41
«Ауытқулы дамудың алғашқы ғылыми технологияларының
бірі ретінде, Л. С. Выготский ҧсынған классификацияны атауға
болады. Ол негізгі ҥш кемістік: қабылдаушы мҥшелердің
жетілмеуі немесе зақымдануы (соқырлық, саңыраулық, соқыр–
саңыраулық), жауап беруші аппараттың кемшілігі
немесе
зақымдануы (мҥгедек), орталық жҥйке жҥйесінің кемістігі немесе
зақымдануы (ақыл-ойдың кемдігі). Қазіргі кездегі психикалық
дизонтогенез тҥрлерінің кең таралған классификациясы, В. В.
Лебединский ҧсынған дизонтегнез классификациясы, Л. С.
Выготский, Г. Е. Сухарева, В. В. Ковалев, Л. Каннер сияқты
ғалымдардың зерттеулері негізінде жасалған:
ретардация (тежелген даму) – барлық психикалық немесе
жеке компоненттер дамуының
кешігуі немесе тоқтап қалуы;
жетілу дисфункциясы орталық жҥйке жҥйесінің
морфофункциональды жасқа сай жетілмеумен және жетілмеген
ми қҧрылымдары мен қызметінің, сыртқы ортадан келетін
зиянды факторлармен ӛзара әрекетімен байланысы.
зақымданған даму – қандай да бір аназизаторлық жҥйенің
немесе ми қҧрылымының жеке
зақымдануы;
асинхрония (бҧрмаланған даму) – бір қызметтердің ерте
жетілуі, келесі бір қызметтердің керісінше кеш жетілу
қарқынынынан кӛрінетін, диспропорциональды психикалық даму.
В.
В.
Лебединскийдің
психикалық
дизонтогенезді
классификациялауы, келесі нҧсқаларға бӛлінеді:
І топқа ретардация типіндегі ауытқулар мен жетілу
дисфункциясы жатады:
Жетілмей қалу – мидың ерте кезеңдегі, органикалық
зақымдануы нәтижесінде, барлық қызметтер дамуындағы жалпы
жетіспеушілік (ең алдымен – ҥлкен жартышарлар қабығында).
Зақымданудың тегі тҧқым қуалауы мҥмкін (эндогендік) немесе
қҧрсақтағы кезеңде, туу кезінде, ерте жаста әсер ететін сыртқы
(экзогендік) факторлар нәтижесінде болуы мҥмкін. Жетілмей
қалудың кӛрнекті мысалы ретінде, ақыл-ойдың кемдігінің кең
таралған тҥрі – олигофренияны алуға болады.
Тежелген даму – танымдық және эмоционалды салалардың
қалыптасу қарқынының баяулығы, ерте жас кезеңдеріндегі
деңгейде уақытша тҧрақтап қалуы. Тежелген психикалық даму,
42
генетикалық факторлардың, ҧзақ уақыттық науқастардың,
тәрбиедегі жағымсыз жағдайлардың салдарынан болуы мҥмкін.
Сонымен қатар, инфантилизмнің тҥрлі формаларында кӛрінеді.
ІІ топқа
зақымдану типіндегі ауытқулар жатады:
Достарыңызбен бөлісу: