Пәндi оқыту мiндеттері:
графикалық редакторлармен танысу, AutoCAD жүйесімен танысу;
AutoCAD жүйесінің кӛмегімен қарапайым сызбаларды салуды үйрену;
сызбаларды AutoCAD жүйесінің кӛмегімен автоматты түрде орындау мен оларды рәсімдеуді, редакциялауды үйреніп, машықтану;
компьютерлік графиканың теориялық негіздерін оқып, үйрену;
AutoCAD жүйесінде конструкторлық құжаттардың графикалық бӛлімдерін дайындаудың алгоритмдерін үйрену;
сызбалар кітапханасын жасау, кӛшірмелерін алу, блоктарды құру принциптерін үйрену;
AutoCAD графикалық жүйесінің интернетпен және электрондық почтамен байланысының негіздерін білу;
іскерлік, анимациялық және иллюстрациялық компьютерлік графикамен танысу.
Инженерлік компьютерлік графиканың базалық негіздері
AutoCAD графикалық жүйесі, оның ерекшеліктері мен артықшылықтары. Графикалық редактордың сипаттамасы.
AutoCAD жүйесінің ағылшын және орыс тіліндегі нұсқалары ӛте кӛп. Кең таралған қолданбалы бағдарламалар мен жүйелердің кӛпшілігі сияқты бұл жүйенің қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ болғандықтан, дәріс мұқтасарында ағылшын, орыс тіліндегі командаларды және командаларды орындау барысындағы сұраулар мен талаптарды ӛзгеріссіз, экранда кӛрсетілгендей беруді жӛн кӛрдік.
AutoCAD 2008 интерфейсі Windows-қа арналған басқару элементтерінің стандарттық жиынын құрайды. Операциялық жүйенің ӛзінің немесе Microsoft Office пакетінің интерфейсімен таныс қолданушыға терезе элементтерімен жұмыс, командаларды енгізу қиынға соқпайды. Тӛменде AutoCAD 2008 интерфейсінің базалық компоненттері келтірілген.
AutoCAD-тың басты терезесі
AutoCAD-ты іске қосқанда 1.1-суретте кӛрсетілген экран пайда болады, ол бірнеше элементтерден тұрады.
Тақырып жолы Мәзір жолы
Аспаптар панельдері
Курсор қиылысы мен таңдау дәлдеуіші
Командалық жол
Меңзер координаталары
1.1-сурет
Қалып-күй қатары
Оның негізгі элементтері:
мәзір (меню) жолы (терезенің үстіңгі бӛлігінде орналасқан),
жағдай жолы (терезенің астыңғы бӛлігінде орналасқан),
графикалық терезе (оны AutoCAD-тың графикалық алаңы деп те атайды),
командалар жолы,
курсор (меңзер) қиылысы,
бірнеше аспаптар панельдері.
Бұл элементтердің әрқайсысының атқаратын қызметі бар, соларды біртіндеп қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |