Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


 Есту қабілеті зақымданған балалардың жеке



Pdf көрінісі
бет108/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

 
8.3. Есту қабілеті зақымданған балалардың жеке 
тҧлғалық және эмоционалды–ерікті саласының 
ерекшеліктері 
 
«Баланың  жеке  тҧлғасы,  оның  ересек  адамдармен  және 
қҧрбыларымен 
қарым-қатынасы 
ҥдерісінде, 
әлеуметтік 
тәжірибелерді  игеру  барысында  қалыптасады.  Саңырау  бала  тап 
болған әлеуметтік жағдаяттың ӛзі, оның белгілі бір жеке тҧлғалық 
белгілерінің  пайда  болуы  мен  қалыптасуында  маңызды  рӛл 
атқарады.  Ерте  сәбилік  кезінде,  есту  қабілетін  жоғалтқан  бала, 
қалыпты  еститін  баламен  салыстырғанда,  қоршаған  ортадағы 
адамдармен  қарым-қатынасының  тҥрі,  ӛзгеше  тҥрде  қалана 
бастайды.  Саңырау  баланың  жеке  тҧлғалық  дамуы    мен 
эмоционалды  саласына  әсер  ететін,  бірнеше  қолайсыз 
факторларды бӛліп алуға болады.  
Саңырау  баланың  сӛйлеу  арқылы  жасалатын  қарым-
қатынасының 
бҧзылуы, 
оны 
айналасындағы 
сӛйлейтін 
адамдардан 
бӛлектейді, 
әлеуметтік 
тәжірибелерді 
игеру 


 
146 
қиындықтарын  туғызады.  Саңырау  балалар,  ауызша  сӛйлеудің 
мәнерлі  жақтары  мен  музыканы  қабылдай  алмайды.  Сӛйлеудегі 
тежелу, олардың ӛздерінің және ӛзгелердің эмоцияларын сезінуге 
кедергі жасайды, тҧлғааралық қарым-қатынастарды қысқартады.  
Кӛркем  әдебиет  әлеміне  кеш  ену,  олардың  эмоционалды 
кҥйлерінің  жҧпыны,  жадағай  болып  қалуына  әкеп  соғады,  басқа  
адамдар  мен  кӛркем  шығарма  кейіпкерлері  ҥшін,  қайғыру  мен 
қуану сезімдерінен ада болады.  
Саңырау  балалардың  жеке  тҧлғасы  мен  эмоционалды 
саласына  мимика,  ымдау,  айқын  қимыл-қозғалыстар  сияқты,  
эмоцияны жеткізе алатын тәсілдер жақсы әсер етеді.  
Эмоционалды-ерікті саланың қалыптасуы мен жеке тҧлғалық 
дамуында  отбасы  тәрбиесінің  маңызы  зор.  Мҧндағы  тҧлға 
дамуына ықпал ететін маңызды фактор – ол ата-ананың ӛздерінің 
есту қабілеттерінің бҧзылуы немесе бҧзылмауы. Мысалы, мектеп 
жасына  дейінгі  балалардың  ата-анасы  саңырау  болса,  олар 
ӛздерінің  интеллектуалды  эмоционалды  кҥйлерін  жеткізуде,  сау 
балалардан  кем  емес,  ал  ата-анасы  еститін  саңырау  балалардың 
мінез-қҧлқындағы  эмоционалды  кӛріністер  ӛте  жҧпыны  болып 
келеді.  Саңырау  ата-аналардың,  бастауыш  сынып  жасындағы 
саңырау балалары, ӛз қҧрбыларымен анағҧрлым белсенді  қарым-
қатынас  жасайды,  білуге  қҧштар,  ӛз  достары  арасында 
басшылыққа  ҧмтылады.  Ал  еститін,  ата-аналардың  саңырау 
балалары,  керісінше,  ӛте  ҧялшақ,  белсенді  қарым-қатынастан 
қашқақтайды, жалғыз болуға тырысады.  
Саңырау ата-аналардың саңырау балаларында, жасӛспірімдік 
шаққа жеткенде, ӛздері туралы, ӛз мҥмкіндіктері мен қабілеттері 
туралы нақты мағлҧматтары болады, яғни, еститін ата-аналардың 
саңырау 
балаларына 
қарағанда, 
анағҧрлым 
адекватты 
кӛзқарастары  орнығады.  Бҧл  ерекшелік  былайша  тҥсіндіріледі: 
алғашқы  кезден-ақ,  еститін  ата-аналар  ӛздерінің  саңырау 
балаларымен  эмоционалды  қарым-қатынас  орната  алмайды, 
олардың  қажеттіліктері  мен  тілектерін  нашар  тҥсінеді,  шектен 
тыс  қамқорлық    жасап,  балаға  ӛз  бетімен  әрекет  ету  мҥмкіндігі 
мен  тәуелсіздік  бермейді.  Мҧның  барлығы,  саңырау  балаларды 
ересек  адамдарға  тәуелді  ете  тҥседі,  ебедейсіздік  (ригидтілік), 
импульсивтілік, иланғыштық пен эгоцентризм тәрізді,  теріс жеке 
тҧлғалық белгілерді қалыптастырады. Саңырау балалар ӛздерінің 


 
147 
эмоцияларына, мініз-қҧлықтарына іштен бақылау жасай алмайды, 
оларда әлеуметтік жетілу ӛте баяу жҥреді»
1
.
 
Саңырау  балалардың  бастауыш  сынып  және  жасӛспірімдік 
шақтағы,  тҧлғалық  қалыптасуына  ересек  адамдардың  жҥзеге 
асыратын  оқыту-тәрбиелеу  әдістері  кӛп  ықпал  етеді.  Олардың 
ӛздерін бағалауына, мҧғалімнің кӛзқарасы мен пікірі, тікелей әсер 
етеді.  Саңырау  балалардың  ӛздері  жағымды,  дҧрыс  деп 
есептейтін,  жеке  тҧлғалық  белгілер,  кӛп  жағдайда  оқу 
жағдаятымен  байланысты:  сабақтағы  зейінділік,  ҧқыптылық, 
еңбек  сҥйгіштік,  жақсы  ҥлгерім,  есеп  шығару  қабілеті  т.б.  Оған 
адамға тән сапалар қосылады: сезімталдық, жанашырлық т.б. 
Саңырау  балаларда,  басқа  адамдардың  эмоцияларын, 
эмоционалды  реңктерді,  жоғары  әлеуметтік  сезімдерді  ҧғыну 
қиындығы  кездеседі.  Сондай-ақ,  эмоционалды  кҥйлердің  себеп-
салдарын  нашар  тҥсінеді,  моральдық-этикалық    мағыналар  мен 
ҧғымдар кешігіп қалыптасады.  
Әрине,  бҧл  аталған  кемшіліктердің  барлығы,  тиісті 
коррекциялық  оқыту-тәрбиелеу  ҥдерісінде  тҥзетіледі  немесе 
анағҧрлым  жеңілдетіледі.  Ӛзіндік  бағалау  деңгейі  жоғарылайды, 
сыни  кӛзқарас  пайда  болады,  ӛз  мҥмкіндігіне  сәйкес  талап 
қалыптасады; 
басқа 
адамдардың 
жеке 
тҧлғалық 
және 
эмоционалды  ерекшеліктерін    дҧрыс,  әрі  нәзік  тҥрде  сезіну 
қабілеттері жетіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет