Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет42/124
Дата04.06.2023
өлшемі0,75 Mb.
#178202
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   124
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

Педагогикалық конфликтінің ерекшеліктері:

Конфликтінің түрлері:

Тұлға ішілік конфликт – бұл тұлғаның мотивтері, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.
Тұлға аралық конфликт – бұл тұлғалар арасында бір-біріне қарама-қарсы келетін мақсаттарды орындау барысында іс-әрекетте туындайтын конфликтілермен сипатталады.
Топ аралық конфликт – бұл әлеуметтік топтар арасында мақсаттар мен оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінен туындайтын конфликтілер.
Тұлғалық-топтық конфликт - тұлғаның мінез-құлқы мен тәлім-тәртібі топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде туындайды.
Конфликтінің туындау себептері (М. М. Рыбакова бойынша) :

  • іс-әрекет конфликтілері;

  • қарым-қатынас конфликтілері;

  • әрекет конфликтілері.

Іс-әрекет конфликтілері мұғалім мен оқушы арасында туындайды және оқушы белгілі бір тапсырманы орындаудан бас тартқанда немесе дұрыс орындамаған жағдайда пайда болады.
Бұл конфликттер көбінесе оқуда қиындық көретін оқушылар мен мұғалім сыныпқа жаңадан келген жағдайда туындайды.
Қарым-қатынас конфликтілері – педагогтың проблемалы ситуацияларды шеше алмауы барысында туындайды, ол көбінесе ұзақ мерзімге созылады. Бұл конфликтілер тұлғалық сипатқа ие болады, оқушының мұғалімге деген жек көрушілік сезімін туындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет