САЛМАҚ (ВЕС) режимін таңдаймыз. Сонда салынған сызба сызықтарының қалыңдықтары кӛрінеді (9-cурет).
cурет
Келесі қадамымыз, бұл мәтін жазу. Мәтінді жазбас бұрын оның параметрлерін алдын ала орнатып алуымыз қажет. Ол меню жолынан ФОРМАТ бӛліміндегі
Мәтіндік стиль(Текстовый стиль) шақыру арқылы ашылатын диалогтык терезеде орындалады (10 - cурет).
- cурет Ашылған терезеде келесі түзетулерді енгіземіз:
Мәтін шрифті(Шрифт) – ISOCPEUR (сызба шрифті);
Мәтін биіктігі (Высота) – 7 (алғашқы жазылатын сӛздеріміздің биіктігі 7 болғандықта 7-ні таңдадық, бірақ бұл мән мұқаба бет жазуының стандартына сай ӛзгереді);
Қиғаштық бұрышы (Угол наклона) – 15;
Сонда нәтижесінде бұл терезеде тӛмендегідей болуы қажет:
- сурет
Барлық мәндерді енгізіп болғаннан кейін Қолдану (Применить) батырмасын басамыз.
Енді нақтылай мәтінді жазуға кірісеміз. Ол үшін Салу (Рисование) аспаптар тақтасынан Мәтін (Текст) пиктограммасын басып жазуға кірісеміз.
- сурет
Мәтінді жазағанда Формат текста деген кішігірім терезе шығады сол терезеде жазылатын мәтінді пішімдеуге болады (оның шрифтін, ӛлшемін, мәтіннің түсін, қиғаштығының бұрышын, әріптердің ара қашықтығын және тағы басқа беруге болады).
- сурет
Тӛменде түрлі шрифттермен жазылған мәтіндер кӛрсетілген (13-cурет):
Нәтижесінде мұқаба бет келесідей болып шығуы керек (14-cурет).
Осы сызбамызды сақтаймыз. Ол үшін мынадай қадамдарды орындау қажет:
14-сурет 1)Мәзір қатарынан Сақтау(Сохранить).'>Файл-Сақтау(Сохранить).
Сонда келесідей терезе шығады:
15-сурет
Бұл терезеде (16-сурет) Файл аты(Имя файла) деген жерге Мұқаба бет деп жазып(негізінде файлға ӛзіңіз түсінетіндей кез келген ат бере беруге болады) Сақтау(Сохранить) батырмасын басу керек. Сол уақытта файлымыз кӛрсетілген жерде сақталынады (Біздің мысалда ол Жұмыс үстелінде (Рабочий стол) сақталынады).
Енді негізгі жазуды орындау үшін мына қадамдарды орындаймыз:
Жаңа бет ашу: меню қатарынан Файл-Құру (Создать) басамыз.
17 - сурет
Сонда шаблондары бар тӛменгідей терезе шығады, одан acadiso шаблонын таңдап, Ашу (Открыть) батырмасын басамыз. Нәтижесінде жаңа бет ашылады.
Оған мұқаба беттегідей А4 форматын және сызба алаңының рамкасын салыңыз. Барлығын жоғарыда аталып кеткен қадамдар бойынша орындаймыз.
А4 форматы мен рамканы салып біткенен кейін Салу (Рисование) аспаптар панелінің Кесінді (Отрезок) пиктограммасын пайдаланып негізгі жазуды сызамыз.
Сәйкесінше барлық мәтіндерін толтырғаннан кейін негізгі жазу келесі түрде болуы қажет (18-cурет).
18 - сурет
Достарыңызбен бөлісу: |