Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


  ПДТ балалардың есте сақтау ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет141/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

11.2.  ПДТ балалардың есте сақтау ерекшеліктері 
 
 Келіп  тҥскен  ақпаратты  есте  сақтаудың  онтогенетикалық 
ерте тҥрі – ырықсыз есте сақтау. Ол мектепке дейінгі жаста, естің 
жалғыз тҥрі болып есептеледі.  
ПДТ  балалардың  есте  сақтау  қабілетінің  бҧл  тҥрінде, 
танымдық  белсенділіктің  тӛмендігімен  байланысты,  белгілі  бір 
кемшіліктер  болады.  Т.  В.  Егорова  ӛзінің  тәжірибесінде,  ПДТ 
бастауыш  сынып  оқушыларына,  мынадай  тапсырма  береді: 
суреттерде  берілген  заттарды  есте  сақтап,  бас  әрпіне  қарай, 
бірнеше топтарға бӛлуді тҥсіндіреді. Тәжірибе қорытындысы, бҧл 
балалардың  тапсырманы  орындауға,  жоғары  нәтиже  алуға  
қызығушылық  танытпағанын,  есте  сақтау  қабілеттерінің 
тӛмендігін  кӛрсеткен.  Балалар  кӛрсетілген  суреттерді  ҧмытып 
қалып,  қажетті  әріпке,  ойдан  алынған  басқа  сӛздерді 
орналастырған. Н. Г. Поддубная, ырықсыз есте сақтау қабілетінің
орындалатын  тапсырмаға  байланыстылығын  айтады.  Мысалы, 
вербальды  тапсырмадан  гӛрі,  кӛрнекі,  қолға  ҧстауға  болатын 
материалмен  жҧмыс  істеу,  анағҧрлым  қызықты  болатындығын 
дәлелдейді.  


 
210 
Есте  сақтау  қабілетінің  бҧл  тҥрі,  логикалық  тәсілдермен 
мақсатты тҥрде жҥзеге асады және баланың қолайлы психикалық 
даму  қҧрылымында,  жҥйелі  оқуға  негіз  ретінде  басты  орынды 
иеленеді.  ПДТ  балаларға,    жоғарыда  аталған  заңдылық  қатысты 
болады!:  сӛздік  материалдан  гӛрі,  кӛрнекі  материал,  анағҧрлым 
жақсы есте сақталады. Есте сақтау кӛрсеткіші, басқа психикалық 
кӛрсеткіштер  сияқты,  қалыпты  балалар  мен  ақыл-ойы  кем 
балалар кӛрсеткішінің аралығын кӛрсетеді.
 
ПДТ  балалардың  мнемникалық  әрекеті,  тек  тҥрлі 
мнемотехникаларды іздестірудегі тӛмен белсенділікпен ғана емес
ӛздерінде  бар  әлеуетті  мҥмкіндіктерді  пайдалана  алмаумен 
сипатталады.  Мысалы,  материалды  есте  сақтаудың  тиімді  жолы 
ретінде,  ортақ  белгілеріне  қарай,  топтап  алу.  Заттарды  т.б. 
ситуативтік  белгілеріне  қарай,  топтастырудың  тиімді  тәсілін 
ҥйреткен  соң,  балалардың  есте  сақтау  кӛрсеткіштері  едәуір 
жоғарылап,  тіпті  қалыпты  балалар  кӛрсеткіштерінен  жоғары 
болған.  Демек  коррекциялық  жҧмыстар  ӛз  нәтижесін  кӛрсеткен: 
ПДТ  балаларды  мнеминкалық  әрекеттің  тҥрлі    жолдарына 
ҥйретуге болады. 
Механикалық  ес  биологиялық,  психологиялық,  бірқатар 
факторларға байланысты: психоорганикалық синдромнан бастап, 
іс-әрекетке  деген  баланың  қызғушылығына  дейін.т.б.  ПДТ 
балалардың  механикалық  есінің  кемшілігі,  қысқа  уақытты  есте 
сақтау  тҥрін  тексеруден  анықталған:  есте  сақтауға  тырысудың 
алғашқы  қадамындағы  нәтиже  ӛте  тӛмен  болған;  есте  сақтау 
кӛлемінің  аздығы;  ес  ӛнімділігінің  тӛмен  деңгейі;  есте  сақтауға 
берілетін уақыттың ҧзартылуын қажет етуі. 
Жалпы  алғанда,  мақсатты  тҥрде  жҥргізілген  коррекциялық 
жҧмыстар,  есте  сақтаудың  арнайы  тәсілдеріне  ҥйрету  бҧл 
балалардың  мнемникалық  әрекеттерін  анағҧрлым  жақсарта 
алады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет