Оқыту диагностикасы (диагностика обучения)
|
Қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту және олардың жұмысы режимінің бұзылуының алдын-алу жолдарын айқындау
|
Оқытудағы дедукция (дедукция в обучении)
(лат. қорыты)
|
Жалпы білім негізінде нәрсе туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой тұжырымдарын оқытуда пайдалану. Мұнда оқу материалына сәйкес логикалық үрдіс және мазмұндау жолы жалпы қағидалардан басталып соларды сол басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады. Бұл тұрғыда оқытудағы дедукция жалпының жекеге қатынасының бір формасы болып табылады.
|
Оқулық (учебник)
|
Ғылыми білім негізін мазмұндайтын кітап, белгілі бір оқу пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес және оқыту мақсатына арналған.
|
Оқытудың жүйелілігі (систематичность обучения)
|
Оқу материалын мазмұндау зерттелетін ғылымның ішкі логикасына сәйкес келуін, соныменбірге оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне жауап беруін талап ететін дидактикалық қағида.
|