Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет72/100
Дата13.01.2023
өлшемі8,63 Mb.
#165468
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100
Байланысты:
AutoCAD графикалық ортасының интерфейсімен танысу.

Айналу денелері


Айналу денелері – тұйық контурдың белгілі бір осьтің тӛңірегінде айналуынан пайда болатын қаттыденелі объект.
Айналу объектісі ретінде тұйық сызықтар: полисызықтар, кӛпбұрыштар, тік тӛртбұрыштар, эллипстер және облыстар болуы мүмкін. Ұштарымен жалғасқан бӛлек кесінділер мен доғаларды облысқа немесе тұйық полисызыққа түрлендіру керек, содан соң алынған объектіні айналу денесін жасау үшін қолдануға болады.
Айналу осі ретінде (axis of revolution) X немесе Y осьтерін алуға болады. Сонымен қатар, айналу осі ретінде кесінділер мен полисызықтарды да алуға
болады. 4.18-суретте айналу осі ретінде үзілмелі нүктелі сызықпен сызылған қызыл түсті кесінді қолданылған.
Айналу бұрышы (angle of revolution) – қатты денені жасау кезінде бастапқы объектіні айналу осі тӛңірегінде айналу бұрышы. Ол бұрышы 360 болуы мүмкін, немесе толық бұрыштың бір бӛлігі болуы мүмкін. 4.19-суретте айналу бұрышы 270 айналу денесін жасау

    1. - сурет

мысалы кӛрсетілген.
AutoCAD-та айналу денесін салу үшін

арнайы Вращать (Revolve) командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:

  1. Моделирование аспаптар панелі  батырмасы;

  2. Рисование мәзірі  МоделированиеВращать;

  3. Командалық жолда Вращать немесе Revolve сӛзін енгізу;

  4. Басқару пульті  3D Make (3D построения)Вращать.



Вращать командасын шақырғанда командалық жолда келесі жазу шығады:

Команда: _revolve


Текущая плотность каркаса: ISOLINES=4

Выберите объекты для вращения:


Айналдырылатын объектіні нұсқайсыз.
Егер денелердің бір жақтарын айналдыру керек болса CTRL пернесін басып тұрып, қажетті объектілерді белгілейсіз.
Блоктардың ішіндегі объектілерді айналдыруға болмайды. Сол сияқты ӛзін-ӛзі
қиятын полисызықтарды да айналдыруға болмайды. Айналдыру командасы полисызықтың енін ескермейді және оны орта сызығымен айналдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет