Сөйлеу дегеніміз – тілдің көмегімен қарым- қатынас жасау процесі. Тіл – қоғам өмірінің обьективті құбылысы,ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды. Қарым-қатынаста адам тіл байлығының шағын бөлігін ғана пайдаланады. Ұлы жазушылардың тілінің өзінде 10 мыңнан 20 мыңға дейін ғана сөз болады, ал жалпы тілдің құрамында бірнеше жүздеген мың сөз болады.
Адами сөйлеу күрделі, сондықтан да көп құрамдас түсінік. Педагог ауызша және жазбаша әдеби тіл нормаларын, яғни екпінді, грамматиканы, сөздің қолданылу аясын білуі тиіс. Осы тұрғыдан сөз мәнерінің дұрыс не дұрыс еместігін бағалайды.
Педагогтың сөз мәдениеті барлық кез келген адамзат баласындағыдай өз Отанына деген махаббатының және жалпы мәдениеттілігінің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Дауысының эстетикалык сұлулығы, байлығы, мазмұны мен бейнелілігі бар педагог оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттерін жақсы атқаруға қабілетті болады. Даусының күші, сарыны да, сонымен қатар шынайылығы мен нақтылығы да біршама рөл атқарады.
Сөйлеу мәдениеті жөніндегі ғылым тілдік сферамен тығыз байланыста болады. Бұл мәселелермен әдебиет теориясы, психология, педагогика және физиология тәрізді ғылымдар айналысады. Тілдік нормалар (орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) - қоғам үшін мейлінше қажетті жиынтық.
Тәжірибелі мұғалімдер үнемі сабақта айтылып, беріліп отырған түсініктің маңыздылығына аса мән береді. «Сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңдер. Сол кезде сіздер оларды жаңылысулардың жартысынан кұтқарасыздар»,-деп жазды Р.Декарт.
Сөйлеу мәдениеті көптеген. факторларға байланысты - тілдесудің ойлы, бағыттылығы, оның мазмұны, жаңа ақпараттың болуы және т.б.
Лингвист Б. Н. Головин «Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік» кітабында оның келесі құрамдас бөліктерін көрсетті:
Сөйлеу дұрыстығы: екпін нормалары;
Сөйлеу дұрыстығы: грамматика нормалары;
Сөйлеу нақтылығы;
Сөйлеу логикасы;
Сөз мәнерінің тазалығы;
Сөз мәнерінің анықтығы;
Сөз мәнерінің байлығы, әр алуандығы;
Сөздіңорындылығы;
Тілдік және сөйлеу стилі.
Тілдің бай лексикалық - сөздік жүйесі педагогтың сөздік мәнеріндегі педагогикалық мәдениеттілігінің анық белгісі болып табылады. Тіл байлығы тек сөз қкорына (санына) байланысты емес, оларды бірнеше мағынада қолдану мүмкіндігімен де анықталады. Бір ғана «жүру» сөзінің бірнеше мағынасы («жаяу жүру», «адымдап жүру», «іс оңға басты» т.б.) бар. Тілдің лексикалық байлығы әр түрлі ойлар мен сезімдерді жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Сөйлеу мәдениетінің маңызды белгісі нақтылық болып табылады. Сөз мәнерінің нақтылығы пен анықтылығына тілдің көптеген кұралдарын қолдану аркылы қол жеткіземіз.Мысалы, синонимдер. Синоним дегеніміз - мағынасы жағынан бірдей, ал жазылуы әр түрлі сөздер. Мысалы, «атақты», «дәрежелі», «белгілі»;
«еркіндік», «бостандык», «тәуелсіздік». Тілдің синонимдік кұры- лымы ойды әр түрлі тәсілдермен жеткізуге, нақтылыққа жетуге көмектеседі.
Сөз нақтылығы оның сыңарын дұрыс келтіре білуге де байланысты, айтылуы ұқсас, бірак мағынасы әр түрлі сөздер:
«абонемент» - «абонент», «тәжірибелі» - «тәжірибелік».
Педагогикалық тіл табысудағы сөйлеу мәдениеттілігінің кажетті шарттарының бірі - ойды ауызша жеткізудің маңызды белгілері - қарапайымдылық пен қысқаша сөйлеу. Сөйлеу мәнерінің сапасын бір нәрсені қайталап айта беру, яғни тавтология (мағынасыз сөздерді кайталап айта беру) бұзады.
Педагогтың сөйлеу мәнері табиғи және анық болуы тиіс. Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы - бұл сөз тіркестерін және сөйлем құрудағы сөз формаларының орынды қолданылуы мен нормативтілігі.
Мұғалімнің сөйлеу мәнерінде оқушылар жеңіл қабылдайтын қарапайым, қүрделі емес сөйлемдер болуы тиіс.
Дыбысталу дұрыс болмаса, жоғары дәрежедегі сөйлеу мәдениеттілігі мүмкін болмайды. Бұл - орфоэпия саласы. Екпін орфоэпиямен тығыз байланысты. Көптеген жағдайларда екпін қоя білу киынға соғып жатады.
Педагогтың сөйлеу мәнері тек дұрыс болып қоймай, сонымен бірге анық, бейнелі, эмоционалды болуы тиіс. Бұл жайға тек
фразеологиялық мұраларды, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қолдану дағдысы арқылы қол жеткізуге болады. Фразеологизмдер әр түрлі құбылыстарды сипаттау үшін, сөйлеу мәнерін анық ету үшін қолданылады. Педагог «мақалсыз тіл - тұзсыз ас» екендігін ұғуы тиіс.
Ауызша сөйлеудің анықталған анафора, градация (бірден-бірге сатыланушылык), инверсия (сөйлемдегі сөздердің дағдылы ретін өзгерту) т.б. тәрізді стилистикалық фигуралар күшейтеді. Анафора
бір сөздің бірнеше жол т.б. басында қайталануы. Мұндай тәсілді М. Ю. Лермонтов пайдаланған. Градация - сөйлемдегі сөздердің айтылу деңгейіне қарай орналасуы.
Сөз мәнерінің жекелеген элементтерін ашып көрсету үшін, инверсия жиі колданылады (сөйлемдегі сөз ретінің өзгеруі).
Педагогтың сөз мәнері тек пән жөнінде жаңа ақпараттар болған жағдайда ғана емес, оқушылардың сезімдері мен ойларын белсендіре алған жағдайда да ойдағыдай нәтижеге жетеді.
Оқыту-жаттықтыру кештерін немесе тәрбие жұмыстарын өткізген кезде педагогтың табиғи сөйлеу мәнері оқушыларға негізгі әсер ету құрылғысы ретінде рөл атқарады. Сөз көмегімен мұғалім- жаттықтырушы оқу үрдісін басқарады, тәжірибелік әрекеттерді қадағалайды, оқушыларға қажетті білімді жеткізеді. Сөйлеу кей кездері ым-ишара және дене қозғалысымен іске асырылады. Жаттықтырушы үнемі ауызша және жазбаша сөз мәдениеттілігін жетілдірумен, нақтылық, тазалық, логикалық, айқындылық, білімділік, орнықтылық тәрізді коммуникативті қасиеттерді жақсартуға ұмтылумен айналысуы тиіс.
«Сөз мәнерінің жоғары мәдениеттілігі» ұғымын ашып көрсету барысында С. И. Ожегов былай деп жазған: «...бұл өз ойларын тіл құрылғылары арқылы нақты және айқын жеткізу. Дұрыс сөз мәдениеті деп қазіргі заманға сай әдеби тіл нормалары сақталған сөз мәнері айтылады».
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру белсенді тілдік қорды толықтырып отырумен тығыз байланысты. Жазбаша мәнердегі мол, белсенді лексикалык сөз қоры ауызша сөйлеу мәнерінің коммуникативті және әр түрлі бейнелі сапаларына әсер етеді. Ауызша сөйлеу мәнерінің мәдениетін арттыру үшін әр кезде (достармен тіл табысканда да) әдеби тілдің нормаларын сақтауға және үнемі еркін, дұрыс сөйлеу дағдысын өңдеуге тырысу қажет.
Классикалық көркем әдебиетке үнемі назар аудару да осыған септігін тигізеді. Егер сөз мәнері дұрыс берілмесе («э-э», «м-м-..» дыбыстары арқылы), аудитория эстетикалық тұрғыдан қанағаттанбайды. Осы әдеттерден құтылу үшін және дауыс ырғағын дұрыстау үшін өзіндік мәтіндерді іштей оқып, өзінің сөз мәнерін жазып алып тындап дайындалу қажет.
Оқушылардың ақпаратты қабылдауы мен меңгеруі тек мұғалім дұрыс сөйлеу мәнерін байқатса және анық сөйлесе, екпіндерде қателік жібермесе ғана жақсара түседі.
Егер педагог екпінді және жалғау-жұрнақтарды дұрыс айтпаса, оқушылар дұрыс назар да аудармайды, мазмұнды да түсіне алмайды.
Педагог сөзінің әрекет ету күші орнықтылықпен де (оқушылармен тіл табысу кезінде) байланысты. Оқушыларға білім беру және оның меңгерілуі айтылған мазмұнның тиімділігін жеңілдетеді. Жаңа оқушы келген күннен бастап, жаттықтырушы тек оның физикалық мәліметтерін ғана біліп коймай, психикалық қасиеттеріне де назар аударады, мінез-құлқын, темпераментін, ұнамды, интеллектуалды және эстетикалық сезімдерін, талғамын, қажеттілігін, дағдылары мен қызығушылықтарын, көңіл-күйінің өзгеруін және оларды қадағалау мүмкіндігін таниды. Тұлғаның психикалық қасиеттерін есепке ала отырып (егер сез оның техникалық жаттығуларға үлгермеушілігі жөнінде болатын болса), тәрбиеленушімен сұхбаттасатын орынды және уақытты таңдау кажет. Бір спортшымен көпшіліктің көзінше сөйлесу керек болса, енді бірімен оңашада сөйлесу қажет болады. Заңдылық бойынша әңгіме жай, қарапайым түрде дауыс көтермей өтеді, кейбір мадақтаулар немесе әрекет ету жөніндегі кештер өзгеше тонмен, мейлінше қаттырақ дауыспен өтеді. Педагогтың кез келген сөйлеу мәнерінде жағымсыз сөздер болмауы тиіс. Сөйлесу екпіні оқушының психикалық жағдайына, рухани тепе-теңдігіне, жасалған әрекеттерге байланысты қайғыруына қарай таңдалады.
Жаттықтырушы сайыстарда өз оқушыларымен мүлдем өзгеше сөйлеседі. Бұл кездерде спортшыға қиын кезенді бастан өткеруге көмек беретін, сәтті нәтижеге деген сенімділігін оятатын сөз мәнері орнықты болып саналады. Кеңес беру кезінде жаттықтырушы сәтсіздікке деген күмәнді сейілтетін, сенімділігін нығайтатын дауыспен сөйлейді. Спортшылармен жұмыс кезінде жаттықтырушы сөзінің әсерлі болуы көптеген факторларға байланысты - берілген спорт саласы жөніндегі терең білімділігіне, дене тәрбиесі,
педагогика, динамикалық анатомия, физиология, спорттық медицина теориясына, қорыта келгенде, спортшыны даярлаудағы мол практикалық тәжірибесіне, интеллекттісіне, сөйлеу мәдениетіне
осының барлығы оқушының мұғалім айтқан барлық жайға сенімділігін оятады.
Педагогтың беделі, оның ұнамды қасиеттері, шыншылдығы, нақтылығы, берілген спорт саласының дамуында алар орны ерекше. Бет бұлшық еттері шаршағанда, бас, қол және дене қозғалыстарында байқалатын өзгерістер адам сезімдерін білдіретін ішкі факторлар. Қолды үздіксіз сермей беру де жақсы пікір қалыптастырмайды, тек сөздің коммуникативті әсерін төмендетеді де, оқушыларды білімді меңгеруден алшақтатады. Жаттықтырушының әр түрлі әрекеттер барысында байқалатын ішкі жағдайы сезімін кадағалай білуіне байланысты. Ішкі жан-дүниесін сыртқа, яғни оқушыға байқатпай өз-өзін ұстай білу дағдысы, әсіресе, сайыстар кезінде спорттық тартыстарға толы кездерде. Сондықтан жаттықтырушы ішкі жан- дүниесін сыртқа шығармай шыдамдылық танытуы қажетті.
Сөйлеу техникасы мен оқудағы дауыс маңызын меңгеру.
Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл-күйін тыңдаушыға бағыттап отырады.
Дауыстың естілуі – тию – физиологиялық әрекеттің нәтижесі.
Адам сөйлеуге ыңғайланғанда тыныс алу мүшесі арқылы ауа жұтады. Осы кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға бағытталады. Өкпеден қайтқан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз-кем тосқауылына кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырмалы ет. Ол бірде керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеден ауа қайтқанда осы дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады.
Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса, оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білу қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу, суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау – дауыс күшті мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.
Мұғалімнің өз ойын, оқыған материалын дауыс ырғағы анық,
дәл сөзбен айта алу, жарқын мимика мен пантомимикамен, ұнамды эмоциямен бере білу қабілеті-сөйлеу қабілеті. Мұғалімдік мамандықтың ең маңыздысы - сөйлеу қабілеті. Өйткені мұғалім мағлұматтардың барлығын оқушыларға жеткізу, жүйелі білім беру үшін негізінен екінші сигнальды (сөйлеу сипатында) қолданады. Мұғалімнің сөзі өзінің нанымдылығымен, әсерлігімен ерекше мәнді болуға тиіс. Мұғалім өз шешендігімен оқушыларды баурап алуы керек. Ол ұзын фразалардан аулақтап, сөйлемді қиындатпай, өз ойын оқушыларға қарапайым және түсінікті бере алуы керек. Юмор, әзіл, көңілге тимейтін ирония (сықақ) болса, сөйлеу ажарын келтіреді, мақал-мәтелдерді қолдану ойды ажарлайды. «Мақал- сөздің мәйегі» -деген қазақ данылығы.
Мұғалімнің сөзі өткір, жалынды, бейнелі, жарқын интонациялы, көркем, эмоциялы, дауыс (дикция) ырғағы жағымды, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық ақауларды таза болуы шарт. Бірсарынды, жалаң көңілсіз сөздер оқушыларды зеріктіреді, жалықтырады, ұйқысын келтіреді, оларда сабаққа немқұрайлылық пен қалай болса, слай қарауды туғызады.
Тез асығыс айтылған ойлар, сөздер ұғынып алуға қиындық келтіреді және тез шаршатады. Дауыстың қаттылығы да психикаға әсер етеді. Орынсыз айқайлаңқырап айту балалардың жүйкесіне тиеді, ал әлсіз жай дауысты мұғалімді де тыңдау қиын. Қол сермеп сөйлеу сөзді жандандырады, бірақ көбірек, бірыңғай, ылғи, қол сермей беру, орынсыз қозғалыстар тітіркендіреді. «Біз үшін біздің әдебиетшіні тыңдағаннан басқа рахат жоқ, ол әдемі сөйлейді. Қоңырау соғылуы рахаттан айырғандай әсер етеді». Шешендік өнерін меңгерген мұғалімге арналған пікір осындай.
Достарыңызбен бөлісу: |