Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет34/124
Дата04.06.2023
өлшемі0,75 Mb.
#178202
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

Идентификация - бұл бөгде адамды саналы түрде оның мінезін түсініп, оның орнына өзін қойып көру ниетімен оның жан дүниесін, ойын, әрекетін, сезімін ойша құрастырады. Қарым-қатынас үшін тек
сырттай бөгде адам ретінде оны түсіну ғана емес, сондай-ақ онымен қарым-қатынасқа түскен жеке адам қалайша өзін қабылдап, түсініп тұрғанын назарына алу да маңызды. Қарым-қатынасқа түскендердің біреуі өзін қандай түрде қабылдап тұрғанын саналы ойласа, онда бұл қарым-қатынас рефлекция деп аталады.
Рефлекция - адамды түсіну негізіне жатады. Бөгде адамды түсіну - сол адамның қарым-қатынасын қабылдау тек қана өзіне арналғандығын құптау. Осылайша адамның адамды қабылдауы оның айналадағы бейнесі секілді.
Адам бөгде жеке адамды бейнелей отырып, өзін сол адамның қабылдау айнасында бейнелейді. Қарым-қатынас жүру барысында идентификация мен рефлекция бірлікте болады. Егер де әрбір жеке адам өзі қарым-қатынасқа түскен адамдар туралы әрқашан толық ғылыми негіздерінен хабардар болса, онда ол өзара қатынасты ешқандай кемшіліксіз құра алады. Бірақ күнделікті өмірде адам осы тәрізді дәл хабарға ие бола алмайды.
Стереотипизация - қылықтар түрлерінің формасы және кейде ешқандай негізсіз қылықтарды таныс немесе таныс сияқты көрінетін құбылыстарға жатқызу, яғни әлеуметтік стереотипке жауап беру. Стереотип бұ жерде өз бетінше қалыптастырған адам бейнесін әрдайым белгі ретінде ұстану.
Стереотипизация - қарым-қатынас қорытындысы, жеке дара қабылдаудың тәжірибесін жинақтау, кітаптар мен кинофильмдер, таныстарының есте қалған сөздері арқылы қалыптасуы мүмкін. Бұл ретте осы жинақталған білімдердің өзі дұрыс қорытындылармен сәйкес келмей қате болуы мүмкін. Қалыптасқан жекедаралық қабылдау стереотипі бөгде адамдарды түсінудің таңдап алынған эталоны және салыстырмалы жағдайда тиімді болады.
Адамзат болмысының бөлінбес бөлшегі бола отырып, қарым- қатынас жеке адам дамуының құралы мен басқаруы бола алады. Ол арқылы адам қоршаған орта, әлеуметтік ортамен әртүрлі контактіге түсіп, қоғамдық мәдени және адам құндылықтарына жақындасуы, өзін-өзі тануы, дүниемен өзара байланысы қалыптасады.
Жоғарыда атап өтілгендей қарым-қатынас жәй хабар алмастырумен шектелмейді.
Қарым-қатынас жоғары деңгейде болуы үшін міндетті түрде өзара хабар алмастыру.
Бөгде адамға бір нәрсені хабарлағанда, нұсқау бергенде немесе сұрақтар қойғанда, яғни онымен өзара байланыс жасағанда жеке адам өзінің қатынасының пайдалы екендігі жайында қажетті хабар алады.
Адам арасындағы қарым-қатынас және түсінушілкке жету басшы қолданатын әдіске байланысты. Сыйластық формасында басқару адам тұлғасы, оның белсенділігі, тәртіптілігі, әділдігінің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Сонау ерте заманның өзінде-ақ адам жалғыз жүріп мақсат- мұратына жете алмайтынын, айналасындағылармен бірлесіп өмір сүру адамдардың табиғи қажеті екендігін, тіпті өмір сүрудің де мұнысыз мүмкін еместігін адамзат жақсы аңғарған.
Шығыстың екінші Аристотель атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби өз еңбектерінде жақсы адамдармен бірлесіп тірлік етіп, бас қосу да бақытқа жетудің басты шарттарының бірі деген екен (94).
Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы. Педагогикалық қызметтің өнімділігі көбіне мұғалімнің педагогикалық қарым- қатынас технологиясын меңгеру деңгейіне байланысты. Білім беру мен тәрбиелеудің міндеттерін шешуде кездесіп отыратын түрлі қиыншылыктардың болуы мүғалімнің балалармен дұрыс қарым- қатынас ұйымдастыра алмауынан туындайды.
В. А. Кан-Каликтің мұғалімге арналған педагогикалық қарым-қатынас технологиясы кітабында: тәрбиенің тиімділігі баланың бойында қандай қасиет тәрбиелегіміз келетінін білу, сол бағытта жағымды қарым-қатынас тудыруға тәуелді делінген. Бұл жинақталған қарым-қатынас механизмі аркылы қалыптасады. Сондықтан да әр мұғалімнің алдында педагогикалық қарым- қатынас технологиясын меңгеру міндеті тұр.
Педагогикалық кызметпен байланысты қарым-қатынас - бұл оқытудың міндеттерін шешудің құралы, әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етілген білім беру процесі, педагог пен балалардың оқыту мен тәрбиенің жетістікке жетуіне жағдай жасалуы.
Педагогикалық қарым-қатынас технологиясының жоспардағы ерекше шығармашылық типі ретінде ақпаратты бере алуда, оқушының жағдайын түсінуде, балалармен өзара қарым-қатынас ұйымдастыруда, қарым-қатынас серігіне әсер ету өнерінде, өзінің психикалық жағдайын басқара алуда көрініс табады.
Коммуникативті міндет. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас процесі коммуникативтік міндет жүйесі ретіңде берілгендіктен, педагогикалық карым-қатынас технологиясының мәнін «коммуни- кативтік міндет» ұғымымен түсіндіреді.
Коммуникативтік міндет педагогикалық міндеттен шығады, дәл сондай шешу кезеңдерінен тұрады: жағдайды талдау, варианттарды және оның ішінен тиімдісін таңдау, коммуникативті әрекеттесу және оның нәтижесін талдау.
Педагогикалық міндетті шешудің барлық кезеңінде педагог салаларға сәйкесқалыпты қарым-қатынас технологиясын қолданады, соның көмегімен педагогикалық әрекетті ұйымдастырады.
Жалпы коммуникативтік міндет баяндау және ынталандырудан құрылады. Баяндау түрлері: өзінің баяндауы, мәлімет беру, хабарлау, атап өту, жауап, жеткізу, рапорт және т.б. Ынталандыру түрлері: бұйрық, талап ету, ескерту, ақыл беру, тапсырма, шақыру, өтініш, уағыздау және т.б.
Коммуникативтік міндет оқыту міндетін шешудің әдісі ретінде қарастырылады. Мұғалімнің коммуникативтік іс-әрекетінің
-қызметі белгіленген:

    • ынталандырушы

    • жауап беруші

    • бақылаушы

    • ұйымдастырушы

Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері келесі негізден құралады:
1. Қарым-қатынас жағдайында бағдар көрсету кезеңі келесі компоненттерге сүйенеді: 1) педагогтың қарым-қатынас стилін сезіну, осы ұжыммен болатын қарым-қатынастың ерекшеліктерін ойша құрастыру - коммуникативті есте сақтау; жаңа коммуникативтік қызмет жағдайында карым-қатынас стилін анықтау; сыныптағы жағдаятқа және ағымдағы педагогикалық міндеттен шығады. Мұнда соның негізінде сынып, балалар тобы немесе жеке тәрбиеленушілер қатыса алатын қимыл-қозғалыс объектісін нақтылау жүзеге асады.
Өзіне көңіл аударту кезеңі әртүрлі тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Олар мына варианттарға бөлінеді: сөздік-вербалдь қарым-қатынас, өзіне көңіл аудартудың ішкі белсенді талабы мен үзіліс, белгі-кестелерді, көрнекілікті ілу, тақтаға жазу.
Пайдаланатын құралдары бойынша: вербальды қарым-қатынас

  • тіл, сөз арқылы қарым-қатынас жасау; ал вербальды емес – басқа

адаммен немесе адамдар тобымен сөзді пайдаланбай белгілер, символдар, ым, ишара, пантомимика арқылы қарым-қатынас жасау. Нақтылау кезеңінде педагог алдыңғы кезеңдерде жинақталған қарым-қатынас жағдайын және мүмкін болатын міндеттерді нақтылайды. Өнімді қарым-қатынас деңгейін анықтауға тырысады. Коммуникативтік міндетті шешудің негізгі кезеңі - вербальдь қарым-қатынасты жүзеге асыру. Мұндай қарым-қатынасты жетістігі, педагогтың жақсы вербальдық еске сақтауыш байланысты, жарқын нақты сөйлеу, тілдік әдістерді дұрыс таңдай білуі, ақпаратты беру мәтінін логикалық түрде құрастыра білуі интонациясына
байланысты.
Коммуникативтік міндетті шешудің ең соңғы кезеңі – кері мазмұнды және эмоциональды байланысты ұйымдастыру. Кері мазмұнды байланыс қатысушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі туралы ақпарат” береді. Ол фронтальды және шұғыл жеке сауалнама арқылы орындалған тапсырманы талдау арқылы жүзеге асырылады.
ХХ ғасырдың 60-жылдардың соңында әлеуметтік және педагогикалық психология ғылымдарының тоғысында “педагогикалық қарым-қатынас” ұғымы пайда болды
ХХ ғасырдың 70-жылдары Т. Н. Мальковский қарым- қатынастың коммуникативті аспектісін, А. В. Мудрик мектептің өзара әрекеттесуі мен тәрбиелеуші әсерлерін, В. В. Течет ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеді.
ХХ ғасырдың 80-жылдары А. А. Бодалев, В. Я. Ляудис педагогикалық қарым-қатынасты ғылымның жаңа саласы деп көрсетті. Ал, А. А. Леонтьев, Н. А. Березевина, Я. Л. Коломинский, С. В. Кондратьев, В. А. Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынас ұғымын қарастырды. В. А. Кан-Калик қарым-қатынастың психологиялық мазмұнын, құрылымын, стилін, кезеңдерін анықтады. Педагогикалық қарым-қатынас “педагогикалық шеберлік” пәнінің аясында оқытылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет