Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


   Ақыл-ойы кем балалардың тҥйсігі мен қабылдауы



Pdf көрінісі
бет118/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

9.1   Ақыл-ойы кем балалардың тҥйсігі мен қабылдауы 
 
       
------------------------------------------ 
1,2
Сәбет Бап – БабаЖантану негіздері. - Алматы: Заң әдебиеті, 2007.-Б. 143. 


 
170 
Тҥйсік  мен  қабылдау  –  қоршаған  ортаны  танудың    алғашқы 
сатысы.  Бҧл  саты  барлық  ӛмір  жолында  маңызды  болып  қала 
береді. Ақыл-ойы кем балалардың тежелген, шектелген қабылдау  
қабілеттері  оның  психикалық  даму  барысына,  орасан  зор  әсер 
етеді.  Ақыл-ойы  кем  балалардың  қабылдау  және  сезіну  
қабілеттерін,  белгілі  психологтар  И.  М.  Соловьев,  К.  И. 
Вересотская, М. М. Нудельман, Е. М. Кудрявцевалар зерттеген.  
М. 
М. 
Нудельманның 
зерттеулері, 
кӛру 
арқылы 
қабылдаудың кӛлемінің тарлығын дәлелдейді. Мысалы, терезеден 
кӛрінген 
қала 
кӛрінісінен, 
ақыл-ойы 
кем 
балалардың 
байқағандары, сау балаларға қарағанда, анағҧрлым аз болған.  
Шолып  қараудың  шектеулі  болуын,  И.  М.  Соловьев  ӛз 
зерттеулерінде  толық  сипаттайды.  Мысалы,  сау  балалар  бірден 
байқаса,  олигофрендер  біртіндеп  байқайды  деп  жазады.  Ақыл-
ойы  кем  балалар,  кӛшеде  келе  жатып,  айналасындағыны  ӛзінің 
сау  қҧрбыларына  қарағанда,  аз  байқайды.  Сондықтан,  ол  бӛтен 
жерлерде,  таныс  емес  жағдаяттарда  абыржып  қалады,  жағдайды 
бағалай  алмайды,  оқиғаның  мәнісін  аңғармайды.  Демек, 
олигофрендер 
обьектілер 
арсындағы 
қатынастар 
мен 
байланыстарды дҧрыс ҧғына алмайды. 
Ақыл-ойы  кем  балалардың    қабылдауындағы,  әсіресе 
кӛрнекті  ерекшелігі  –  психикалық  ҥдерістердің  баяулығы.  Яғни 
қандай бір затты, қҧбылысты байқау, ізденіспен, обьектіні табуға 
тырысу, қоршаған ортаның белгілі бір бӛлігіне іздене қарау, оның 
қажетсіз  бӛліктерін  назардан  тыс  қалдыру  сияқты  қабілеттің 
жоқтығы.  Сюжетті  суреттерді  қарастыра  отырып,  оның  нақты 
мазмҧнын  ажырата  алмайды.  Белсенді,  сыни  кӛзқарас, 
жағдаяттың мазмҧнын талдау  сияқты  дағдылар, бҧл  балаларда 
қиындықпен қалыптасады.  
Ақыл-ойы  кем  оқушыларды  еңбекке  баулуда,  жалпы  ой-
ӛрісін дамытуда, қабылдаудың басқа тҥрлері ҥлкен рӛл атқарады, 
мысалы,  кинестетикалық  қабылдау.  Бҧл  баланың  ӛз  денесінің 
кҥйін  кеңістікте  сезінуі.  И.  П.  Павлов  мҧндай  кинестетикалық 
немесе 
проприоцептивтік  қабылдауларды 
қимыл-қозғалыс  
анализаторларының  жҧмысы  деп  атайды.  Ақыл-ойы  кем 
балалардағы  проприоцептивтік  сезінулердің  дәл  болмауынан, 
қимыл-қозғалыстың  тепе-теңдігі  бҧзылады.  Олардың  қимыл-
қозғалыстары оқыс, аяқ-қолдары қатты сермеледі.  


 
171 
Психиканың  дамуында  есту    арқылы  қабылдау  қабілеттері, 
ӛзіндік маңызға ие. Есту  арқылы қабылдау, сӛйлеудің дамуымен 
тікелей,  әрі  тығыз  байланысты.  Егер  есту  анализаторларының  
аймағындағы    саралаушы    шартты  байланыстар  ӛте  баяу 
қалыптасса, сӛйлеудің қалыптасуы тежеледі. Бҧл ӛз кезегінде ой-
ӛрістің  дамуын  тежейді.  Жҥйке  жҥйесінде  кемістігі  бар,  барлық 
балалардың  дерлік  сӛйлеудегі  дыбыстарды  ажырату  қабілеттері 
ӛте  кеш,  әрі  қиындықпен  қалыптасады.  Миы  зақымданған 
балалардың  арасында,  есту  анализаторы  әсіресе,  қатты  зардап 
шеккендері  кездеседі.  Кейде,  мҧндай  балаларды  ақыл-ойы  кем 
балалармен  шатастыруға  болады.  Сондықтан,  есту  арқылы  
қабылдау  қабілетін,  арнайы  әдістемелердің  кӛмегімен  анықтау 
қажет.  Мҧндай  тексерулер,  нағыз  ақыл-ойы  кемістігін,  есту 
арқылы  қабылдау  кемістігімен  байланысты,  екінші  кемістіктен 
айырып  алуға  мҥмкіндік  жасайды.  Есту  арқылы  қабылдау,  тек 
сӛйлеудің  дамуына  ғана  емес,  сонымен  бірге,  сан  алуан 
дыбыстардан  тҧратын,  қоршаған  ортаны  сол  кҥйінде    дҧрыс 
қабылдауға  тікелей  әсер  етеді.  Егер  осы  тҥрлі  дыбыстардан 
қҧралған  ӛмірді,  баланың  дҧрыс  қабылдауға  мҥмкіндігі  болмаса, 
оның айналаны бағдарлай алмауына таңдануға болмайды.  
Уақыт  пен  кеңістікті  қабылдау  қабілеттері,  айналаны 
бағдарлауда  ӛте  маңызды.  Егер  сыртқы  ортаны  қабылдау 
«жолдары»  арқылы  алынатын    мәліметтер,  бала  санасына    еніп,  
қалыптасатын  болса,  онда  мҧндай  «жолдары»  ӛте  тар,  қиын 
болып  келетін,  ақыл-ойы  кем  балалардың  алатын  мағлҧматтары 
ӛте  аз,  анық  емес,  тҥсініксіз  болатындығына  кҥмән  жоқ.  Бҧл 
жерде  Л.  С.  Выготскийдің  ақыл-ойы  кемістігінің  алғашқы 
(ядролық) және екінші симптомы туралы пікірінің мәні ашылады. 
Нашар  сезіну  мен  қабылдау  нағыз  ӛзекті  симптомдард  болып 
табылады.  Олар  жоғары  психикалық  ҥдерістерді  тежейді, 
баяулатады,  әсіресе  ойлау  қабілеті  қатты  зардап  шегеді.  Ақыл-
ойы  кем  оқушылардың  сезінулері  мен  қабылдауындағы  барлық 
кемшіліктер  мен  ерекшеліктер  арнайы  мектептептердегі  оқыту-
тәрбиелеу  ҥдерісінде  жеңілдейтін  немесе  орны  толтырылатын, 
салыстырмалы эксперименталды зерттеулерде  дәлелденеді. 
Тҥйсіну  мен  қабылдаудың  дамуы,  ЖЖЖ  қызметінің 
біртіндеп  орнына  келуінің  кӛмегімен  спонтанды  тҥрде  дамуы 
мҥмкін.  Осыған  орай,  жҥйке  ҥдерістері  анағҧрлым  икемделіп, 


 
172 
кҥшейе  бастайды,  сезіну  мен  қабылдау  қарқыны  жылдамдайды. 
Психикалық  ҥдерістерді  дамытуда,  ең  алдымен,  мектептегі  оқу 
бағдарламасы  септігін  тигізеді  Ол  тек  оқу  ғана  емес, 
топсаяхаттар,  серуендер,  әртҥрлі  шаралар,  ойындар,  т.б.  Ӛмірлік 
тәжірибесі  молайған  балалардың  дҥниетанымдары  кеңейеді, 
мағлҧматтары  кӛбейеді.  Айналаны  тану  –  қабылдау  мен  сезіну 
сапасын жоғарылатудың негізгі жолы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет