оны да екі тәсілмен беруге болады: координаталарын беру арқылы немесе курсордың кӛмегімен.
[Undo] опциясы алдында берілген нүктені жояды. Бұл команданың орысша баламасы Отменить компьютермен орындалатын командалардың қатарына кіреді, сондықтан оны ӛзгеріссіз қалдырып отырмыз.
LINE командасы бұнымен аяқталмайды, ол келесі сұрауды жасайды:
Specify next point or [Undo]:
(Келесі нүкте немесе [Отменить]:)
Бұл команда экранда бірнеше кесінділерден тұратын сынық сызық салуға болатынын кӛрсетеді.
Егер курсорды графикалық алаңның ішіне қойып, тышқанның оң батырмасын басса, экранда контекстік мәзір пайда болады:
Enter (Завершить) - аяқтау Cancel (Прервать) - тоқтату Close (Замкнуть) - тұйықтау Undo (Отменить) - қайтару
Pan (Панорамирование) – панорамалау Zoom (Зуммирование) – үлкейтіп, кішірейту
Бұл мәзірде Enter (Завершить) пункті команданы аяқтайды, Cancel (Прервать) пункті команданың жұмысын тоқтатады, Close (Замкнуть) пункті соңғы кесіндінің соңғы нүктесі мен бірінші кесіндінің басын қосатын тағы да бір кесінді сызып, тұйықтайды, Undo (Отменить) пункті ендірілген командаларды
қайтарып жояды. Pan (Панорамирование), Zoom (Зуммирование) пункттері келесі тақырыптарда қарастырылады.
Егер ұзындығы 100 мм кесіндіні 60 бұрыш кӛлбеулікпен салу керек болса, онда бірінші нүкте берілгеннен кейін командалық жолда екінші сұрауға мынадай жауап жазылады:
@ 100 < 60.
Тік тӛртбұрыш (Прямоугольник - Rectang)
Тік тӛртбұрыш сызбаларда кӛптеп кездесетін геометриялық фигура. Сондықтан AutoCAD графикалық жүйесінде арнайы Прямоугольник (Rectang) командасы бар.
Бұл команданы шақыру үшін тӛмендегі тәсілдердің бірін қолдануға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |