Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075)



бет16/33
Дата25.12.2016
өлшемі11,49 Mb.
#4420
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Ерін, бет ұшы, жақ, жұмсақ таңдай, жіліншік бұлшық еттерін сылап- сипауға арналған. Тілдің көлденең, бойлық, желпіүш тәрізді бұлшық еттерге әсер етіп, олардың иілгіштігін және ептілігін қалпына келтіреді. Бұл әр түрлі артикуляциялық позицияларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Зондтың ұшында ілмек бар. Тілді басқан кезде бұлшық еттер белсенді түрде жиырылып, ал алған кезде кернеу жойылады, босаңсу фазасы басталады.


№9 зонд. «Кішкентай қысқыш» («Щипчики»).

Бет ұшы, ерін, тіл бұлшық еттерін сылап- сипауға арналған.
Тілдің көлденең, бойлық бұлшық еттеріне әсер етіп, олардың иілгіштігін және ептілігін, бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі қабілетін қалпына келтіреді. Бұл әр түрлі артикуляциялық позицияларды қабылдауға мүмкіндік береді. Әсіресе тілдің бүйірін тіл түбіріне қарай сығылысуына, тілдің оңға-солға бұруына тиімді болады. Өйткені онымен тек тіл ұшынғана емес, ортасында іліп алуға болады.
№10 зонд. «Тартушы» (подтягивающий)

№ 10 зонд тіл асты желбезегін сылап-сипауға және оны созуға арналған. Егер бала тілін жоғары көтере алмаса бұл зондпен тіл асты желбезегінің қалпын көруге болады..
№11 зонд. «Аққу» («Лебедушка»)

Бет ұшын, жұмсақ таңдайды сылап- сипауға арналған. Бұлшық еттердің иілгіштігін және ептілігін қалпына келтіреді. Бұл әр түрлі артикуляциялық позицияларды қабылдауға және сілекей ағуынан арылтуға мүмкіндік береді.
Балаларды дизартриядан сақтандыру
Дизартриядан сақтандыру шаралары бірнеше кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезектегі шаралар.

Дизартрия - дыбыс айту мен просодикасының (ырғақтылығы, жылдамдығы) бұзылуымен сипатталатын күрделі тіл кемістігі. Балаларда дизартрия БЦСА-ң (балалардың церебральді параличі) салдарынан (қалдық белгілері ретінде), ал ересектерде параличтің белгілері ретінде қарастырылады.

БЦСА баланың құрсақта жатқан, босану кезінде және нәресте кездерінде мидың органикалық зақымдалу салдарынан болады. Мидың күрделі жүйесі бала тумай тұрып қалыптасады. Жүктілік қалыпты, ауытқусыз өтсе, мидың жетілу процесі бөгетсіз жүреді. Жүктіліктің алғашқы үш айында мидың дұрыс қалыптасуына қатер туғызатын - ананың вирустық инфекциялармен, кызамықпен ауыруы және алкоголь мен темекі болып табылады. Өйткені олар плацентаның (баланың іштегі жатар орны) қан тамырларын зақымдайды, соның салдарынан оттегі жеткілікті түспейді. Оттегінің жетіспеушілігі баланың миының дамуына әсер етеді, яғни кешеуілдейді. Мұндай жағдайда, бала туған кезде дем алу, жуту, емуді қамтамасыз ететін мидың құрылымдары толық жетілмейді.

Көп жағдайда туа салысымен мидың қалпын бірден бағалау қиындық туғызады. Мамандар туғаннан кейінгі 8-12 апта мөлшері қауыпты кезең деп санайды. Ауыр ақаулықтар баланың алғашқы бір жасында байқала бермейді, тек баланың өсіп, даму барысында байқалады. Сондықтын аналар осы кезеңде нәрестеге барынша бақылау жасап, көңіл бөлуі қажет.

Кейінгі зерттеулерде баланың дамуына әсер ететін екі факторды атайды – тұқымқуалаушылық және ананың тамақтануы.

Сонымен, баланың дамуына көп жағдайлар әсер етеді - орталық нерв жүйесінің жағдайы, биологиялық, әлеуметтік, тұқымқуалаушылық факторлар. БЦСА балаларға дәрігерлік көмек ана мен баланың денсаулығын сақтау заңына байланысты көрсетіледі.

Ерте нәрестелік кезеңінің баланың арықарай дамуында маңызы өте зор. Осы кезден бастап алғашқы кезектегі сақтандыру шараларын қолдана бастау тиімді. Ондай шараларға эхолалия мен эхопраксияны дамыту жатады. Қалыпты дамыған балаларда бұл феномендер алғашқы бірінші айда үлкендердің дауысын қайталау (эхолалия), қимылына, мимикасына (тілін шығару, жымию) жауап беру түрінде байқалады. Ерте жаста жақын, бөтен адамдарды ажырату, тану үлкен жетістік болып саналады. БЦСА балалар жиі қатынас жасау, сипалап, қарап, құшақтауды талап етеді және оған мұқтаж болады.

Ему актісінің күшін және ұзақтылығын дамыту, артикуляциялық мүшелердің бұлшық еттері мен белсенді қимылдарын дамытудың маңызы зор. Уілдеу, былдырлауын үлкендер қостап, белсендіру керек. Дизартрияға бейім немесе байқала бастаған баланың қимыл-қозғаласын және психикасын дамытуға бағытталған жұмыстар үйымдастыру қажет. Сөйлеуге дейінгі кезеңде түзету жұмысы ерте басталса, соғұрлым баланың қимылында, сөйлеуінде, интеллектуалдық дамуында ауытқулар, кемшіліктер аз байқалады.

Сөйлеу қимыл функцияларының қалыптасуы жалпы және қолдың моторикасымен тығыз байланысты. Бұлшық еттердің тонусы мен қимылын дамутымен қатар тактильді сезуінін (тері арқылы сезіну) дамыту қажет. Ол үшін балаға әр түрлі заттарды (тегіс, бұдыр, жұмсақ, қатты, ағаштан, темірден жасалған, т.б.) ұстатып, аузына апарып, жалатып, тістетіп ойнату керек.

Бірінші жылдан бастап сөйлеу түсінігін дамыту маңызды, көп жағдайда ол үлкендердің сөйлеу қатынасына байланысты. Күніне бірнеші рет 10-15 минут нәрестемен қатынас жасаған өте тиімді. Тілге тәрбиелеуді алғашқы жылдардан бастап, ана тілінде жүргізу керек. Бір тілде қарым-қатынас жасау интонацияның, тілдің фонетикалық құрылымының, ал кейінірек сөз бен сөзтіркестерінің тұрақты үлгілерінің қалыптасуына әсер етеді. Дизартриясы бар баламен қатынас тек ана тілінде болу қажет.

Дизартрияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің дамуы бұзылады. Мұндай жағдайда, егер бала сөйлей алмағанда да ата-аналар ыммен, жестпен сөйлеспей, баланың, өздерінің іс-әрекетін сөзбен айтып отыру керек. Сөйлеу функциясын дамыту барысында балаларды қысқа, ырғақты өлең, тақпақтарды естіп, қайталауға үйрету керек. Қайталауда дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуына көңіл бөлу қажет. Мұндай жаттығулардың мақсаты- дауыс реакцияларын, тыныс алу, аяқ-қолдың қимылымен бірге сәйкестендіру болып табылады.

Баланың сөйлеу тілін, психикасын дамытуда ойын іс-әрекеті кеңінен қолданылады. Ойыншықтарды, басқа құралдарды іріктеу, ойын процесін басқару, нұсқау беру баланың жас ерекшелігіне, жұмыс мақсатына сәйкес ойластырылады.



Екінші кезектегі шаралар.

Сөйлеу тілінің дыбыстық жағының жетілмеуі, фонематикалық процестерінің толық қалыптаспауы сөздің дыбыстық құрамын талдау мен жинақтау дағдыларын өзбетімен менгеру алғышарттарының қалыптасуын кешеуілдетеді.

Дизартриясы бар балаларда мектепке дейінгі жаста тіл кемістіктерін толық түзеткен жағдайдың өзінде жазудың (дисграфия) және оқудың (дислексия) бұзылуы кездеседі. Арнайы әдебиеттерде осыған байланысты қарапайым оқу, жазу дағдыларын 5 жастан бастап қалыптастыру қажет деген көзқарастар кездеседі. Балабақшаның ересектер мен дайындық топтарының бірінші жылында сөздің дыбыстық құрамын талдау дағдыларын менгереді. Екінші жылы әріптермен танысады. Оқыту барысында буын кестелері, ойындар (лото, домино, т.б.) қолданады. Дислексия мен дисграфияны түзету логопедиялық жұмысы жүйелі, кешенді жүргізілуі керек.

Үшінші кезектегі шаралар.

Бұл денгейдегі сақтандыру шаралары жасөспірімдердің ары қарай оқуына, кәсіби бағдарлауына байланысты. Дизартриясы бар жалпы білім беру мектепті бітірген балаларға қатал шектеу қойылмайды. Дегенмен, мамандық талдау жұмысқа орналасу мәселелерін шешуде кәсіби кеңес алудың маңызы зор.


Дизартрияны түзету жұмысына ата-аналарды жұмылдыру
Бала тәрбиесіне жанұя тарапынан жасалынатын ықпал өте зор, бұл – баршаға аян нәрсе. Ауытқуы бар бала – жанұяға тікелей тәуелді бала. Мұндай баласы бар жанұяның алдындағы міндеті де зор, ықпалы да ерекше. Бала денсаулығының қауіпсіздігіне бірінші кезекте оның ата–анасы, өз бақылауына алған дәрігерлер, орта білімді медбикелер мен логопедтер де жауапты.

Шетелдердегі кеңес беруші жауапты орындар мен АҚШ (1986) «Өте ерте кезден араласу» туралы бекітілген заңы бойынша жұмыс жасайтын белгілі мамандар ата –аналарға баланың өмірге келген алғашқы айынан бастап–ақ түзету – тәрбиелеу жұмысы барыснда нақты нұсқау береді.

Дер кезінде басталған осындай игі істердің – ауытқушылығы бар балаларды емдеу–түзету жұмысының – қарыштай дами бастауы оң нәтижелерін беруде. Дамыған мемлекеттерде арнайы оқыту баланың жеке басындағы мәселені ғана шешуге бағытталған. АҚШ мамандары ата–аналарға кеңес беру, оларды ауытқушылығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіне белсендіру жағынан мол тәжірибе жинақтаған. Шетел тәжірибелері балалар дамуын ата–ана тарапынан бақылау ісіне негізделген.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының денсайлық сақтау саласында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Мамандандырылған орталықтың атқаратын жұмысы мүмкіндігі шектеулі балаларды ата – аналармен бірлесіп емдеу–түзету жұмысының мақсатына бағытталған. Жұмыс талабы – ауытқушылығы бар бала міндетті түрде жанұямен бірге болу керек.

Даму барысында ауытқушылығы бар балаларды «Республикалық ғылыми – тәжірибелік әлеуметтік қоршаған орта мен кәсіби еңбекке бейімдеу орталығын» үлгі ретінде мысалға алуға болады.

Дәрігер мамандар мен логопедтердің бірлескен жұмысы дұрыс тыныс алу, жалпы және жеке қимыл–әрекеттерді түзету, дамыту бағытына сәйкес жоспарлануға тиіс. Дәрігер психолог–педагог тарапынан ата–аналарға берілетін көмек пен кеңес негізінде бағдарлама жасалынуда.

Түзету жұмысының негізгі өзегі жанұяға тікелей байланысты болғандықтан, жұмыс жүргізудің төмендегідей түрлері көзделеді:


  • Жанұя ықпалы (психологиялық , ақпараттық)

  • Ата – аналарды жекелей дамыту бағдарламасы бойынша түзету,

орнықтыру әдісін дамытуға қажет қосымша құралдармен қамтамасыз ету.

  • Маман ата – аналармен кеңесінде тексеру сұрақтарын беріп

отырады, жанұя мен бала жайында қосымша мәліметтер жинайды, ата–ана тарапынан туындаған түрлі сұрақтарға жауап береді.

Теориялық және әдістемелік жағынан ерекшеленген бағдарлама негізі тікелей қағидалауды қажет ететін баласы бар ата–аналарға көмек ретінде әрі ата–ананың көңілін аударып, қызығушылығын арттырып, «ауырын» жеңілдету мақсатына көзделген.. Бұл жұмыс балаға қажет көмек түрін жан –жақты талдау барысында ата – аналардың тұйыққа тірелгендігі мен салғырт жауабының салдарынан пайда болады. Логопед , психолог, тәрбиеші және ата–ананың қоян–қолтық байланысы арқылы ғана сөйлесу тілінің мүкістігін түзетуге, жеңілдетуге болады. Алайда ата–ана кейде өзіне қиындық туғызған жағдайда түрлі көмек көзіне баруға қарсы мінез танытып отырады.

Қазіргі кезде әрбәр білім беруші мекемелерде, тәрбие беруші бала–бақшаларда писхолог–педагог тарапынан берілетін кеңес, көмек түрлері аз емес. Әр облыс, қала, аудан орталығында бала кемістігін түзеу, дамыту, тәрбиелеу және жанұя дәрігерінің арнаулы бөлімдері бар.

Түзету жұмысына байланысты мемлекеттік ұйымның құрылуы педагогикалық ,дәрігерлік, экономикалық, әлеуметтік саяси мәселелердің де дұрыс әрі оңтайлы шешілуіне ықпалын тигізеді.

Орталық нерв жүйесі зақымданған балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, дамытуда ата–аналардың рөлі өте зор.

Белгілі бір кемістігі бар бала өзін қоршағандардан тек көңіл аударуын ғана емес, сонымен қатар ең бастысы – үзбей әрі жүйелі түрде дамыту, түзету барысында жүргізілетін еңбек түрін табанды түрде қажет етеді. Мұндай қасиетті олардың дүниеге келген сәтінен – ақ байқауға болады. Егер балаға көмек толығымен әрі жан – жақты түрде берілсе, сөз жоқ, еңбек өз нәтижесін беріп, мектеп табалдырығын сенімді түрде аттатуға болады. Сол себепті қажет болар білім ауқымымен, дағдымен, икемділік жайындағы мағлұматпен ата–аналарды қаруландыру ісінің маңызы зор.

Баланы дұрыс тәрбиелеуді, жақсы әдет, дағды қалыптастыруды ерте бастан ескере отырып, баланың ар–намысына, ожданына, пәк сезіміне дақ түсірмеуді ойлау керек. Әр сөзді дұрыс айтуға, өз ойын, пікірін дәл жеткізуге баулу – түзету, емдеу жұмыстарын неғұрлым ерте, нәтижелі етіп құруға, ерінбей–жалықпай еңбектене отырып, баланың өзіне деген сенімін орнату – ата–ана үшін басты мақсат болуы тиіс.

Дизартрисы бар балалармен атқарылатын жұмыс ауқымы оны түзету мен жан–жақты дамытуға байланысты қарастырылған.

Әдет пен әдепке үйрену де үй ішінде тамыр алатындықтан, ата–ана мен логопед маманның қоян–қолтық тынымсыз еңбегі ғана баланы әрі түзетеді, әрі рухани серпіліске апарады. Мұндай баланың өмірге деген құлшынысы да артады, қызығушылығы да оянады, ортада өзін еркін ұстауға да икемделеді.

Түзету жұмыстарының барлық сатысын қамтып, қояр талабын үнемі әрі жүйелі түрде орындаса ғана, логопед жұмысының нәтижесі болмақ.

Төмендегі ұсынылып отырған әдіс–тәсілдер жиынтығы жаратылысында кемістігі бар балаларды түзету барысында атқарылатын жұмыстарға сәл де болса көмек ретінде қсына отырып, белгілі бір нәтиже шығатынына сеніміміз мол.

Үй ішінде орындауға болатын жаттығулар тобы да осы мақсатқа лайықталынып алынған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет