сурет
Контексттік мәзір командаларының тобында әдетте Шығу деген команда болады, сол арқылы активті командамен жұмысты аяқтаса болады.
Анықтама ақпаратты алу
AutoCAD-та жұмыс істей отырып пайдаланушы анықтаманың бірнеше түрін ала алады.
Windows астында жұмыс жасайтын басқа да бағдарламалардағы сияқты AutoCAD-тың мәзір жолының соңғы бӛлімі Анықтама (Справка) деп аталады. Бұл бӛлімнен Анықтама пунктін таңдасаңыз экранда анықтамалық режим терезесі ашылады (3-сурет).
сурет
Бұл терезедегі құрылымдық анықтамалық ақпарат Пуск мәзіріндегі Windows жайлы анықтамаға ұқсас. Бұл терезе AutoCAD команданы күту режимінде болғанда және команда орындалып жатпаған жағдайда F1 пернесін басу арқылы шақырылады. Егер Сіз кез келген команданы орындап отырып, тек сол команда жайында анықтама алғыңыз келсе F1-ді басыңыз.
зертханалық жұмыс. Мұқаба бетті жасау.
Мұқаба бетті жасаудың бірінші этапы – бұл А4 пішімді контур және МЕСТ 2.301-68-ге сәйкес сызба алаңының рамкасын сызу.
Сызбаны сызбас бұрын ӛзімізге қажетті сызықтардың түрлерін қабаттар құру арқылы жасап аламыз. Бізге екі түрлі сызық түрі қажет. Оның бірі сызба алаңының рамкасы және А4 форматын сызуға арналған сызықтар. Меню жолынан Формат бӛліміне кіріп Қабат (Слой) басамыз. Нәтижесінде келесі терезе шығады:
сурет
Бұл терезенің жоғарғы жағында Жаңа қабат құру (Создать слой)батырмасын басамыз да қабаттың атын Контур деп, Сызық типін(Тип линий) Continous, Сызық қалыңдығы(Вес линий) 0,8 деп береміз. Тағы да Жаңа қабат құру (Создать слой) батырмасын басамыз да бұл жолы оны А4 атап, Сызық типін (Тип линий) Continous, Сызық қалыңдығы (Вес линий) 0,35 деп орнатамыз да ОК батырмасын басамыз:
- сурет
А4 қабатын ағымдағы қылып орнатамыз. Ол үшін аспаптар тақтасынан Қабаттар (Слои) тӛменге қарай деген бағытшаны басамыз да, сол жерден ӛзіміз құрған қабаттарды кӛреміз.
- сурет
Сол тізімнің ішіне А4-ті таңдау үшін тышқанның сол жақ батырмасын басамыз.
- сурет
Енді сызбаны сызбас бұрын, барлық түзулер тек горизонталь немесе вертикаль ғана сызылатын режимді орнатып аламыз, оны ОРТО (режимдер тақтасы, немесе қалып-күй қатары, AutoCAD жұмыс терезесінің тӛменгі жағында орналасқан) батырмасын басу арқылы орнатамыз.
Содан кейін Кесінді (Отрезок) түзулерді сызу командасын пайдаланамыз. Бұл команданы келесі тәсілдер арқылы шақырса болады: меню жолынан Салу
(Рисование)–ден Кесінді(Отрезок) пунктін таңдау арқылы, немесе Салу(Рисование) құрал- саймандар тақтасының сәйкес
- сурет
пиктограмманы басу арқылы.
- сурет
Осыдан кейін командалық жолда келесідей жазу пайда болады:
(Команда : бірінші нүкте:) яғни, компьютер түзудің бастапқы нүктесінің координаталарын сұрап тұр. Сұранысқа жауап ретінде 0,0 координаталарын енгізіп, Enter пернесін басамыз.
Бастапқы нүктесі берілгеннен кейін, командалық жолда келесі сұраныс шығады:
(Келесі нүкте немесе [Болдырмау]:) яғни компьютер түзудің екінші нүктесін беруді сұрап тұр. Оған А4 форматының ені 210 мм деп жазамыз да тағы Enter пернесін басамыз. Содан кейін тышқанның кӛмегімен түзудің бағытын жоғары қарай деп кӛрсетіп, оған А4 форматының ұзындығын енгіземіз 297 мм де Enter пернесін басамыз. Осы операцияны 7-суреттегідей тік тӛртбұрыш жасалынғанша қайталаймыз.
сурет
Ендігі кезекте МЕСТ 2.301-68- ге сәйкес сызба алаңының рамкасын сызу қажет. Контур қабатын ағымдағы қылып орнатамыз да, қайта Кесінді(Отрезок) түзулерді сызу командасын таңдаймыз. Командалық жолда шыққан сұранысқа жауап ретінде 20,5 деп енгізіп, Enter пернесін басамыз.
Келесі сұраныста компьютер түзудің екінші нүктесін беруді сұрайды. Оған сызба алаңының рамкасының ені 185 мм деп жазамыз да тағы Enter пернесін басамыз. Содан кейін тышқанның кӛмегімен түзудің бағытын жоғары қарай деп кӛрсетіп, оған сызба алаңының рамкасының ұзындығын 287 мм енгіземіз де, Enter
пернесін басамыз. Осы операцияны 8-суреттегідей тік тӛртбұрыш жасалынғанша қайталаймыз.
cурет
Салынған сызбаның сызықтарының қалыңдықтарын кӛру үшін
Достарыңызбен бөлісу: |